ЛИНГВОСТАТИСТИКАНЫҢ ТІЛ ҮЙРЕНУДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МЕДЕТБЕКОВА П.Т.
Алматы қ-сы, әл-Фараби ат. ҚазҰУ
medet_73@mail.ru
Аңдатпа: Мақалада тіл білімінің жаңа бағыттарының бірі компьютерлік
лингвистиканың тіл үйренудегі маңыздылығы. Лингвостатистикалық зерттеулердің
практикалық маңыздылығы, сонымен қатар мен/және жалғаулық шылауларының
табиғаты жайы айтылған.
Тірек сөз: компьютерлік лингвистика, лингвостатистика, жалғаулық шылаулар
Аннотация: В статье рассматривается значительность компьютерной лингвистики
как одно из новых направлении лингвистики. Изучается практическая значимость
лингвостатических исследований, а также характер служебных слов мен/және.
Ключевые слова: компьютерная лингвистика, лингвостатистика, служебные слова
Summary: In the article importance of computater linguistics as one of the new directions
of linguistics is considered. The practical significance of the linguostatistical researches, and also
the nature of syntactic words мен/ және is studied.
Keywords: computer linguistics, lingustatistics, syntactic words
Тіл – қарым-қатынас құралы, яғни қандайда бір ақпаратты қабылдау және
қандайда бір ақпаратты жеткізу барысында вербалды да, бейвербалды да
амалдар арқылы беріледі. Сондықтан да тілдің әмбебап, яғни құбылмалы
болуының бірден бір себебі осында. Тілді зерттеумен қатар меңгеруде және
қарым-қатынас барысындағы қажеттілік үшін үйренуде түрлі әдіс-тәсілдер
қолданылады.
Қазіргі таңда тіл үйренушілерге қолданылатын әдіс те, тәсіл де жетіп
артылады. Оған қоса осыларды жаңа заманауи технология көмегімен жүзеге
асыру және аз уақыт ішінде үйрету мәселесі жоғарғы орынға қойылған және
әлі де қарастырылуда.
Қоғамның талабы күнне күнге өсіп жатса, яғни сол қоғамдағы өзге де,
мысалы тілді үйрену, меңгеруге қатысты талаптардың жоғары болатыны
белгілі және өте орынды.
Оған қоса тіл қарым-қатынас барысында дамиды және әр ұлттың
менталитетіне байланысты өзіндік құнды ерекшеліктерінің болуы заңдылық.
Қай халық болмасын сол құндылықтарын атадан балаға мейлінше жоғалтпай,
керісінше жоғары деңгейде жеткізу үшін барын салады. Бұған мысал ретінде
Сіз есімдігі мен оның жалғауларына байланысты тақырып жайында өзге
тілдерден айырмашылықтары жайында айтпау мүмкін емес.
Мысалы, американдық азаматтардың пікірінше «Сіз» қаратпасы тек
этикет пен жас ерекшеліктеріне байланысты. Ата-анасына, жасы үлкен тума-
туыстарына «Сіз» дегесе ол арақашықтықты алыстатуды білдіреді екен және
бұл тек американдықтар үшін де емес, біздің қоғамымыздағы орыстардың да
бұған қатысты пікірі де тура осындай. Сондықтан орыс тілді қазақ
азаматтары ата-аналарына үлкен тумаларына сыпайылық дұрыс емес деп
есептейді.
Ал қазақ тілді азаматтардың пікірі немесе қазақтардың менталитеті
бойынша «Сіз» ол үлкенге құрмет, сыйлау, сонымен қатар тәрбиелік зор
мәнге ие. Сондықтан ата-анасына, жасы бір-екі жас үлкен болса да
сыпайылық қарым-қатынасты нағайтып, бір-біріне жақындата түсетіні
белгілі. Осындай мысалдар, мен сауалдардың салдарынан тіл үйрену
барысында тек ережеге сүйеніп қана қоймай әр халықтың менталитеті
жайында білу аса қажетті. Ал заманына қарай жаңашылдық арқылы үйренуге
одан да маңызды. Міне, бұл да тіл үйрету барысында ескеруге тиісті бірден-
бір мысалдар қатарында тұратын жайт. Ал осы сияқөты қаншама тұстарды
ескеру қажет. Бұдан айтайын дегеніміз тіл үйрену барысында әр халықтың
сал-дәстүрін, құндылықтары мен қоса заманауи талаптарды ескерген жөн.
Тіл көптеген өлшемдері бар көп деңгейлі күрделі жүйе болып табылады.
Дәл осындай жүйеге ықтималдық теориясы, математикалық статистика,
информация теориясы және тағы басқалары сөйлеу практикасында жиі
кездесетін белгілі шарттармен байланысты кездейсоқ тіл құбылыстарының
статистикалық заңдылықтарын қарастыруда сүйенеді.
Тілде зат есімдерден не зат есім орнына жұмсалған басқа есімдерден
болған сөйлемнің бірыңғай мүшелерін байланыстыруда, тізбектелген
сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің байланысында, сондай-ақ құрмалас сөйлем
құрамындағы жай сөйлемдердің байланысында едәуір қызмет атқаратын
мен/бен/пен, және жалғаулық шылауларының тілдік табиғаты, стильдік
тұрғыда қолданылу жиілігі, мағыналық ерекшеліктері, бірінің орнын бірі
ауыстыру мүмкіндіктері сияқты мәселелер осы жалғаулық шылаулардың
қолданбалы сипатын танытады.
Алайда сөйлеу ағынында, сөйлемде бұл жалғаулық шылаулар
қолданылғанымен, олардың сапалық белгілері, тілдік табиғаты толық
ашылмағаны байқалады.
Мысалы,
ғылыми
қызметкерлермен,
сондай-ақ
қатардағы
тіл
тұтынушыларымен осы жалғаулық шылауларының бірінің орнын бірі
ауыстыруының себептерін сұрастырғанымызда заңдылықтарын ашып айта
алмады. Ал бұл мәселенің ашылуы, яғни ғылыми тұрғыдан дәйектелуі өте
маңызды. Ол бүгінгі ғылыми техниканың дамуына байланысты бір тілден
екінші тілге аударудағы машиналық аудармада осы жалғаулық шылаулардың
бір парадигманы құрастырғанымен және жалғаулық шылауының орнына
мен/бен/пен жалғаулық шылауларының барлық кезде қолданылмайтыны
туралы заңдылықтардың анықталуы сапалы аудармаға жол ашар еді.
Қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгерушіге мен/бен/пен, және жалғаулық
шылауларының қандай жағдайда өзара орын алмастыра алатыны, қандай
жағдайда алмастыра алмайтынын түсіндіруде нақты дәйек, ережелер ғылыми
еңбектерде осы кезге дейін орын алмаған.
Тілдің тұтынушыларына мен/бен/пен жалғаулық шылауларын тілдік
қарым-қатынаста қолдану, синтагмалық тізбекке сәйкес вариантын таңдау
қиындық тудырмасы да, бұл тұрғыда олардың қатеге жол бермеуі де анық.
Алайда қатардағы қарапайым тілді тұтынушы анықталған сөйлеу
ағынында не себепті мен шылауын емес пен шылауын я бен шылауын
қолданғанын тілдік заңдылық тұрғысынан түсіндіре алмауы мүмкін болса,
тіл маманы бұл мәселенің дұрыс шешімін көрсетіп, түсіндіре алуы тиіс.
Ал қазақ тілін өзге тіл ретінде меңгеруші сол тілдің тұтынушысы
болмағандықтан, сөйлеу ағынында аталмыш жалғаулық шылаудың қажетті
вариантына дұрыс таңдау сала алмауы мүмкін, яғни тиісті мен
жалғаулығының орнына бен немесе пен жалғаулық шылауын қолдануы
мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда туындаған қателік тіл жүйесін игермеуге
емес, норманы игермеуге байланысты туған қателік болып есептеледі.
Себебі, тілдің ойды білдіру мүмкіндігін анықтайтын құрылым ол – тіл жүйесі
болып табылады.
Өзге тілді меңгерушінің сол тіл жүйесін игеруі оның сөйлеу кезінде
сәйкес септікті, шақ формасын, сөзді т.б. дұрыс іріктеуі арқылы танылады.
Ал сөйлеуде мен/бен/пен варианттары арасында дұрыс таңдау сала алмау тіл
жүйесін игеруе байланысты қатеге емес, нормаға, нақты айтқанда тілдік
ережеге
қатысты
қате
болып
есептеледі.
Өйткені,
мен/бен/пен
варианттарының бірін іріктеудегі қате ойды білдіру мүмкіндігіне нұқсан
келтірмейді. Сондықтан мен/бен/пен жалғаулық шылаулары варианттарының
біріне сөйлеуде таңдау сала отырып қолдану кезінде анықталған ереже
басшылыққа алынады.
«Қоғамда байланыс жасау барысында іріктеліп, тұрақталған тіл
құралдары мен оларды қолдану дәрежелері жиынтығы ретінде ұлттық әдеби
тілдің ерекше белгісі болып табылатын», сондай-ақ «екі ұдай айтылып яки
түрліше жазылып жүрген вариантты сөздердің бір сыңарының әдеби тілде
қалыптасуы» деп түсінілетін норманың мен/бен/пен жалғаулық шылаулары
варианттарына қатысы шамалы. Өйткені айтылып өтілгендей, тілдік норма
жарыспалы сипаттағы тілдік бірліктердің бірінің әдеби тілде тұрақтануына
күш салады, ал осы жағынан келгенде мен/бен/пен жалғаулықтарына
жарыспалы сипат тән емес. Олар бір парадималық қатынаста табыла отырып
бірінің орнын бірі ауыстыра алмайды, ал тілдегі жарыспалы лексикалық
бірліктер бірінің орнын бірі ауыстыра алады.
Сондықтан қазақ тілін өзге тіл ретінде меңгерушінің сөйлеу кезінде
мен/бен/пен варианттарының тиістісіне таңдау салып қолдануы туралы
заңдылықты норма тұрғысынан да, сондай-ақ тілдік ереже тұрғысынан
қарастырған дұрыс болса керек.
Мен/бен/пен жалғаулық шылаулары мен және жалғаулық шылауының
қолданылу ерекшеліктері бойынша практикалық курстарын оқыту біршама
қиындық мәселесін шешуде компьютерлік бағдарлдамалардың тигізер көмегі
орасан деуге болады.
Мен/бен/пен жалғаулық шылауларының қолданысын дыбыс үндестігі
заңдылықтары тұрғысындағы ережелер арқылы шешумен бірге, мен/бен/пен
мен және жалғаулық шылауларының өзара орын ауыстыру мүмкіндіктеріне
орай ережелерді де анықтау міндеті енеді.
Мысалы, Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тарапынан
2014 және одан кейінгі екі жылда әлемдік экономиканың дамуында болжам
төмендеу жағына қарай қайта қаралғаны белгілі.
Геосаяси дағдарыс пен жетекші державалардың санкциялық
саясаты әлемдік экономиканы қалпына келтіруде қосымша кедергілер
туындатуда.
Қазақстандықтар
салатын
жаңа
магистральдар
біздің
экономикамыз бен қоғамымызды жаңартады.
Жоғарыдағы үш сөйлемдегі мен/бен/пен жалғаулықтарының қолданысын
ережеге сай нақтылай аласыз және оны тіл үйренушілердің дұрыс қабылдауы
да көптеген мысалдар мен жаттығулар орындауда бекітіледі, яғни екі жақты
сұрақ туындамайды.
Ал мынадай мысалдар: Бейбітшілік - ол әке мен ана қуанышы, ата-
аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік - ол
тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім.
Осы кейінгі екі сөйлемдегі және жалғаулық шылауының қолданылу
табиғатын түсіндіруде біршама қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл тұста
неге?, - деген сұрақ туындауы ғажап емес, өйткені орыс тілінде мен/бен/пен,
және, да/де/та/те жалғаулық шылаулары бір ғана и шылауы арқылы
беріледі. Сонымен қатар орыс тіліндегі и шылауын да шылауы алмастыратын
да сөйлемдер кездеседі.
Мысалы орыс тіліндегі Дадите по 3 голуби да по 3 воробьи немесе И где
вас тут стояло?сөйлемдердегі и мен да шылауларын ауыстыруға болады.
Ал қазақ тіліндегі ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың
бақыты немесе жалақы және ертеңгі күнге деген сенім сөйлемдеріндегі
және шылауының орнына мен шылауын қоя алмайсыз. Міне осының
табиғатын түсіндіруде, немесе осыған байланысты өзге ұлт өкілдерінің
қойған сауалдарына орынды жауапты тауып, түсіндіру тек белгілі бір
ережеге қатысты емес, сонымен қатар оқытушының шеберлігі десе де
болады. Ал мұндай тұстар тек қазақ тілі емес өзге тілдерде де жетіп
артылады. Осындай қиындықтардан шығуға жол сілтер қазіргі таңда
компьютерлік бағдарламалардың көмегімен көптеген мәселелер шешуге
болады.
Тіл білімінің жаңа бағыттары десе де болады, оған қоса бұл біраз жылдан
бері теориялық та, практикалық та зерттеулері бар саласы «компьютерлік
лингвистика» жайында, ондағы бағдарламалар мен статистикалық
зерттеулерінің тигізер көмегі біршама.
Достарыңызбен бөлісу: |