БАҚ әрдайым жалған ақпарат таратады деу дұрыс емес. Ол – халықтың
көпшілігі үшін негізгі ақпарат көзі. Төрт сабақ бойы біз БАҚ арқылы ақпарат алуға
қатысты бірнеше жайттарды қарастырдық. Сабақтар бізді ақпаратқа сыни тұрғыда
қарауды үйретті. Бұл газет оқымау керек, теледидар көрмеу керек, журналистердің
барлығы өтірікші және ақшаға сатылады деген сөз емес. Қазіргі уақытта ақпаратсыз
өмір сүру мүмкін емес.
Бұл сабақтардың мақсаты – ақпаратты сыни қабылдауды үйрету. Өз-өзіңе сұрақ
қою керек, ойлану керек, қосымша ақпарат іздеу керек, сондай-ақ ақпарат арқылы
манипуляцияға жол бермеу керек.
Одан бөлек, сапалы өнімді талап ете де білу керек.
- БАҚ-та ақпаратты манипуляциялаудың
көптеген тәсілдері бар;
- Әр БАҚ-ң көздеген өз мақсаты бар;
- Ақпараттық қауіпсіздік – ұлттық қа-
уіпсіздіктің ең маңызды бөлігі;
- Біз ақпаратты сауатты болуымыз керек.
Бұл азаматтардың жеке қауіпсіздігіне ғана
емес, ұлттық қауіпсіздік мәселелерімен
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: