“… Шегірткеге талатқан Қырғауылда жүн бар ма? Жапалақтан жасқанған, Жалғыз қазда үн бар ма?” Наурызбайдың Ақауыз аттан құлауын жырау былайша келістіреді. “Ай мүйізді қошқардың бөрі тартты қоңынан”.
Жырда қырғызбен соғыс: Тортөбел аттың ұрлануы, Кенесары, Наурызбайдың қырғызға баруы, жекпе-жектер, жеңіліс, Нысанбай жоқтауы берілген. Көптеген тарихи жер атаулары, Кене қасындағы тарихи адамдар – батырлар ісі баяндалады.
Жырға кейде айтыс элементтері араласып отырады; дәстүрлі қолданыстар; қайсыбірі оқиғаның баяндалу әдісінде батырлар жырының мақамымен сөйлеу, Мысалы: Наурызбай тұрып сөйлейді, сөйлегенде бүй дейді, т.б. дамыту, үдету үлгісінің болуы – жырдың жанрлық табиғатының өзгешелігін көрсетеді.
Жыр мынадай мұң-шермен, ауыр аяқталады:
… Кене хан жазым болған соң, Бет-бетімен тарадық; Көрінгеннен қорғалап, Кісі аузына қарадық Шауып алған Созақта Сарттан ақыл сұрадық. Бастан ауды бағымыз, Иесіз қалды тағымыз Төрелер жазым болған соң Артында қалған көп қазақ Келіспеді сәніміз. С. Мұқанов зерттеуінде Кененің орыстан кешірім сұрап алдауы, Қырғызға бару, Жетісуға ауу жайы, патша үкіметі қолданған шаралар ұғындырылып барып, Нысанбай жыры талданады. С. Мұқанов Нысанбайдың тарихи шындықтан ауытқымағанын, екі жаққа бірдей болып отырып сөйлегенін (қырғыз-қазаққа) атап айтты.
Нысанбай жырының негізі – тарихи шындық оқиға. Ақын өмір фактісін фольклорлық, эпикалық тәсілдерді арасына жүгіртіп отырып, айқын суреттейді.
... Қырғыздың ханы Қалшахан, Жар салады еліне... “Қайғыға толды бұл сапар, // Қазақтардың қойыны”, “Жер бауырлап сүрінді”, “Қайраты көп болғасын, // Найзасы аумай білектен”, “Төре аттанып кеткен соң, // Бытырап кетті қалған жұрт, // Бақсының тозған жырындай”...
Нысанбайдың Хан Кене мен Ер Науанды қастерлеуі сөзін тауып аруақтана түседі. “Хан еді мойны сынбаған”, “Екі ұдайға келгенде, // Қанатын жайып сұңқардай, // Тастан қайтпас болатты”.
Қазақ қолының күшейіп, жауға тиген бір сәтін “Сұңқарлар жайды қанатын” деп суретке салады.
Нысанбайдың жыр тілі соншалықты бай, сондай тапқыр әрі суретті. Баяғы бір сәнді, салтанатты шақты мұнан артық қалай сағындырып, сезіндіруге болар...
... Тоғыз түйе арттырып Отаулатып қыз берген Ұрыс сәтінің, арқаланып, аруақ шақырып атқа қонған майданның күйі де екінің бірінің аузына түсе бермейтін сөз тауып, жаугершілік ұрыстың ширақ динамикасы, серпінді тас-түйін күйін суретпен сызады.
“Келсеңші”, – деп ақырып, Сарыала туын жайнатып, Қырғыздар жүрді жөңкіліп, Төскейде атын ойнатып. Жырда шынайы өмір суреттері мен дәстүрлі эпикалық жырлардың асып-төгіліп жатар үдете сөйлеу үрдісі қоса-қабат өрілген.
Ор қояндай бұлтиған Көк дөнен ат астында. Қамзол ішік құнтиған Ақ орамал басында. Жанған оттай бұрқылдап, Жаудың барды қасына Сол уақытта Наурызбай Жиырмасыншы жасында. Кенесарының қырғызға баруы соншалықты дәлдікпен баяндалған. Өмір оқиғасын жүрекке түскен бар зарымен соншалықты шебер өріп жеткізген ақындық қуатқа қайран қалмасқа болмайды.
Нысанбайдың азаттық рухын көтере жырлауы ақынның биік азаматтық тұлғасын көтере түскен. “Қоғамы күшті” (Нысанбай) Кенедей ерлердің жанында осындай батыр ақынның жүруі де – құданың құдіреті.
Елдік, ерлік рухы биік Нысанбай жырау – анау арғы замандарда қасқайып сөз айтқан, азаттық үшін “күн астында жортқан” (Доспамбет) ерлердің, “торлаусыз өскен құландардың” (Ақтамберді) сарқыты.
... Ойда Қоқан, қырда орыс, Хакім болды қаласы. Кімнен таяқ жегендей Біздің қазақ баласы?! Алдырып жүрген дұшпанға – Өзді-өзінің аласы! [Қазақ халық әдебиеті. Көп томдық. – Алматы: Білім, 1996. – 3 т. – 224 б.].
Нысанбай тілі тұспалға толы.
“Аллалап” жүрген қырғыздың