Мәдениеттану Публикация учебных и научных материалов презентаций в Pdf формате на веб- ресурсах КазНУ



Pdf көрінісі
бет22/49
Дата31.10.2022
өлшемі1,45 Mb.
#46386
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49
Байланысты:
Дәріс- Мәдениеттану- ГТХ

 Дәрістің сұрақтары:
1.Мифология түсінігіне байланысты ғылыми анықтама 
2. Ортағасырлық көшпелі дүниетаным негізі 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
1 сұрақ. Мифология түсінігіне байланысты ғылыми анықтама. 
Қазақ 
халқының 
тұрмыс-тіршілігі, 
салт-санасына, 
рәміздеріне 
байланысты туған мифологиясы ұлттық дүниетаныммен, көшпелі өмір 
салтымен байланысты. Қазақ дүниетанымындағы мифологияға 


байланысты түсініктері әу баста халқымыздың мал бағу кәсібі мен 
диқаншылық өміріне байланысты туған. Әсіресе, жыл мерзімдерін 
белгілеу мен ауа райының болашағын болжау қоғам тіршілігіне тікелей 
қатысты болды. Дүниетанымның неғұрлым көне түрі ретінде халық 
мифтері әрбір халықтың рухани мәдениеті тарихында, оның адамгершілік 
және эстетикалық тәрбиесінде айрықша орын алады. Мифология 
ұғымдарының дәстүрлі ұлттық сипаты алдымен фольклорда сақталған. 
Ежелгі мифтерден бастап эпостық жырларға дейін, наным-сенім 
өлеңдерінен қазіргі әңгімеге дейін халықтың уақыт пен кеңістік туралы 
түсініктері сан-тарау кезеңдерді бастан кешірді. Көркемдік ойлаудың 
тарихын уақыт пен кеңістік туралы ұғымдардың қалыптасу тарихынан 
бөліп алуға болмайды.
Мифологияға тек қана бір халықтың немесе туысқан халықтардың 
шеңберінде ғана дамитын құбылыс ретінде емес, ареалды құбылыс ретінде 
қараудың қажеттігі айқын болып отыр. Әртүрлі халықтар мәдениетінің 
ұқсастығы олардың тіршілік ету аймағынан, географиялық ортасынан 
туындайды. Орасан зор Еуразия далаларындағы халықтар мифтерінің 
жақындығы күмән тудырмайды. Орасан зор аймақта мыңдаған жылдар 
бойы өмір сүрген, тіпті әртүрлі тілдік рәміздерге жататын халықтар мен 
тайпалар бір-бірімен араласып, кейде толығымен сіңісіп кетіп отырды.
Қоғамдық тарихи процестердің динамикасын да ескермеуге болмайды, 
мысалы, белгілі бір халықтың отырықшылыққа көшу деңгейі, 
шаруашылық-мәдени өмірдің өзгеруіне ғана алып келген жоқ
дүниетанымын да өзгертіп, ол мәдениетте көрініс берді. Алайда бұл 
салалардың даму бағыттары әр түрлі болды.
Ежелгі миф-аңыздар алғашқы адамдардың тіршілігінің маңызды 
белгісіндей, олардың символдық (рәміздік) мазмұны арқылы адамзат 
қоршаған ортаны және уақытты әрі игерді, әрі түсінді. «Мифология, – деп 
жазады А. Қасымжанов, – алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші 
бөлінбеген формасы. Мұнда поэзия мен ғылымның, дін мен моральдың, 
рационалды әсердің элементтері бар».
Миф алғашқы адамдар тіршілігінің ажырамас бір бөлігі болып 
табылады. Миф дегеніміз ойдан шығарылған қиял да, ғылыми қағида да, 
символикалық таңба да, діни сенім де емес. Ол – сөз құдіретіне ие болған 
мәдени тұлғаның тарихы (уақыты). Мифтік уақыт туралы сөз қозғағанда 
оның жазусыз мәдениетпен бітісе қалыптасқанын ескеру керек. Мифтік 
түсініктерге, болжамдарға, көріпкелдік пен сәуегейлікке арқа сүйеген 
жазусыз мәдениет өз пиғылын жеке адамның еркінен тыс жағдайда жүзеге 
асырады. Ұжымдық тәжірибе мен әдет-ғұрыпты арқау еткен қоғамның 
куатты болжау мәдениеті болуы шарт, ал бұл табиғатты, әсіресе, аспан 
шырақтарын бақылауды міндетті түрде ынталандыра отырып, осыған 
байланысты теориялық танымнын өркендеуіне алып келеді. Мифтік 
танымның уақыт пен кеңістікті игеру құралы екендігін көреміз. Жазулы 
ақпарат жоқ кезде миф оның қызметін атқарған, адам мен дүниенің 
дәнекері болған. Кейін құдай адамдарға кітап (Інжіл, Құран, Библия) 


сыйлаған соң, мифтік дүниетанымды дін мен философия ығыстырды. Бірақ 
ол уақыт ағынында жоғалып кетпей, баспананы көмескі сана мен 
архетиптік жадыдан табады. 
К. Леви-Строс зерттеулері негізінде бұл теориялық ұйғарымдардың 
дұрыстығына, Көне Шығыс қолжазбаларын ашыуға бағытталған мамандар 
әрекетіндегі қиындықтар дәлел бола алады. Олар, Х. Гютербок, Э. Ларош 
және басқа да ғалымдардың соңғы жылдары жазылған еңбектері 
көрсеткендей, сол сыналық жазудағы ерекше мәтіндер аккад және хуррид 
музыкалық сына жазулары болып шықты. 
Музыка мен мифті салыстыра келе, К. Леви-Строс кейінгі еңбектерінде 
Вагнерді өзінің ізашары ретінде атап өтеді. С.М. Эйзенштейн Вагнердің 
«Валькирия» операсын 1940 жылы Үлкен театрдың сахнасында қоюында 
мифологиялық ойлау стиліне ену мақсатында «Мифтің жүзеге асуы» деген 
өз мақаласын жазады. Жер бетінде адамзат жоғалып кеткеннен кейін, 
онда 
пайда 
болған 
археологтарды 
және 
олардың 
біздің 
кітапханаларымыздың орнында жүргізіп жатқан қазба жұмыстарын 
елестетейік. Бұл археологтарға біздің жазуымыз мүлдем таныс емес, бірақ 
олар оны шешкісі келсін. Бұл үшін алдын ала біздің сондай ойда және 
жоғарыдан төмен қарай жазатынымыз анықталуы тиіс. Бірақ осы 
жаңалықтан кейін де кітаптардың бір бөлігі оқылмай қалады. Бұлар, 
музыка бөлімінде сақталған, оркестр партитуралары болып шығады. Басқа 
планетадан келгендер нота жолдарын жоғарыдан төменге қарай 
әдеттегідей оқығысы келеді, бірақ олар нота топтарының кезекпе-кезек 
жартылай немесе толық уақыт интервалдары арқылы қайталанатынын 
және бір-бірінен қашықтықта тұрған кейбір әуендік сөйлемшелердің ұқсас 
екендігін байқайды. Бұл жағдайда, мүмкін, олардың ойына осы әуендік 
сөйлемшелерді бірінің артынан бірін емес, ал тұтастықтың бір бөлігі 
ретінде қарастыру, тұтасынан қамту керек екендігі келеді. Сонда олар, біз 
үйлесімділік деп атайтын, ұстынды ашады. Оркестрлік партитура, қашан 
оны бір осі бойынша диахронды (парақтан кейін парақ, солдан оңға қарай) 
оқығанда және сонымен бірге басқа осі бойынша синхронды, жоғарыдан 
төмен оқығанда ғана мағыналы. Басқаша айтқанда, бір тік сызықта тұрған, 
барлық ноталар үлкен құрастырушы бірлікті, немесе қатынастар шоғырын 
өзімен көрсетеді (Леви-Строс К. Құрылымдық антропология // Әлемдік 
философиялық мұра. Батыстың классикалық емес философиясы. – 
Алматы: Жазушы, 2006. – Т. 12. - 462-489 бб.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет