Этикет(әдеп) – адамның өзін — өзі ұстауының маңызды құрамдас бөлігі.Ол
талапқа негізделеді,қатаң белгіленген рәсімдік сипатқа ие болады.Оны сақтауда өзін — өзі ұстаудың белгіленген түрі маңызға ие болады.
Этикетте адамға көзқарастың сыртқы көріністеріне қатысты өзін — өзі ұстау тәртіптерінің жиыны (төңіректегілермен қатынас,сөйлесу
және амандасу,қоғамдық
орындарға бару,жүріс – тұрыс пен киім) қамтылады.
«Этикет» сөзі французша «ярлық», «әдеп», «рәсім»
дегенді білдіреді,яғни белгілі бір рәсімді өткізу тәртібін білдіреді.
Этикет – қарым –
қатынасқа, этикет
тәртіптерін білуге ықпал етеді,
адамды ыңғайсыздықтан қорғайды, оны тіпті бейтаныс
адамдарға жағымды етеді, қарым – қатынасты жеңілдетеді және қалыпты қарым – қатынас жасауға көмектеседі.Этикет — әлеуметтік мәдени ерекшеліктермен байланысты.Оның көптеген тәртіптері
белгілі бір халықтың ұлттық, тарихи,
әлеуметтік, мәдени белгілерін бейнелейді.