Медиамәдениет
Қазіргі кезде біз ең көп естейтін ұғымдардың бірі ол медиамәдениет. Медиамәдениет дегеніміз қoғaмның индycтpиaлды дaмy caтыcынaн жaңa өpкeниeттiк өрлеу сатысына өтy үрдісі. Ол адам өмірін барынша қарапайым қылуда және инновациялық мүмкіншіліктердің жаңа әлемін ашуда таптырмас құрал болып табылады.
Бүгінгі күнде ақпарат құралдарының адам өміріндегі маңыздылығы соншалық, яғни басым бөлігі медиаға тәуелді болғандықтан, тек «ақпараттандырылған» қоғам деп атап қана қоймай, сонымен бірге «медиаландырылған» қоғам деп те аталуда. Қазіргі пандемияға байланысты тіпті де бұл ақпарат көздерінсіз өмірімізді елестете де алмайтын күйге жеттік. Себебі бұл ақпараттық құралдар арқылы әлемдегі, айналамыздағы болып жатқан жаңалықтардан хабардар болып, қашықтықтан оқыту, жұмыс істеу барысында жүгініп отырмыз. Ақпараттық қоғам адамның тұрмыс тіршілігіне ғана емес, оның сана-сезіміне, таным-көкжиегіне, рухани өміріне, қоғамдық пікірдің қалыптасуында өзіндік әсерін тигізеді. Осы жерде атап өтетеін ең маңызды фактор ол ақпарат құралдарының дәлдігі, ақиқаттылығы әрі нақтылығы.
Адамзат медиамәдениет аясында өмір сүргендіктен, оның әсеріне түсе келе тұлғалық дамуға жол ашып, белгілі бір өлшемде дами түседі. Ол кемелдену тұлғаның өзіне ғана емес, еліміздің көркеюіне де өз әсерін тигізеді. Ал жаңа ақпараттық технологиялар ғылымның және ғылыми қоғамның дамуына жаңа беттерді аша түсті. Технологиялардың әсерінен қол еңбегі aзaйып, бірқaлыпты білім процесі қысқaрды. Бұл ақпараттық құралдар, жаңа технологиялар адамның тұрмыс-тіршілігін біршама жеңілдетті. Алайда тиынның екі жағы болады демекші, ақпараттық техниканың да осал тұстары, яғни адам өміріне кері әсерін тигізетін жақтары бар. Біріншіден, ол адамдардың интеллектуалды күйіне тиізер әсері. Осы жайлы,орыс философы әрі жазушысы Зиновьев былай тұжырымдайды. “Ақпaрaттық технологиялaрды жaппaй енгізу позитивті сaлдaрғa aпaрмaйды: «Жaсaнды интеллект aдaмның тaбиғи интеллектуaлды дaмуынa кедергі жaсaйды» Адaмдaр өзaрa aлмaсaтын aқпaрaттaрдың мaзмұндық сaпaсынa нaзaр aудaрсaқ, жaртысынaн көбі мәнсіз. Осығaн орaй, aдaмдaрдың өзaрa сұхбaт құруынa зaуқы соқпaйды”, - деп жаңа технологиялардың адамдарың интеллектуалды деңгейіне ғана емес, сондай-ақ өзара коммуникативті қарым-қатынасына да тигізер кері әсерін атап өтеді.
Ақпарат көздеріне өзіндік сыни көзқарасымен қарайтын Американдық БАҚ сыншысы, әлеуметтанушы Герберт Шиллер “бір-бірімен еш бaйлaныссыз aқпaрaттaр тым көп лекте беретін рaдио, теледидaр, гaзеттерге үлкен сын білдіреді. Жaрнaмa функциялaрын екі мaғынaдa түсіндіреді: біріншіден, қaжетті-қaжетсіз тaуaр мен қызмет түрлерін нaсихaттaйды, екіншіден, медиaмәтінді түрлі бөліктерге бөліп, сaнa толықтығынa негaтивті әсер етеді.”
Американдық ғалымның айтуы бойынша ақпарат көздерінде мардымсыз мағлұматтар өте көп және олар адамның сана-сезімінің дамуына негативті тұрғыдан әсер етеді. Осы тұста, қандай ақпарат терең әрі пайдалы мағлұмат беретін, аса мығым және күшті екенін, ал қайсысы керексіз, маңызы аз екендігін айыра білу қажет.
Қазіргі осы инновациялық технологиялар заманын дамытушы әрі тез бейімделуші ол – жастар. Қазіргі жастардың интеллектуалды деңгейі өте жоғары, себебі біріншіден қазіргі ұрпақ “Зет” ұрпағы, яғни ақпаратты лезде меңгере қоятын, сандық әлемде оңай бейімделетін және таңғаларлық иноваторлық қабілетке ие жаңа ұрпақ. Екіншіден, олар тәуелсіздікке ұмтылуда және тәуелсіз жұмыс жасау үшін алдыңғы ағым ағалармен бәсекелестікке түсуден қорықпайды, яғни бәсекеге қабілетті. Үшіншіден, “Зет” ұрпағы әлемге түрлі өзгерістер әкеле алады, яғни жаңашылдыққа ұмтылады. Сол себепті Елбасымыз еліміздің болашағын жастардың қолына табыстап, оларға үлкен үміт артқан.
Жаңа технологиялардың кемшіліктерін атап өткенімізбен, егер сол ақпарат құралдарын дұрыс қолдана білсек, алған материалдарды оң арнаға бұра білсек, онда технологиялар біздің материалдық дүниемізді ғана емес, рухани өмірімізді де байыта түседі.