Мәтін. Ұлттық ақпараттық қауіпсіздік.
«Альфа деген кішкентай ел» атты ертегі
Бір күні Альфа атты кішкентай ел болыпты. Ол бақытты өмірге керектің барлығы бар кіп-кішкентай, бақытты ел екен. Минералды
ресурстарға бай, табиғаты керемет, халқы өте еңбекқор екен. Бұл кішкентай ғана елдің Бетта, Омега, Зет деген үлкен үш көршісі
болыпты. Альфа олармен дос болыпты.
Бірақ, бір күні Бетта халқының күн өткен сайын көбейіп жатқанын түсінеді. Бәлкім, жақын арада халқы үшін оның ресурстары
жетпеуі мүмкін. Содан Бетта Альфаның территориясына көз салуды бастайды. Альфа кішкентай болғандықтан, оны басып алу да
оңай деген ой түйеді.
Алайда, ашық агрессияға жол берілмеді, онда өзге елдерден толық оқшаулану қаупі тұрды. Бетта қулыққа көшпекші болды, Аль-
фа тұрғындарын өз еркімен Беттаның бөлігі болғысы келетіндей күйге түсіруді мақсат етті.Содан, Бетта Альфа еліндегі өз бас-
пасөзін ашуды шешті. Бетта газеті Альфа халқының керемет екенін, олардың салт-дәстүрінің ерекшелігін жаза бастады. Билік
туралы сөз қозғамада, кейді бейтарап ақпарат қана шығып тұрды. Газетті Альфа тұрғындарының жартысы оқи бастаған сәтте
газет Альфа билігінің әлсіздігі туралы, оны тек Бетта ғана құтқара алатыны туралы жаза бастады.
Альфа халқы екіге бөліне бастады. Интернетте Бетта мемлекетінің бөлігі болғысы келетіндер және Альфа тәуелсіз мемлекет бо-
лып қалуы керек деген көзқарастағы альфалықтар арасында нағыз текетірес басталды.
Өзін ең мықты мемлекет деп санайтын, демек басқа елдермен салыстырғанда құқығы көбірек Омега Альфаны Беттаның алуына
жол бермеймін деп шешті. Ол Альфа территориясын өзіне қосып алмақшы болып, Альфа елінде жекеменшік интернет басылым
ашты. Интернет басылымда ол Беттаны өзге елдің ішкі істеріне араласты деп кінәлады. Беттаға қосылуға қарсылық білдірген аль-
фалықтар Омеганы қолдай кетті.
Альфа мен Беттаның билігін сынаған басылым кішкентай мемлекеттің тұрғындарын Омега қосылуға шақыра бастады. Онымен
қоймай, Альфа тұрғындары арасында іріткі салды.Әлеуметтік желілердегі текетірестерден халық көшеге шыға бастады. Әр жерде
Омега мен Бетта жақтастары арасындағы жаппай төбелестер жиіліп кетті.
Дәл осы жағдайды пайдаланып, өзін ең мейірімді ел деп санайтын Зет Альфаға ірі көрші елдердің ақпараттық ықпалына қарсы тұруға
көмектеспекші болды. Сондықтан, Альфада ол да өзінің жекеменшік телеарнасын ашып алды. Онда тәуелсіздіктің маңызы мен қадірі ту-
ралы көп айтылды. Бетта мен Омега билігіне де тоқтаусыз айып тақты. Таяқтың ұшы Альфа билігіне тиді. Зет телеарнасы мұндай жікке
бөлінуге жол берген билік мемлекетті басқара алмайды деген көзқарасты таратты. Нәтижесінде, Альфада билікке қарсы шыққан тағы да
бір топ пайда болды.
Мұның барлығы ушығып, бір кні Альфа елінде азаматтық соғыс оты тұтанды.
Үш мемлекет басшылары Альфа мәселесін шешу керек деп, келіссөздер жасауға көшті...
Достарыңызбен бөлісу: