Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап


-ҚАДАМ. Топтардың презентациялары. Қатысушылар- дың жауаптарын тыңдау. 4-ҚАДАМ



Pdf көрінісі
бет66/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   138
3-ҚАДАМ. Топтардың презентациялары. Қатысушылар-
дың жауаптарын тыңдау.
4-ҚАДАМ. Мұғалімнің толықтыруы:
Осы және алдыңғы сабақта біз бұқаралық ақпарат 
құралдарының не екенін, оның қандай қызмет атқара-
тынын тереңірек зерттейміз. Күнделікті ақпарат ағы-
мындағы қандай ақпарат журналистің қызығушылығын 
тудыратынын да білетін боламыз. БАҚ өз аудитория-
сына: оқырман, көрермен немесе тыңдарманына ақпа-
ратты қандай формада жеткізуі керек? Сөз бостандығы 
неліктен маңызды және әр адамның сөз бостандығына 
және пікір білдіру бостандығына қандай заңдар кепілдік 
беретінін білетін боламыз.
1-ЖАТТЫҒУ. АҚПАРАТ. КІШІГІРІМ 
ТОПТАРҒА БӨЛІНІП ЖҰМЫС ЖАСАУ 
ҰСЫНЫЛАТЫН 
УАҚЫТ 15 МИН.
СЛАЙД № 5
БАҚ деген не?
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) – қоғамға немесе оның жеке топтарына 
техникалық құралдар арқылы ашық түрде ақпарат тарататын мекеме.
БАҚ ақпарат жинайды, өңдейді, (талдайды, сараптайды). Одан кейін ақпаратты өз 
аудиториясына таратады (трансляциялайды)
90
91
АҚПАРАТ ЖӘНЕ МЕДИА
АҚПАРАТ ЖӘНЕ МЕДИА


БАҚ ТҮРЛЕРІ:
• 
МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗ – кітаптар, газет-журналдар, яғни қағазға басып 
шығарылған және мәтін, сурет, графикамен көркемделген әрі таралымы көп 
өнім.
• 
ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚ-қа телевизия жатады. Яғни, хабар таратушы кабель 
және/немесе электрмагнитті толқындар көмегімен (жер бетінде немесе спут-
ник арқылы) акустикалық және визуалды ақпаратты аналогтық немесе/және 
цифрлік әдіспен таратады. Ақпарат телевизиялық аппаратта (теледидар) 
кабель, антенна немесе спутник арқылы көрсетілетін әртүрлі бағдарлама 
түрінде беріледі. 
• 
РАДИО - радиокомпаниялар радиостанциялар арқылы қабылдағышқа жібе-
ретін бағдарламалар жасайтын, ал ол бағдарламаларды тыңдардан таңдап 
тыңдай алатын медиа түрі
• 
ЖАҢА МЕДИА – бұқаралық ақпарат құралдарының цифрлік құрылғылар 
арқылы әрдайым көруге болатын жаңа форматы. Сонымен қатар, контентті 
жасау мен таратуға қолданушылардың белсенді түрде қатысуын білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет