Казахский национальный медицинский университет имени С.Д. Асфендиярова.
Білім мәдениеттің элементі.Білім қатарына шартты түрде сөзсіз дәлелденген және логика жағынан реттелген деректерді жатқызады.Ал қалғандарын білімге жатқызуға болмайды.
Шығыс данасы Конфуций “Білу дегеніміз – табиғатты емес, адамдарды танып – білу” – деп есептейді. Кейбір адамдарға “туа біткен білім” тән болғандықтан, олар басқалардан жоғарырақ тұрады. Олардан кейін білімді оқу арқылы алғандар тұрады. Оқу, таңдамалы түрде болуы керек. Оқығанда тек өмірде керекті, ең дұрыс деген қағидаларды білу керек те, қалғандарынан аулақ болу қажет.
Білу – дегеніміз тек қана өзіміз білмейтінді үйреніп, білу емес,сонымен қатар зерттеп отырған мәселелерді жан – жақты қарастыру тәсілі.
Қазір біз екі жақты қауіпке тап болдық. Бір жағынан, ғылым өскен сайын адам өзінің сауатсыздығын күннен күнге жете түсініп келеді. Әсіресе, ғылыми – техникалық революция кейбір адамдардың білімді игерудегі дәрменсіздігінен,бейшаралығын ашып көрсетуде. Ал, екінше жағынан, көптеген мектептер мен жоғары оқу орындарында жастарға шала білім берілетіндігі әркімге аян. Ондай шала білім жастардың өміріне, болашағына зияннан басқа пайдалы ештеңе әкелмейді.
Біріншіден, шала, догмалық білімдерден бас тартуымыз керек. Сөйтіп, “ақылдың жалқаулығынан” бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн.