Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап



Pdf көрінісі
бет75/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   138
Сенімді
Өзекті 
Жедел
Түсінікті
Толық
Дер кезінде
Нақты
1
2
3
4
5
6
7
112
113
ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ МЕДИАСАУАТТЫЛЫҚ
ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ МЕДИАСАУАТТЫЛЫҚ


ОБЪЕКТИВТІ АҚПАРАТ
Ақпарат біреудің көзқарасына, пайымына, ойына тәуелді болмаған жағдайда ғана 
ақпарат объективті бола алады. 
Мысал: 
«Далада күн жылы» деген – субъективті пікір. Ал, «Далада ауа температурасы 
22°С» деген хабарлама объективті. Егер термометрде ешқандай ақаудың бары 
тіркелмесе, бұл факті. 
Объективті ақпаратты ешқандай ақаусыз өлшеу құрылғыларының көмегімен ала 
аламыз. 
Егер журналист материалды дайындағанда алдын-ала қате түйін жасамаса, егер 
зерттеп отырған тақырыбы бойынша өзінің жеке пікірін ғана дәлелдеуге ұмтылмаса, 
егер ол шындыққа толықтай көз жеткізсе онда ақпараттың объективті болу ықти-
малдығы жоғары. Әрине, бұл журналистің жеке пікірі болмайды деген сөз емес.
Бұл журналист өзінің материалында өзінің пайымына, көзқарасына ғана сүйеніп 
қорытынды жасамауы керек дегенді білдіреді.
СЛАЙД № 6
СЛАЙД № 7
БАҚ материалындағы тепе-теңдік оқиғаның, конфликтінің барлық тараптарының 
пікірін айтуға мүмкіндік беру, яғни тараптардың барлығының пікірін тең тыңдау. 
Бұл өте маңызы ереже. Дауласып отырған екі тараптан басқа үшінші салмақты, 
бейтарап пікір болуы керек. Оқиғаға сырт көзбен қарап, талдап-сараптап баға 
беретін сарапшы пікірі болуы керек. 
Мысалы, журналистен емделушілер ауруханадағы денсаулық сақтау қызметінің 
нашар көрсетілетіні туралы мәселе көтеруді сұрады. Емделушілердің ғана емес 
журналист аурухана басшылығының да пікіріне міндетті түрде жүгінуі керек. 
Қажет болса, денсаулық сақтау министрлігі немесе осы салаға жауапты мемле-
кеттік орган өкілдерімен пікірлесуі шарт. Таразы басын тең ұстау деген осы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет