БҮЛІКШІЛЕР
Бүлікшілер үшін «интернет ойға келгеннің барлығын істеуге болатын орын», «әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа жоқ» еркін кеңістік, «ин-
тернет – таза бостандық». Олардың іс-әрекеттері көбіне автономия және дербестік қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. Әлеу-
меттену үрдісінде
бұл қажеттілік, ең алдымен, ата-анасынан тәуелсіз болуға талпыныстан басталады. Балалар мен жасөспірімдер «сиқы-
рға толы монитормен» бетпе-бет қалады. Ата-аналардың көбі (70%) бұған кедергі келтірмейді, балаларының интернетте отыру уақытына
шектеу қоймайды. Біз балаларымыздың бойындағы индивидуализм мен еркіндікті интернетпен бірге қалыптастырып жатырмыз.
Бүлікшілер ата-анасы тыйым салған сайттарға
жиі кіретінін жасырмайды. Бұл еліктіргіш және
беймәлім әлемде
қызықты ақпарат қана емес,
қажетсіз, сананы улайтын, зиянды ақпарат көп.
Бүлікшілер интернетті жағымсыз мақсаттарда
пайдаланатындарын жасырмайды. Мысалы,
порнография көру, басқа қолданушылармен
дауласу, жабық сайттарды бұзу.
Мұндай
әрекеттер өздерінің еркіндігін, өзара
іс-қимылдағы маңыздылығын сезінуге мүмкіндік
береді. Сонымен қатар, бассыздық, еркінсу, жа-
засыздық иллюзиясы пайда болады.
Басқалар-
мен салыстырғанда бұл топтағылар интернетке
өздерінің дербес деректерін көп жариялайды.
Желідегі бейтаныстармен шынайы өмірде
кездесуге дайын тұрады. Қорқыныштысы, олар
желідегі қылмыс
пен шынайы өмірдегі қылмыс
арасында айырмашылық жоқ екенін түсінбеуі
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: