«Мәдениеттану» пәні бойынша


Дәріс кешені (дәріс тезисі)



бет3/19
Дата14.09.2023
өлшемі357,5 Kb.
#107219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
«М дениеттану» п ні бойынша (1)

8. Дәріс кешені (дәріс тезисі)
1 тақырып: Мәдениет морфологиясы.
Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының көптүрлілігі. Мәдениетті аксиологиялық, өркениеттік, құрылымдық, антропологиялық, экономикалық түсіндіру. Теориялық ыңғайларды шолу: Ф. Боас, Л. Уайт, З. Фрейд, К. Леви-Стросс, К. Маркс, Э. Тайлор, О. Шпенглер, А. Тойнби, Л. Гумилев, П. Сорокин, С. Хантингтон және т.б.
Ғылыми пән ретіндегі мәдениеттану тарихы: теориялық ыңғайлар генезисі, іргелі және қолданбалы мәдениеттану, мәдениетті зерттеудің пәнаралық сипаты, мәдениет философиясы, теориясы мен әлеуметтануы, мәдени және әлеуметтік антропология, мәдениет тарихы. Мәдениет зерттеулеріндегі жаһандық, глокальды және жергіліктік ыңғайлар.
Мәдениет морфологиясы: мәдениеттің кеңістігі мен уақыты, мәдениеттің негізгі бөлшектері мен паттерндері. Мәдениетке диахронды және синхронды ыңғайлар. Мәдениет кеңістігінің ерекшелігі. Архаикалық мәдениеттің негізгі өлшемдері мен отырықшы және көшпелі мәдениеттер арасындағы бөлінгіштік (дихотомиялар). Материалдық және рухани мәдениет. Мәдени формалар мен артефактілердің олардың әлеуметтік, тарихи, географиялық бөлінуіне қарай өзгеруі.
Мәдениет типологиясы: мәдениет типі түсінігі, мәдениеттердің тарихи типологиясы, сызықтық және жергілікті ыңғай. құрылымдар. Мәдениет формаларының көптүрлілігі. Еуроорталықтық және мәдениеттер типологиясы: оң және теріс тұстары. Шығыс және батыс. Солтүстік және оңтүстік. Мәдениет және өркениет.
2 тақырып: Мәдениет тілі.
Мәдениет белгілер мен мәндер әлемі ретінде. Мәдениетті ақпараттық-семиотикалық түсіну. Мәдениет артефактілер әлемі ретінде. Мәдениет мағыналар әлемі ретінде. Мағыналардың түрлері. Мәдениет белгілер әлемі ретінде. Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы. Белгілер мен белгілер жүйесінің негізгі типтері. Табиғи белгілер. Қызметтік белгілер. Иконалық белгілер.
Вербалды-белгілік жүйелер – табиғи шынайы тілдер. Тіл – қарым-қатынас және мәдениетті тарату тәсілі ретінде. Тіл және ойлау. Тілдің когнитивті қызметтері. Сепир-Уорф гипотезасы. Мәдениет тілі түсінігі. Мәдениет тілі мәдениет болмысының тәсілі ретінде. Әлемнің тілдік бейнесі. Мәдениет тілі белгілер жүйесі ретінде. Мәдениет тілі семиотикалық жүйе ретінде. Жасанды тілдер және олардың мәдениет дамуындағы рөлі. Сандық мәдениет тілі. Тілдердің әлеуметтік-мәдени дифференциациясы (бөлінуі). Қазақ тілі және оның тұлғаның мәдени-этникалық бірегейленуіндегі рөлі. Қазақ тілінің мәдени кеңістігі. Қазақ тілінің коммуникативтік қызметтері. Жалпы қабылданған тілдік нормалар. Ұлттың мәдени кодының сақталуындағы қазақ тілінің рөлі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет