Мәдениеттану Публикация учебных и научных материалов презентаций в Pdf формате на веб- ресурсах КазНУ


 сұрақ.Заманауи мәдениеттанудағы типологиялар



Pdf көрінісі
бет13/49
Дата31.10.2022
өлшемі1,45 Mb.
#46386
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49
Байланысты:
Дәріс- Мәдениеттану- ГТХ

2 сұрақ.Заманауи мәдениеттанудағы типологиялар 
Қазіргі мәдениеттануда типологияның бірнеше баламасы қабылданған. 
Бүл жерде шешуді қажет ететін мәселе — медени типтердің өзара 
байланысы. Дүниежүзілік түтас мәдениеттер эволюциясы бар ма, әлде әрбір 
мәдениет оқшау, бір-бірімен алшақтап кете ме? Осы мәдени типтердің 


тарихтағы салмағы, оның қосқан үлесі қандай? Неліктен адамзат да-муында 
белгілі бір мәдени тип алға озып шығады? Ал бүрын гүлденгені, неге кейін 
солып қалады? Осындай сұрақтарды жалғастыра беруге болады. Енді соларға 
түсіндірмелерді іздестіріп көрейік. 
Осы мәселе бойынша мәдениеттануда негізінен үш бағытты бөліп алуға 
болады. XІX ғасыр тарих тұрғысынан мәдениет типтерін негізінен біртүтас 
дүниежүзілік өркениеттің қалыптастыру заңдылықтарына сәйкестендіре 
шешті. Дарвинистік эволюциялық ілім ықпалымен пайда болған бір 
бағыттық прогрессивтік мәдени даму түжырымдамасы бойынша әртүрлі 
өркениет жоқ. Тек бір өркениет бар және де барлық дамыған елдер 
мөдениеттің үқсас сатыларынан өтеді. Бұлай ойлау, әсіресе, марксизм 
ілімінде анық айтылған (қоғамдық-экономикалық формациялар, спираль 
түрінде даму идеялары). Гегель философиясындағы жалпыламалықтың 
жекелерден жоғары түрып, оларға үстемдік ету принципі мәдениет 
типтеріндегі өзіндік ерекшеліктерді елемеуге әкеліп соқты. 
XІX ғасырдың екінші жартысынан басталған бетбұрыс осы мәселеге де оз 
әсерін тигізді. Мәдениеттегі ортақ даму заңды-лықтарын логикалық 
түрғыдан талдаудың орнына әрбір "өркениеттіңң көркем өмірбаянын 
суреттеу алдынғы қатарға шықты. 
Ресейде де бұл идея XІX ғасырда терең тамыр жайған. Осы ретте 
орыстың белгілі мәдениет тарихын зерттеушісі Н.Я. Данилевскийдің тарихи-
мәдени тип іліміне қысқаша тоқталып өтейік. Ол өзінің «Ресей және Еуропа» 
атты шығармасында тарихта 13 мәдени типтің болғанын атап өтеді. Осы 
тарихи-мәдени типтердің арасынан біз түркі халықтарын таба алмаймыз. О. 
Шпенглер сияқты Н. Данилевский де «Орталық Азия халықтары варварлық 
сатыдан шыға алмадың деген еуроорталықтық көзқарас шеңберінде қалып 
қойған. 
Әрбір мәдени-тарихи тип окшау организм тәрізді болған-дықтан, 
олардың бір-біріне қарым-қатынасы шектелген, араларында шынайы 
сүхбаттасу (диалог) мүмкін емес. Н. Данилевскийдің пікірінше, үлттық 
мәдениеттер шығармашылық (творчестволық) және қатып-семіп қалғандар 
(реликтілік) болып бөлінеді. Тарихи қозғалыс нөтижесінде кейбір мөдениет 
алға озып шығады да, басқалары оларға этнографиялық материал болудан 
озгеге жарамайды. Жалпы қалыптасқан мәдениет шамамен 1500 жылдай омір 
сүреді. Оның 1000 жылын қалып-тасу, нәр жинау, басқалардан оқшаулануды 
қамтитын этно-графиялық кезеңі алса, 400 жыл мемлекеттік кезеңге жатады. 
Тек соңғы 50—100 жыл ішінде тарихи-мәдени тип өзін көрсетеді, тарихта із 
қалдырады. Бүл кезеңді Н. Данилевский оркениет деп атайды. Бірақ өркениет 
түбінде этностық мәдениетке орны толмайтын нүқсан келтіреді, оның 
архетиптік озегін жегідей жейді. 
Әрине, Н. Данилевский тарихи-мәдени типтердің арасында-ғы байланысты 
мүлдем жоққа шығара алмайды. Оның пікірінше, мәдениеттердің 
арақатынасының 3 түрі бар: 
• а) жою, тазарту (мысалы, еуропалықтардың Америкадағы үндістер 
өркениеттерін мүлдем қүртып жіберуі); 


• ө) будандастыру (І Петрдің еуропалық мәдениетті орыс жеріне енгізуі); 
• б) тыңайту (мәдениет өзінің негізін сақтап, басқалардың нәрімен 
толығады). Жалпы алғанда кәптеген тың пікір айтқа-нымен, Н. Данилевский 
мәдениеттер түтастығын жеткілікті ескермейді. 
XX ғасырдың екінші жартысынан бастап адамзат ғасырлар 5ойы 
қалыптасқан, алайда жаугершілік пен алапат соғыстардың саддарынан жиі-
жиі үзіліп қалған өзінің бірыңғай мәдеі бірлігін қалпына келтіре бастайды. 
Бүкілпланеталық түтасть: идеясы гуманист ойшылдарды тарихтың ішкі 
мәнісін замаңдг сабақтастығынан іздеуге үмтылдырды. Мәдени оқшаулық 
тес риялары өз орнын адамзат өркениеті дамуының біртүтастығ: жайындағы 
ілімдерге бере бастады. Осылардың ішінде белгу философ-экзистенциалист 
Карл Ясперстің (1883—1969 белдеулік (осьтік) уақыт ілімі ерекше орын 
алады. 
К. Ясперстін пікірінше, адамзат біртұтас күйде пайда бол ган, негізгі 
даму бағыты ортақ және тағдыры мен болашағы үқсас Жалпыадамдық 
мәдениет пен еркениеттің қалыптасуыш шешуші әсер еткен фактор — 
тарихтағы рухани даму, қүдай-лық сенімнің адамдарды баурап алуы. Бірақ 
өрбір дүниежүзілік немесе үлттық дін өзара таластың салдарынан 
жалпыадамдық наным мен сананы қалыптастыра алмады. Оны тек қана 
«дүниежүзілік тарихтың белдеулік уақытындаң пайда болған философиялық 
сенім түжырымдады. Бұл — шамамен б.э.б. 800 және 200 жылдарды 
қамтитын уақыт. Осы кезде планетамыз-дың әр жерінде (Қытайда, 
Үндістанда, Персия мен Палестина-да, Ежелгі Грекияда) рухани қопарылыс 
болып, казіргі адам типі қалыптасты. «Бүл уақытта, — дейді К. Ясперс одан 
әрі, — кере-мет қүбылыстар болып жатты. Қытайда Конфуций мен Лао-цзы 
омір сүрді. Мо-цзы, Чжун-цзы, Ле-цзы және тағы да копте-ген философтар өз 
ойларын дамытты. Үндістанда Упанишадтар пайда болып, Будда өмір сүрді. 
Осы екі елде де адамзаттың бар-лық тағдырлық мәселелері пайымдалып, 
бабына жетті; Ираңда Заратуштра жақсылық пен зүлымдықтың арасында 
толассыз күрес жүретін әлем туралы оз ілімін уағыздады; Палестинадан 
Илия, Исайя, Иеремия және Екінші Исайя пайғамбарлар шықты; ал Грекия — 
бұл Гомер мен Парменид, Гераклит, Платон тәрізді философтардың, 
Фукидид пен Архимед сияқты трагиктердің уақытың. 
К. Ясперс ертедегі үлы мөдениеттердің пайда болуын адам-ның озінің 
әлсіздігін сезініп, осы жағдайдан қүтылу үшін руха-ни күреске шығуы 
арқылы түсіндіреді. Адамзаттың рухани бірлігі идеясын К. Ясперс 
мәдениеттер типологиясын талдауға негіз етіп алған. Оны нақтылы көрсету 
мақсатымен төмендегідей кестені «Тарихтың түп-тамырлары және оның 
мақсатың шы-гармасында үсынады. 
Шығыс Ренессансының талай елдерді камтыған және 500 жылдан артық 
өркендеген типі мұсылмандық мәдени өрлеу дәуірі екендігі белгілі. Оның әл-
Киңди, әл-Фараби, ибн-Сина, Фирдауси, Ж. Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, 
Омар Хайям сияқты өкілдерінің рухани мұрасын меңгермей, қазір мәдениетті 
адам деп есептелу қиын. Бұл жерде осы ұлы құбылыстың мүсыл-мандықпен 
қатыеы қанша деген сұрақ заңды туады. Оның негізі Арабтар Орта Азия 


жерін 712 жылдан бастап жаулап алды. Осының нәтижесінде бүкіл афро-
еуразиялық даланы біріктірген ортақ мәдениет қалыптасуына мүмкіндік 
туды. Бүл жағынан алғанда ислам діні осы елдердегі мәдениеттерді 
араластырып қорытып жаңа үлгі шығаруға себепкер болды. Арабтар жаулап 
алған көптеген елдерде (әсіресе, Иран, Үндістан, Египет, Сирия) бүрынғы 
эллинистік өркениеттің рухы жоғалмап едд.
Бұрыннан Орта Азиямен тығыз байланысты Қазақстан жеріне де ислам 
өз өсерін тигізді. Еліміздегі коптеген түрік тайпалары-ның мемлекеттік 
бірлестіктері ислам дінін бірден қабылдама-ған. Қарахандар мемлекетінде 
мүсылман дінін алғашқы қабылдаған қаған Сатук, ал оның баласы Мұса 955 
жылы исламды Қарахандар мемлекетінің ресми діні деп жариялады. X 
ғасырда оғыздар мен кыпшақтардың да бірталай болігі мұсылмандыққа отті. 
Жалпы алғанда, исламды қабылдау Қазақстан жеріндегі тайпалардың сол 
кездегі озық мәдениеттерге қосылуына мүмкіндік берді. 
Осы кезден басталған мәдени өркендеуге мүсылманның ру-хани 
оміріндегі екі бағыттың бір-бірімен тайталасы Қазақстан жерінде де өзінің 
терең әсерін қалдырды. Бірінші бағыт Пла-тон, Аристотель сияқты грек 
философтарына сүйенген Шығыс перипатетикасымен байланысты. Оның 
негізін салушы — дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі 
екінші үстазы, ежелгі Отырар қаласында туған Әбунасыр Мұхаммед ибн 
Мүхаммед ибн Тархан ибн әл-Фараби ат-Түрки. Әл-Фарабидің рухани 
мүрасы қазақстандық және басқа ғалымдар тарапынан ойдағыдай зерттелген. 
Ал әл-Фарабидің озі зерттеу жүргізбеген ғылым мен мәдениет саласы жоқ, Б. 
Ғафуровтың есебі бойынша, ол 200-ден астам трактат жазған. Әл-Фараби 
өзінің трактаттарын сол замаңдағы рухани-ғылыми кұрал са-налған араб 
тілінде жазғанымен, өз отанының ғасырлар бойы қалыптасқан мөдениетінен 
әрқашан нәр алып отырған. Әл-Фарабидің ұлылығы оның өз отанының 
мәдени көңіл-қалпына ирандық, үнділік жөне антикалық мәдениеттерді 
үштастыра білуі. 
Әл-Фарабидің мәдениет туралы пікірлері негізінен араб мәдениетінің 
мына 4 тармағына байланысты: 1. Хақиқат (бір Алланың ақиқаттығын 
дәлелдеу). 2. Шариғат (мүсылмандық түрмыс-салт заңдары). 3. Тарихат 
(Аллаға қызмет өткен әулиелер өмірі). 4. Маарифат (білімділік, парасаттылық 
идеялары). 
Мыңжылдар тарихы бар Иран өркениетін бүл елді жаулап алған арабтар, 
осы мәдениеттегі өте терең парсылық әдебиетті меңгеру жолын әдеп деп 
түсінді. Әдепке жататын шығармалар өзінің қарапайымдылығымен, 
түсініктілігімен, ой үшқырлығы-мен адамды баурап алады. Әдепті адам 
ілімін әл-Фараби өзіне тән гуманистік түрғыдан қарастырады және осыңдай 
адамдағы бірінші қасиет деп оның парасаттылығын көрсетеді. Оның шы-
ғармаларында кездесетін адамды «хайуани ақлиң (ақылды жан) деп анықтау 
кейінгі еуропалық ағартушылықтағы Ното заріеш-ке сабақтас. Ақылды 
жанмен қатар әл-Фараби еңбектерінде адамды «Хайуани маданиң 
(мәдениетті жан) деп анықтаудың да терең сыры бар. 


Осыңдай түлғалық деңгейге ең алдымен ел басшысы көтерілуі керек. Ол 
өзінің аңдағыш қасиеті арқасында дана, философ, кемеңгер, парасат иесі 
болып шығады, ал оның қиялдау қабілетіне қасиет дарыған адам пайғамбар, 
сәуегей және өмірдегі оқиғаларды түсінгіш, білгір болып көрінеді, — міне, 
осының бәрі оның тәңірілікті танып білетін болмысының шарапаты. 
Мәдениетті адам тәрбиелеу мәселелерін әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала 
түрғындарының көзқарастары туралың, «Бақыт жолын сілтеуң, «Ақыддың 
мәні туралың, «Данышпандықтың інжу-маржаның, «Бақытқа жету жайындаң 
ж.т.б. трактаттарында жан-жақты талдаған. Оның жиі қолданатын үғымы — 
«қала». Қаланы әл-Фара-би жай ғана қоныс, түрғын жер деп түсінбей, оны 
адамдардың мәдени топтары, мемлекет мағынасында қолданады. Бұрын ай-
тып кеткеніміздей, тіліміздегі медениет үғымының арабшасы «маданиятң, 
мадина, яғни қала сөздерімен түбірлес. Ізгілер қала-сының түрғындары, ұлы 
үстаздың 
ойынша, 
өздерінің 
инабатты-лығымен, 
әділеттілігімен, 
білімділігімен, өнер сүйгіштігімен көзге түседі. Әл-Фарабидің адамзат 
мәдениетіне қосқан үлесін, оның төмеңдегі өлең жолдарынан жақсы 
байқаймыз. 
Бауырым, сен теріс жолға түскен жандарға ерме, 
Олардан аулақ жүр, кашанда әділдік жағыңца бол. 
Бүл дүние — біз мәңгі түратын мекен-жай емес, 
Әлемде ешкім өлімді жеңе алмайды. 
Адамдар әлде құмға түскен із бе екен? 
Біз соншалыкты дәрменсіз болғанымыз ба? 
Бір рет самал соқса-ақ, бәріміз 
Мына өмірден үшты-күйлі жоғалып кетеміз бе? 
Адамға бір сөттік кыска ғүмыр берілген. 
Жалпы алғанда, әл-Фараби — Шығыс мәдениетінің алып тұлғасы ол 
дүниежүзілік өркениетте өзінің қадірлі орнын алады. Оның рухани мүрасы 
өзінің үлы ізбасарлары Ибн-Синаға, Бируниге, Жүсіп Баласағұнға және т.б. 
суалмайтын қайнар болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет