Мәдениет-әрбір халықтың
ғасырлар бойы қордалап, сұрыптап, електеп өткізіп жинақталған материалдық және рухани қазынасы, игілігі, салт-дәстүрі,
әдет-ғұрпы, діні, тілі, танымдық айшықтары, көзқарастар жүйесі, халықтың өзіндік ұлттық қабілеті, басқа халықтардан айырмашылығы және өзін әрі қарай өркендететін қайнар бұлағы. Ол адамдардың рухани өмірінің барлық
саласын қамтиды және көркемдік, эстетикалық, тағылымдық, танымдық өрнектері арқылы өзін әлемге паш етіп отырады.
Мәдениеттің түрлері:дін, құқық, өнер, саясат, ғылым, мораль.
Дін мәдениеттануы. Дін адамның рухани шығармашылығының және қоғамның бір саласы болып табылады.Ол адамдар тіршілігінің бір қыры ретінде оның дүниеге,
табиғатқа, қоғамға ерекше қатынасын білдіреді және адамның өз-өзінен оқшаулануын жеңіуіне көмектеседі. Дін мәдениеттің маңызды құбылысы.Адамгершілік мәселесі қойылып шешілген, жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі нәр алған әлемдік әдебиеттің шығармалары оның ерекшеліктеріне айналады.Әлемдік әдебиет, бейнелеу өнері, саз бүгінгі күнге дейін діни сюжеттер мен тақырыптарды қамтып келеді.
Дінді мәдени құбылыс ретінде түсінуде оның шығу төркіні мен міндетін түсіндіру маңызды рөл атқарады.Дінді әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде арнайы пән – дінтану зерттейді.Қазіргі дінтану мәдениеттанумен ментальдықты зерттеу әдісіне тоғысады.Ментальдық — әлемнің қабілетін жасайтын мәдени дәстүрлердің
бірлігін нығайтатын ақыл-ойдың, сенімнің жиынтығы.
Дін екі ғасыр бойы мұқият үйрену мен зерттеудің объектісі болып келеді.Діннің адам мәдениетіндегі орнын, яғни мәдениеттің дінді тудыратындығын немесе діннің мәдениетті тудыратындығын түбегейлі іздеу мен пайымдау жүргізіліп келеді. Алғашқы мәдениет танушы – теорстик және мәдениет тарихшысы болып неміс ағартушысы Иоган Гердер саналады.Оның «Адамзат тарихының философиясына апаратын идеялар» жұмысын мәдениеттану білімінің бастауы деп атайды.Дін,Гердердің көзқарасы бойынша, мәдениеттің ең көне элементі.Дін барлық халықтарға мәдени және ғылыми білімнің шымылдығын ашты.Діннің мәдениеттің дамуындағы озық
рөлін бағалауға ұмтыла отыра, Гердер египеттіктер мен басқа шығыс халықтарының, ертедегі барлық көзі ашық еуропалық ұлттардың – этрустардың,
гректердің, римдіктердің ғылыми білімді діни көзқарастардан алғандығын атап өтеді.Оның пікрінше, поэзия мен өнер,
саз бен жазу, агрономия және жыл санау, ізгілік пен мемлекеттік туралы ілім осылайша пайда болды.
Құқық – мораль, саясат, экономика, өнер сияқты мәдениеттің ажырамас бөлігі. Құқық – сан қырлы түсінік. Ол үш түрлі мағнада қолданылады. Алғашқысы – қоғамдағы аса маңызды қатынастарды реттейтін нормалар жиыны және оларды бұзғандығы үшін мемлекет айып салады. Екінші мағнасы – жеке мүмкіндік, бұл мүмкіндікке заң кепіл береді. Бұл жерде әңгіме ар – ождан,
дін бостандығы, еңбек ету, білімалу сияқты адам құқықтары туралы болып отыр. Ең соңында біз «құқық» сөзін заңдық емес мағнада жиі қолданамыз. Бұл да жеке мүмкіндік, алайда, заңда белгіленбеген.
Қазір бізге адамның қалыпты дамуы үшін қоғамның рухани мәдениетін игеру қажеттігі айдан анық болып отыр.Ол мәдениеттің басқа түрлерімен қоса құқықтық мәдениетті де қамтиды.Олардың үйлесімі жеке адамның рухани дамуын қамтамасыз етеді.