2 бет. Тарихыңды таны



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата06.02.2017
өлшемі4,48 Mb.
#3544
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 №6 (1241)           11

  ақпан  

2015 жыл, сәрсенбі

www.z-taraz.kz

 

„

6 ақпан күні – еліміз бойынша Ассамблея жылының бастау алуына орай бір мезгілде 



синхрон-акция ұйымдастырылды. Бұл шара өңірімізде де жоғары деңгейде өтті. Енді жыл 

бойы өткізілетін елдік шаралар – 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні қорытындыланады.                                                                                

                                                                                                                               

2  бет.                                                                                    

Тарихыңды 

таны

... арды ойлайтын кез 

келді

Міндет -

халыққа қызмет

МекеніМ –

ҚазаҚсТан!

көпір құрылысы 

аяқталады

 

„



Қалалық білім бөлімі қоғамдық 

көлік кестелерін тексеріп, рейд      

жүргізді.                                                                                                                           

 

„



Ұзақ уақыттан бері 

күн тәртібінен түспей 

келе жатқан көпір 

құрылысына биыл 1 

млрд.890 млн. теңге 

қарастырылды.        

                                                                                                                            

                            

            

                             4



  бет.

Мигрант та салық 

төлейді

 

„



Салықтан жалтарған 

гастарбайтерлер жауапқа 

тартылады.                                                                                                                          

 

„



Қазақ хандығының                      

550 жылдығына                                  

ТарМПИ-де көрме                            

ұйымдастырылды.  

 

„

Өткен жылы 



сыбайлас 

жемқорлық 

сипатында 147 іс 

қозғалыпты. Оның 

53-і құқық қорғау

ал 46-сы білім 

беру саласына  

тиесілі болып тұр.                                                                                                                                             

                                      

                            



3  бет.

    


8 бет.

    


6 бет.

    


10 бет.

АССАМБлЕя - 20

2

//   «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №6 (1241), 11 АҚПАн 2015 Жыл 



МекеніМ – ҚазаҚстан!

 

„



6 ақпан күні – еліміз бойынша Ассамблея жылының бастау 

алуына орай бір мезгілде синхрон-акция ұйымдастырылды. 

Салтанатты шара Тараз қаласында да жоғары деңгейде өтті. 

Ерман ӘБДИЕВ

Ертеңгілік аймақтағы әртүрлі этностың өкілдері мен белсенді               

жастар тобы Тұңғыш Президент саябағынан табылды. Жиналғандар 

«Бір ел – бір тағдыр», «Біз біргеміз, ажырамас іргеміз» деген секілді 

татулыққа үндейтін көрнекіліктерді көтеріп, ынтымақтың ұйытқысы 

– достықты ұран етіп Төле би көшесінің бойымен «Баласағұн» 

орталық концерт залы ғимаратының алдына дейін жүріп келді. 

Олар «Баласағұн» орталық концерт залының алаңшасына жиналған 

жұртшылықты  «Жастар  қоғамдық  келісімді  қолдайды»  атты 

жастар флеш-моб биімен қарсы алды. Шара әскерилердің үрмелі 

аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өрбіп отырды. Бұдан кейін 

облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев, қоғам қайраткері  Александр 

Савченко, облыстық неміс этномәдени орталығының жетекшісі 

Александр Гибнер, сондай-ақ Лондон Олимпиадасының қола 

жүлдегері Ақжүрек Таңатаровтың қатысуымен Қазақстан халқы 

Ассамблеясы жылының туын көтеру рәсімі өтті. Көпшілікпен 

бірге  концерт  залына  енген  облыс  әкімі  Кәрім  Көкірекбаев 

құрметті қонақтармен бірге халықтық сәндік-қолданбалы қолөнер 

шеберлерінің көрме-жәрмеңкесімен танысты. Онда өңіріміздегі 

әртүрлі этнос өкілдерінің қолынан шыққан көркем дүниелері 

қойылған болатын. Елімізге белгілі суретшілер мен өңіріміздегі 

әуесқой қолөнершілердің шығармалары көрушілерді баурап алып, 

қызығушылықтарын оятты. 

Мерекелік шаралар легі мұнан ары салтанатты синхрон-акция-

мен жалғасты. Алдымен татулықты ту етіп келген тұрғындардың на-

зарына ең әуелі театрландырылған қойылым ұсынылды. Сондай-ақ, 

қысқа да нұсқа көріністе Қазақ хандығының 550, Ұлы Жеңістің 70, 

Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы 

туралы  мәліметтер  молынан  қамтылады.  Әсіресе,  қазақтың 

қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының, шығыстың қос шына-

ры Әлия мен Мәншүктің, белгісіз сарбаздың майдан даласынан 

жазған хаттары оқылғанда, жұртшылық тебіреніп кетті. Мұнан соң 

жиылған жұртшылықты Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының 

ашылуымен құттықтаған облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы 

Ассамблеясының төрағасы Кәрім Көкірекбаев:

  «Қадірменді  қауым!  Қымбатты  жерлестер!  «Тату  елге 

тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады» дегендей, 

еліміз тәуелсіздік алып, татулық пен тұрақтылықтың арқасында 

өркениетті  елге  айналдық.  Елдігімізді  еселеп,  мызғымас 

мемлекетімізді бекемдей түстік. Мерейіміз көтеріліп, дүниежүзіне 

белгілі болдық. Бүгінде әлем тәуелсіз Қазақстанды бейбітшілік 

пен келісімнің құтты мекені деп біледі. Ал қасиетті Әулие ата 

өңірі – қашанда достық пен ынтымақтың, өзара келісімнің ордасы 

болған жер. Мұнда татулығы жарасқан, бірлігі ұласқан сексеннен 

астам этнос өкілдері өңірдің қарқынды даму жолында аянбай еңбек 

етуде. Осының бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 

сындарлы саясатының жемісі деп білеміз.

Осыдан жиырма жыл бұрын Мемлекет басшысының тікелей 

бастамасымен елімізде жаһанда теңдесі жоқ Қазақстан халқы Ас-

самблеясы құрылды. Бүгінде ұлан-ғайыр іс атқарған ақ пейіл Ассам-

блея татулық пен келісімнің темірқазығына айналды. Сондықтан 

да биылғы жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жария-

ланды. Бүгін бір мезгілде Ұлы Қазақ даласында Қазақстан халқы 

Ассамблеясы жылының туы көтерілді. Бұл ту – осы бірлік пен 

берекенің туы. Бұл ту – әлем назарын өзіне аударған Қазақстанның 

бейбітшілік туы. Бұл ту – елдің жасампаз болашағын тереңнен 

ойлаған көп ұлтты халқымыздың жүрекжарды ақ тілегінің туы» 

- деді. Бұдан кейін облыс басшысы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаевтың  мерекелі  жылдың  басталуына  орай  жолдаған 

құттықтау хатын оқып берді. Ал  осы күнгі синхрон-акцияға орай 

ұйымдастырылған шаралар қаланың әр аумағында жалғасын тапты.

16 ұлттың өкілі білім алады

g

 Ассамблея жылының ашылу салта-



наты облыс орталығында  657 болашақ 

теміржолшы арнаулы орта білім алып 

жатқан №13 Тараз теміржол колледжінде 

жалғасын тапты. 



Арсен БАЙЗАҚ

Айта  кетерлігі  қазіргі  күні 

колледжде  200-ге  жуық  өзге 

ұлттың  балалары  білім  алып 

жатыр. Олар 16 ұлттың өкілдері.

Арнаулы  оқу  орнында  өткен 

«Бірлік  пен  ынтымақтың, 

достықтың  символы»  атты 

мерекелік іс – шараға 16 топ 

қатысып,  олар  әр  ұлттардың 

дәстүрін,  биін,  тамағын  на-

сихаттады.  Мерекелік  іс 

–  шараға  қонақ  ретінде 

шақырылған Қазақстан Халық 

Ассамблеясының мүшесі, Та-

раз  қаласының  Құрметті  аза-

маты,  облыс  орталығындағы 

«Дінепро» украин этномәдени 

орталығының төрағасы, Тараз 

теміржол  колледжінің  түлегі                  

Феодр  Клеменко  студенттер 

мен  жиналған  көпшілікке 

еліміздегі  тұрақтылық  пен                                                                    

жастарды патриотизмге шақыру 

тақырыбында өнегелі ой айт-

ты.  Бір  атаның  баласындай 

бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен 

қол  шығарып,  ынтымақтың 

берекесін  тасытып  отырған 

қазақстандықтарды  Ассам-

блея  жылының  ашылуымен 

шын  жүректен  құттықтады. 

Бұдан кейін студенттер орыс, 

украин, өзбек, қырғыз, татар, 

дүнген,  кәріс,  неміс,  күрді, 

шешен  ұлтының  дәстүрі  мен 

ұлттық  асын  таныстырып, 

кешті би мен әнге бөледі. Ша-

рада  ұтылғандар  болмады. 

Барлық  қатысушылар  үлкен 

дайындықпен келгендіктен топ 

шеберлері мен топ жетекшілері 

белсенділік  танытып,  кол-

ледж  әкімшілігі  тарапынан 

дайындалған сыйлықтар алып, 

алғысқа бөленді.

Көтеріңкі көңіл сыйлады

g

 Қалалық мәдениет үйі үйірмелерінің 



және балалар арасында өткізілген   

байқаулардың жүлдегерлері мен 

қатысушыларынан құрылған  топ 

өнерпаздары жуырда мүгедек балаларға 

арналған мектеп–интернатында мерекелік 

концерт өткізді. 



М. ЖАҚСЫБАЕВА,                                      

Тараз қалалық мәдениет 

үйі жастар  және 

жасөспірімдермен жұмыс 

істеу  бөлімінің меңгерушісі

Концерт  елімізде  той-

ланып  отырған  Қазақстан 

Халқы  Ассамблеясының  20 

жылдық мерейтойына арналды. 

Бағдарламаға қазақ  хақының 

ғана емес, басқа да ұлттардың ән, 

билері енгізілді.Онда қалалық 

«Әнші  балапан»  байқауының 

бас  жүлдегері  Әлихан  Саят, 

ІІ,  ІІІ-  орын  иегерлері  Айдар 

Дидар,  Сымбат  Дәулетова, 

түрлі байқаулардың жүлдегері 

Әнел  Құдабаева,  мәдениет 

үйі жанынан құрылған «Үкілі 

ару», брейк би топтары және 

көптеген талантты балалар өз 

өнерлерін көрсетті.  Жарымжан 

балалардың алған әсерлерінен 

қуанғанын, күлгенін көрген біз 

«аз  ғана  болса  да,  жақсылық 

жасадық-ау» деген қуанышты 

оймен  төбеміз көкке жетердей 

болып, олармен қимай қоштаса 

қайттық. 

Дәстүрлі тарих танымы

g

 Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай 



5 ақпан күні облыс орталығындағы бірқатар мектептерде 

ашық сабақтар өтті.



Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы 

Қазақстан  Халқы    Ассамблеясының  20 

жылдығына орай «Қазақстан халқы ассам-

блеясы  бірліктің,  келісім  мен  достықтың 

символы» тақырыбында бірыңғай Ассамблея  

тарихының сабақтарын өткізді. Оған облыс 

бойынша 450 орта мектептің 191699 оқушысы, 

колледждің 29922 білімгері қатысты дейді 

мамандар. Ал Төле би атындағы №8 гимна-

зиясында  ашық сабақты директордың оқу ісі 

жөніндегі  орынбасары  Әлішер Ғарипуллаев 

10 «А» сыныбының оқушыларына өткізді. Ол 

оқушыларға  Ассамблеяның құрылу тарихы, 

мақсат-міндеттері, атқаратын жұмысы жай-

лы кеңінен мәлімет берді. Сабақ барысында 

оқушылар «Бірлік», «Достық», «Ынтымақ» 

атты  үш  топқа  бөлініп,  тапсырма  алды. 

Бұл үш топ шектеулі уақыттан соң ортаға 

шығып,  өздерінің  алған  тапсырмаларын 

қорғады. «Ынтымақ» тобы Ассамблеяның 

тарихы  жайлы  сурет  салып,    шаңырақ 

бейнесінде түсіндіріп берсе,  «Бірлік» тобы 

кітап турасында мағына мен міндетін ашты. 

Ал  3-ші  «Достық»  тобы  Ассамблеяның 

құрылуы кезеңін баяндады.  Жиын соңында 

«Екі  жұлдыз,  бір  тілек»  әдісі  бойынша 

оқушылардың пікірі, мақсат-мұраты жазылған 

парақшалар тақтаға жабыстырылды. Сондай-

ақ,  мұндай  шара  Жамбыл  атындағы  №5 

мектеп-гимназиясында  жалғасып,  тарих 

пәнінен біріңғай ар-

найы сабақтар өтілді.

-  Өтілген сабақтар 

ж а ң а ш ы л   ә д і с -

тәсілмен,  диалогтық 

оқыту әдісімен өтіліп, 

мақсатына жетті. Атап 

айтқанда, 10 «Ә» сы-

ныбында жоғары са-

натты А.Өтехожаева, 

9  «А»  сыныбында 

Г.Ахмағанбетова, 

11  «В»  сыныбын-

да  М.Тохназарова, 

8  «В»  сыныбында 

Ақпанбетовалардың 

аталмыш  тақырып 

бойынша  өтілген 

сабақтар  маңызды, 

мәнділігімен жоғары 

бағаланды. Сабақ ба-

рысында  оқушылар 

белсенділік,  ізденімпаздылықпен  көзге 

түсіп, тақырыпты толық меңгергендіктерін 

көрсетті.  Сабаққа  Жамбыл  облыстық 

Қазақстан Халық Ассамблеясы орталығының  

хатшысы   Зубайра Сембина қатысып, оң 

бағасын берді, - дейді №5 мектеп-гимназия 

директоры Салтанат Төлеу. Сондай-ақ, осы 

күнгі тағы бір тағылымды сабақ – дарын-

ды балаларға арналған облыстық «Дарын» 

мектебінде де өтті.


ҚАлА-ҚАрБАлАС

3

//   «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №6 (1241),  11 АҚПАн  2015 Жыл 



Біздің Міндет -

халыҚҚа ҚызМет

 

„



Қала тұрғындарына қоғамдық көлік қатынасы қызметін ұсынып 

отырған тасымалдау мекемелерінің паркі тағы да жаңа 23 автобуспен 

жаңартылды.

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Соңғы  кездері  қоғамдық 

көлік  қызметіне  сын  айтылып 

келгенімен, парктерді жаңартуда 

жергілікті билік қолдан келгеннің 

барлығын жасап отыр. Мүмкін осы-

лайша қоғамдық көлік мәдениетін 

көтеретін жағдайға да жетерміз...

Адамның  көптігінен  ауасы 

тарылған  автобустар  ішіндегі 

бір  аяқпен  тұрған  халықтың  

қатарында  жүкті  әйелдер  мен 

қариялар,  мектеп  оқушылары 

тағы  бар.  Олар  да  жолаушылар. 

Бұған қоса, қысыла мініп жүрген 

күнделікті  автобусы    жарым 

жолда бұзылып, діттеген жеріне 

уақытылы жете алмай жүргендері 

қаншама? Қала аумағы да баяғыдай 

емес,  айтарлықтай  кеңейген. 

Сондықтан ескі көліктерді  жаңаға 

ауыстыру құптарлық дүние. Енді, 

міне,  тұрғындарды  тасымалдау 

қызметі  ең  ұзақ    №16,  №27-ші 

қалалық маршруттар жаңартылды. 

Қалалық  тасымалдаушы  меке-

мелермен  2012  жылдан  бүгінгі 

күнге дейін 376 дана орташа және 

үлкен сыйымдылықты автобустар 

сатып алыныпты. Бұның ішінде, 

жол  жүру  тарифінің  60  теңгеге 

көтерілуіне байланысты  ағымдағы 

жылдың басында алғашқы болып 

«ӘулиеатаТрансПасс»  ЖШС  17 

дана «ДунФен» маркалы орташа 

сыйымдылықты автобустар сатып 

әкелді. Ал күні кеше ғана «Тараз-

ТрансМоторс» ЖШС Қытай халық 

республикасынан 23 дана орташа 

сыйымдылық автобустар алғызып, 

тұрғындардың игілігіне тапсырды. 

-    2014  жылы  160-қа  жуық               

автобустар  алынған  болатын. 

«Бизнестің жол картасы - 2020» 

мемлекеттік  бағдарламасының 

аясында Тараз қаласының бірқатар 

кәсіпкерлері  4  бағытпен  жұмыс 

жасап жатыр. Оның ішінде біздің 

12  тасымалдаушы  компаниямыз 

осы  4  жылдың  ішінде  1  млрд. 

700  млн.  теңгеге  несие  алып, 

жаңадан 460 автобус сатып алды. 

Біздің қазіргі басты мақсатымыз 

- қаладағы барлық автопарктерді 

модернизациядан өткізіп, жаңарту. 

Маршруттардың қызмет сапасын 

жақсарту. Бүгінгі таңда қала ав-

тобустары 70 пайызға жаңаруда.  

Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 

100 пайызға дейін көтереміз деген 

жоспарымыз  бар.  «ТаразТранс-

Моторс» ЖШС 2010 жылы  заман 

талаптарына сай жаңа база соқты. 

Енді  маршруттарын  жаңартып 

жатыр.  Алдағы  уақытта  жолау-

шыларды  тасымалдаумен  айна-

лысатын барлық серіктестіктерге 

жаңа  автобустар  алынатын  бо-

«Керуен - 2015» 

аудандарға жол 

тартты

g

 Өңірімізді сапалы 



азық-түлік өнімдерімен 

қамтамасыз етіп 

отырған «Тараз сауда-

саттық компаниясы» 

ЖШС-і Ұлы Жеңістің 

70 жылдығына орай 

арнайы азық-түлікпен 

қамтылған автокеру-

ен көшін аудандарға 

түзеді.


Асылзат ЖҰМАБАЙ

Облыс орталығынан салтанат-

ты түрде аттанған керуен алды-

мен Тараз қаласының іргесіндегі 

Жамбыл  ауданының  орталығы 

Аса ауылына бұрды. Әр аптаның 

демалыс күндері аудандарға жол 

тартатын бұл керуен-жәрмеңке 

біраз уақыттан бері аудандарды 

аралап  келген-ді.  Қорларында 

500 тонна пияз, 1000 тонна қант, 

200 тонна күріш, 30 тонна сұйық 

май және 25 тонна ет өнімі бар 

компания өз істерін меңгерген. 

Және  халық  үшін  пайдалы  іс 

жасап отырған жайы бар.

-    Жамбыл  және  Жуалы  ау-

дандарына  бағытталған  осы 

жолғы жәрмеңкені Ұлы Жеңістің 

70  жылдық  мерейтойына  ар-

наймыз.  Аудандарды  аралап 

болған соң, ақпан айының екінші 

жартысында  облысымыздың 

шалғай мекендеріне азық-түлікті 

вагонға  тиеп  жіберетін  бола-

мыз,- дейді «Тараз сауда-саттық 

компаниясы»  ЖШС  атқарушы 

менеджері Еркін Бұланбаев. 

Төрт  рефрижератор  көлігі 

және  бір  жеңіл  көлік  өнімнің 

17  түрін  тиеп,  Жамбыл  және                                   

Жуалы аудандарына жол тартқан 

керуеншілер халық көп пайда-

ланатын ұн, қант, май, ет, күріш 

сынды  тауар  түрлерін  арзан 

бағаға саудаламақ. Тауар бағасы 

орталық  базардың  бағасынан 

15-20  пайызға  арзандатылған. 

Мәселен,  базарда  80  теңгеге 

бағаланатын ұнды жәрмеңкеден 

67  теңгеге  сатып  алуға  бола-

ды.  Осыған  дейін  Мойынқұм, 

Шу, Құлан, Байзақ, Меркі және 

Қордайда  сатылымға  шыққан 

өнім  баға лары  дағдарыс 

қ ұ р с ау ы н д а ғ ы   ха л ы қ т ы ң 

қалтасына  біраз  жеңілдік  жа-

сады.  Әрі  сапасына  да  ешкім 

наразылық  білдіріп,  шағым 

түсірмеген.  Ұлы  Жеңістің 

70  жылдығына  арналған  бұл 

жәрмеңке  сапарына  «Ерекше 

тәуекелді солдаттар» ұйымының 

«Жеңіс қаһармандары» облыстық 

қоғамдық бірлестігінің төрағасы 

Малик  Турлумбеков  батасын 

беріп, ақ жолға шығарып салды. 

g

 



2014 жылдың 26 желтоқсанында Елбасы «Қр 2015-2025 жылдарға арналған 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» бекіткен болатын. Ел келешегіне 

кесірін тигізуден тайынбайтын қоғамдық дертке қарсы әзірленген атал-

мыш құжатты таныстыру мен түсіндіру мақсатында  Тараз қаласы әкімдігінде                  

жиын өтті.

Айсана НҰРБАП

Жемқорлық – ғасыр індеті. Мемлекет бүгінгі 

таңда қоғамның әр саласына бой үйретіп, ақ 

жағаға жұққан дақтай тереңге сіңе бастаған 

сыбайлас жемқорлық дертімен күресудің жаңа 

жолын,  жаһандық  қаруын  тапқан  сияқты. 

Тіпті аталмыш дертті тарихынан бастап түп- 

тұқиянына дейін құртып жіберуге даяр. Тек 

бірлесе  жұмыс  жасау  керек.  Қала  әкімдігі 

аппаратында болған жиынға ҚР Мемлекеттік 

қызмет  істері  және  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы 

бойынша  департаменті  басшысының  орын-

басары, Тәртіптік кеңестің төрағасы Ғалым 

Тұрсынбаев  қатысып,  жаңа  стратегияның 

мән- жайымен таныстырып өтті. Тараз қалалық 

мәслихатының хатшысы Балабек Нарбаев, қала 

әкімінің  орынбасарлары  Маржан  Қожаева, 

Жақсылық Сапарәлиев және түрлі деңгейдегі 

мемлекеттік  қызметкерлердің  қатысуымен 

өткен    басқосудың  басты  тақырыбы  – 

«Қазақстан  Республикасының  2015-2025 

жылдарға  арналған  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы стратегиясы» болды. Күн тәртібіндегі 

мәселе  бойынша  алғашқы  болып  сөз  алған 

Ғалым Сұлтанұлы жалпы сыбайлас жемқорлық 

орын алған жерде мемлекеттің, қоғамның да-

муына өзінің кері әсерін тигізетінін, нақтылай 

түскенде мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін 

едәуір төмендететінін, қоғамда демократиялық 

қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтінін, 

еліміздің  халықаралық  беделіне  көлеңке 

түсіретінін,  ал  ең  бастысы  адамдардың 

қоғамдық  демократиялық  негізіне  деген 

сеніміне,  заң  мен  әділдікке  деген  сеніміне, 

түптеп келгенде, билікке деген сеніміне сызат 

түсіретіндігін баса айтты. Сондай-ақ, Ғалым 

Сұлтанұлы аталмыш Стратегияда сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылдың  негізгі 

бағыттарымен жүргізілуге тиіс тәсілдерге және 

басым шараларға теориялық тұрғыдан кеңінен 

тоқталып өтті. Сөз соңында кеңес төрағасы, 

облыс    аумағында  орын  алған  сыбайлас 

жемқорлық  қылмыстарының  статистикалық 

деректерінен  мәліметтер  келтірді.  Мәселен, 

өткен 2014 жылы облысымызда 147 іс қозғалған 

болса,  оның  ішінде  істі  болғандардың  53–і 

құқық қорғау саласы қызметкерлері, ал 46-сы 

білім беру саласы қызметкерлеріне тиесілі екен. 

Ал тәртіптік құқықбұзушылықтар 2013 жыл 

деңгейінде қалып отырған көрінеді. Өз кезегінде 

сөз алған қала әкімінің орынбасары Жақсылық 

Сапарәлиев  те  өткен  жылы  қала  аумағында 

сыбайлас  жемқорлық  әрекеттеріне  қарсы 

жасалған бірқатар жұмыстармен таныстырып 

өтті. Жиынға қатысушыларды қызықтырған 

мемлекеттік қызмет мәселелері болғандықтан, 

сұрақтардың  басып  көпшілігі  осыған  бай-

ланысты  болды.  Жиын  соңында  қойылған 

сұрақтардың барлығына аталмыш Агенттіктің 

облыстық департамент басшысының орынбаса-

ры түбегейлі жауап берді.

Екі парк жаңартылды

лады, -  деді жүргізушілерге жаңа 

автобустардың кілтін табыс еткен 

қала әкімінің орынбасары Жақсылық 

Сапарәлиев.  «Қалалық  қоғамдық 

көліктерді  жүргізіп  жүргеніме  12 

жылдың  жүзі.  Бұның  алдындағы 

автобусты үш жылдай қолдандық. 

Не дегенмен техника болғасын то-

зып, нашарлады. Кейінірек өзіміздің 

басшылыққа  жаңа  автобустардың 

қажеттілігін айтып, ұжым бойынша 

ұсыныс  айттық.  Ендігі  қолымыз 

жеткен жаңа көліктеріміз жұмысқа 

деген құштарлығымызды арттырып 

тастады  және  бұл  көлік  алдыңғы 

автобусқа  қарағанда  мүмкіндігі 

жоғары.  Барлығы  заманауи 

жабдықталған,  жолаушылардың 

қ ау і п с і з д і г і н е   д е   ж а ғ д а й 

жасалған.  Бір  сөзбен  айтқанда, 

барлығы  автоматтандырылған. 

Жылытқыштары  да  қолайлы. 

Халыққа  да,  бізге  де  сапалы 

жұмыс  жағдайын  жасап  берген 

басшылыққа  алғысымыз  шексіз», 

- дейді жаңа көліктің жүргізушісі 

Жамбыл Омаров. Алдағы уақытта, 

«СапарТранс-2012»  ЖШС-і  20, 

«Саяхат-99» ЖШС-і 20, «Дамрус» 

ЖШС-і 15, «№1 Тараз автобус паркі» 

ЖШС-і 20 дана орташа және үлкен 

сыйымдылықты автобустар сатып 

алу үшін қажетті қам жасауда. 



ЕСЕП

4

//   «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №6 (1241),  11 АҚПАн  2015 Жыл 



 

„

И.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназияда өткен кезекті есеп беру жиынында 



аумақ тұрғындарының біразы қала әкімінің жеке қабылдауына жазылуға мүмкіндік 

алды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет