«Мәдениетті рәміздер, мәндер, таңбалар мен мағыналар ретінде талдау үшін мәдениеттің ақпараттық-семиотикалық түсінігін негіздеу»



бет3/7
Дата04.03.2022
өлшемі6,45 Mb.
#27055
1   2   3   4   5   6   7

.

.


Мәселен,ата-бабамыздан келе жатқан ТОНЫКӨК ескерткішіне – 1300 жыл Қазақтың ғана емес, әлем мәдениетінің тасқа таңбаланған аса маңызды құндылықтарының бірі – Тоныкөк ескерткішінің 1300 жылдығы UNESCO көлемінде аталып өтеді. Төрткүл дүниеге тарыдай шашылған тұтас түркі халықтарының абызы, Екінші Шығыс Түркі қағанатының іргетасын қалаушылардың бірі, өз заманының озық ойлы данагөйі, Елтеріс және Білге қағандарға кеңесші болған Тоныкөк бабамыздың тұлғасы және оның тасқа қашалған жазбасы – маңдайға тұтар маңызды тарихи мұрамыз. Орхон және Енесей өзендері алқабынан табылған қағандар құлпытасына қашалып жазылған көне түркі жазуларының құпиясын даниялық ғалым Вильгельм Томсен 1893 жылы ашса, түркітанушы орыс ғалымы Василий Радлов руна жазуларын оқып, аударған еді. Содан бері өткен ғасырдан астам уақыт бойы бұл жазулар әлем ғалымдарының «ашылмаған аралдай» болып, аңсарын аударып, қызығушылығын тудырып келеді. 2020 жылдың Тоныкөк ескерткішінің 1300 жылдығына арналуы – тарихи жәдігерді тани түсуге, таңба сырына, жазу ерекшелігіне жаңа көзқараспен қайта қарауға мүмкіндік берер, жәдігер құпиясына жарық түсірер жаңа бастамаларға жол ашады деп ойлаймыз.

Рәміздер дегеніміз-затты көрсетіп қана қоймай,қосымша мағына беретін белгілер.Егер кез-келген басқа белгілердің мағыналары не нақты физикалық әлемнің заттары мен объектілеріне,немесе ақыл-ой мен рухани өмір құбылыстарына(ұғымдар,идеялар,сезімдер және т.б.)қатысты болса,онда белгілердің мағыналары бұл құбылыстардың жеке адам үшін маңыздылығын,құндылығын көрсетеді,сондай-ақ адамдардың шағын және үлкен топтары,ұлттар,мемлекет,жалпы адамзат үшін.Рәміздердің мысалдары ретінде мемлекеттік эмблемалар,жалаулар,әнұрандар-мемлекеттер абыройының символдық белгілері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет