СЛАЙД № 4
1.Материал не туралы?
- Материалда қандай оқиға туралы айтылады? (қандай ақпараттық себеп?)
- «Не болды?», «қайда болды?», «қашан болды?», «не үшін олай болды
(жағдайдың себептері)?», «ары қарай өрбуі туралы мәліметтер бар ма (ресми
статистика)?» сұрақтарына жауап бар ма?”
Баткен оқушылары жүргізушіні ұрып-соғып, оны ұрлаған сол машиналарының
жүк салғышына салған. Сюжет барлық сұрақтарға жауап бермейді. Жасөспірім-
дер арасындағы қылмыстың себептері айқын емес. Белгілі бір уақыт аралығын-
да жасөспірімдер арасында қылмыс өсіп келе жатқандығы немесе, керісінше,
төмендейтіні туралы деректер жоқ. «Неге» деген сұрақтың жалғыз жауабы
- компьютерлік ойындарға деген құштарлық. Алайда, жауап берген психолог
емес, журналистің айтуы бойынша бұл оқиғаға ата-ананы кінәлаушы мұғалім.
Ғаламтордағы ойындар балалар арасында қылмысының өсуінің жалғыз себебі
емес. Көптеген факторлар болуы және журналист айтқан себеп басты себеп
болмауы да мүмкін.Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы қылмысқа орай қан-
дай жағдай қалыптасып, өсіп келе жатқаны немесе төмендегені туралы стати-
стика бойынша деректер жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: