Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап


Е)Жартылай шындық–аудитория сеніміне кіру үшін пайдаланылатын тәсіл



Pdf көрінісі
бет27/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   138
Е)Жартылай шындық–аудитория сеніміне кіру үшін пайдаланылатын тәсіл. Нақты, аса маңызы жоқ детальдарды толықтай 
және объективті талқыланады, бірақ одан да маңыздырақ жайттар туралы ештеңе айтылмайды немесе оқиғаның сарыны басқа 
мағынада баяндалады.
Ж)«Образдан кейінгі» деп аталатын техника да қазір жиі қолданылып жүр. Егер «Тек Иванов» деп жазылған үлкен ақ қағазды 
көрсетсек, «Содан? Тек Ивановқа не болыпты?» деген сұрақ туындайды. Адамдар бұл сауалдарға жауапты бірден таба алмай 
дал болады. Иванов туралы ой олардың миында тұрады. Адам оқиғаны ары қарай жалғастыра бастайды, әртүрлі болжамдар 
ойластырады, болуы мүмкін оқиғалар мен әрекеттердің тізбегін құрады. Телевизиялық роликтерде бұл эффект таспаны үзу 
немесе пауза көмегімен жасалады. Пауза бірнеше секунд болуы мүмкін немесе бірнеше аптаға созылады (көбіне осылай). Со-
нымен, әбден миы ашыған адамдарға «ақиқат ашылады». Сөйтсек, Иванов, тек Иванова қана Президент болуға лайықты екен.
З)Келемеждеу/мазақ қылу.БАҚ-та бұқаралық санаға ақпараттық-психологиялық ықпал ету тәсілі арқылы қолданылады. Нақты 
бір тұлғаларды, көзқарастарды, идеяларды, әртүрлі ұйымдардың және бірлестіктердің бағдарламаларын келемеждеу арқылы 
жүзеге асырылады. Адамның жүріс-тұрысының элементтері мен жеке айтқан сөздерін мазақ қылу арқылы сол адамға шалағай
жеңілтек адамға деген көзқарас туындайды. Бұл тәсіл кейін де оның басқа да көзқарастары мен айтқан сөздеріне қатысты қол-
данылады. Нәтижесінде, ол адам туралы «жеңілтек, біліксіз адам» деген көзақарас таралып, оның ұсыныстары мен идеялары-
на назар аударылмайтын болады.
Бұл тәсілдің тиімділігі әлсіз психологиялық құбылыстарға әсерімен байланысты. Тұлғаның психологиялық қорғануын әлсіретеді. 
Тікелей сын мен жағымсыз сөздер болған жерде психологиялық тосқауылдармен блокталып қалады, әзіл-қалжың аралас фор-
мадағы әсер ету тұлғаның қорғану реакциясын төмендетеді. Бұл әдісті жастар аудиториясына пайдаланған өте тиімді. Сайлау 
қарсаңында жастардың елдегі саяси жағдайға қызығушылығы артады. Бірақ сабақ, жұмыс, демалыстан тыс уақытта елдегі сая-
си жағдайға баса мән беріп, осы салаға қызығушылық білдіруге уақыт тапшы. Жастарға саяси ақпаратты әзіл-қалжың араласты-
рып немесе дау-дамайға қатысты ұсынса, аудитория жақсы қабылдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет