Қазақ жерінде алғаш пайда болған жазу өнері және оның ең алғашқы нұсқалары мерзімдік кезеңделуі жағынан тас дәуірінен бастау алады. Оның нақты дәлелі еңбек құралдарындағы мақсатты түрде ойылған ойықтан бастап, өрнек түрінде түсірілген таңба, белгілерді де айтуға болады. Адам баласының саналы түрде нобайлап сызу, кейіптік пішіндерді тегістік бетіне таңба етіп түсіру еңбегінің жарқын үлгісі ретінде Каспий теңізі жағалауындағы Қосқұдық ескерткішінен көре аламыз. Уақыт өте келе жалғасын тапқан бейнелеу өнері арқылы таңба түсіру, шеку, бейнелерді қашау, бояуларды пайдаланып сурет пен таңба жазу үлгілерін қалдыру ісінің жалғасын қазақ жерінде пайда болған жазу өнері және оның ең алғашқы нұсқалары мерзімдік кезеңделуі жағынан тас дәуірінен бастау алады Байырғы түрік халқының билеушілері құрған еуразиялық ауқымдағы құдыретті империясының мәдени жетістіктерінің айқын айғағы – таңба жазулы үнсіз мәдени куәгерлері еліміздің шығысынан бастап Алтай, Тарбағатай, Ұлытау және Алатау, Мерке қатарлы киелі де қасиетті тауларда, Ертіс, Сырдария, Талас, Жем сынды өзендердің бойында кездеседі.