6-қадам. Оқушылардың жауаптарын тыңдау
Суреттің бірінші бөлігіне қарап тұтқынға жасалып жатқан қатігез әрекетті көреміз. Екінші бөлікке қарап шатасуға болады.
Әскердегі солдат су ішкізіп жатыр немесе тұтқынға өте жақсы қарап жатыр. Дегенмен, ақиқат мынандай: мұнда тұтқынға
деген жақсы қарым-қатынас та, қатігездік те жоқ. Иә, суреттегі тұтқын. Бірақ оны ешкім қорлап жатқан жоқ. Бірақ басына
тақалған автоматқа қарап оған қасындағылар сенбейді деген болжам жасауға болады.
Осы суреттен соң жаңа «мем» пайда болды. Ол әртүлі мүдделі тараптардан әртүрлі ақпарат алуға болатынын көрсетеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары оқиғаны толықтай, жан-жақты беру керек деген кәсіби қағидаға бағынуға міндетті. Көбіне
журналистер бірінші ақпарат көзінен алынған оқиғаны толық баяндайды. Алайда, оқиғаны бір қырынан ғана көрсететін БАҚ
жетерлік. Не маңдайына автомат тақалған тұтқынды, не су ішіп жатқан солдатты.
Оқиға туралы, тенденция туралы көп білген сайын, картинаны толығырақ білу мүмкіндігі де арта береді. Егер оқиғаға бір
жағынан ғана қарасаң, онда не болғанын толық біле алмайсың. Жоғарыдағы жаттығудың мақсаты осы.
Әртүрлі жағдайларға байланысты толық ақпарат алу мүмкін болмаса, мысалы болған оқиғаның бір бөлігі туралы ақпарат
әдейі жасырылса, сыни ойлау қабілеті көмекке келеді. Соның арқасында біз қосымша сұрақтар қойып, оған жауап іздей
бастаймыз.
Егер оқушылар сурет тарихы туралы толығырақ білгісі келсе, мына ақпаратпен бөлісуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: