Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап


-ҚАДАМ. Екі картинканы көрсету: 2-ҚАДАМ



Pdf көрінісі
бет89/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   138
1-ҚАДАМ. Екі картинканы көрсету:
2-ҚАДАМ. Қайсы фейк, қайсы шынайы сурет? Айфон ойнатылған ұтыс ойының қайсы рас?
3-ҚАДАМ. Тақтаға өз еркімен бір оқушы шығады. Ол ненің рас, ненің өтірік екенін қандай бел-
гілер бойынша анықтайтынын тақтаға жазады. Қалған оқушылар көмектеседі.
Мұғалімге көмек: 
1-сурет шынайы. («Светофор» интернет-дүкені) онда ұтыс ойынын кім өткізіп жатқаны жа-
зылған; конкурс ұйымдастырушыларын офф-лайнда (телефон арқылы, мекен-жайы көрсетіл-
ген) табуға болады, олардан өткізіліп жатқан конкурс туралы қосымша ақпарат алуға болады. 
Конкурс туралы ақпараттан ұтыс ойынының мақсатын білуге болады. Мақсаты: Фейсбуктені 
«Светофор» дүкенінің парақшасының жазылушыларының санын 
көбейту.
2-сурет – фейк: Жомарттықтың себебін түсіну қиын. Сөйлем-
дерден бұрынғы фейктерден алынған тіркестерді табуға болады. 
Мысалы, «ақшамен арбалған әлемді жаным сүймейді». Байланыс 
телефондары көрсетілмеген, хабарламаны кім жазғаны да белгісіз.
Шынайы ұтыс ойындарының жалғасы болатынын түсіндіру керек. 
Мәселен, ұйымдастырушылар үшін бұл маркетингтік амал және 
бедел үшін жасалады. Мысалы, дүкеннің фейсбук парақшасында 
кездейсоқ санды таңдау жүйесі арқылы конкурс жеңімпазының қа-
лай анықталғаны туралы видео бар.
Оқушыларға дүкеннің фейсбуктегі парақшасында жеңімпаздың 
қалай таңдалғаны туралы видео, одан соң жеңімпаздың суреті жарияланды.
Фэйктердің мақсаттары әр түрлі. Біріншіден, алаяқтық. Мысалы, айфон ойнатылған жағдайда жеткізу үшін ақыны алдын-а-
ла жіберу керек делінуі мүмкін. Сіз ғана емес, мұндай талап бірнеше мың адамға қойылады. Ал, пәтер ойнатылатын ұтыс 
ойындары құрылым компаниясы жасаған вирусты жарнама болуы да мүмкін. Халық қызығуы мүмкін, ал ұтыс ойындарын 
алаяқтардың кезекті әрекеті дей салу оңай. Немесе бір ресурстың оқылым санын көбейту үшін арнайы ашылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет