Мәдібаева қанипаш қайсақызы



бет39/85
Дата17.10.2023
өлшемі1,9 Mb.
#116791
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   85
Байланысты:
Мадибаева-Қ.XIX-ғасыр-әдебиетінің-қөркемдік-дамуы-Оқу-құралы-2007ж.

Орай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?! үлгісін “Қалыңға боран борамас” деп, дәстүрлі үлгіде де өруге болар еді. Махамбет ол түрді әдейі “бұзып”, қарсы сұрақпен келетін поэтикалық қуатқа суарып тұр өрекпіп өрге жұлқынған өжет өлеңді.
Өлең құрылысы ситуацияға орай іле-шала біліп тұрған жайды “білмей” сұрау түрінде түзілген.
Дәстүрлі үзілді-кесілді дүние жаратылыс заңдылықтарын, шарттарын Махамбет нақыл сөз айтқан ділмәр шешен миссиясында емес, ақпа-төкпе, арпалыс сөз буған ақын кейпінде, шешендіктің түп негізін енгізе отырып, үні де, жөні де бөлек жұтынып тұрған өлеңге, нағыз поэзияға айналдырудың жаңа бір үлгісін ашқан.
ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясында да, одан ілгерідегіде де “Ереуіл атқа ер салмай” мен “Орай да борай қар жаусаның” үлгісі кездеспеді. Махамбетте “Орай да борай...” үлгісінде келген өлеңдегі сұрау – жауабы белгілі сұрақ. Оны Махамбеттің басқа сұраулы мағыналы өлеңдерімен ұқсас деуге болмайды.
“Бағаналы терек жарылса,
Бақыраш жаман болар ма?!” немесе
“Туған ұлдан не пайда?” өлеңдері шешендік нақыл мәннің сұраулы сөйлемге айналуы емес, өмір заңдарына ақын атынан кесім, үкім айту.
“Орай да борай” – Махамбет өлеңге әкелген жаңа бір түр.
“Арғымақ, сені сақтадым” өлеңі де – дәстүрлі шешендік үлгіден жетілген өлең. Мұнда да дүние шарты қамтылған. Өлеңнің 1925 жылғы
Х. Досмұхамедұлы басылымы негізінде басылған “Махамбет” (Арыс, 2001) жинағындағы мәтіні Махамбет өлеңінің құрылымын Абайша жасалған етіп көрсету ниетінен тумады ма деген ой келеді. Әйтпесе,
Арғымақ,
Сені сақтадым,
Құлағың сенің серек деп.
Азамат,
Сені сақтадым,
Бір күніме керек деп... –
деп басталған өлеңнің соңғы бөлігі
Ат – жігіттің майданы,
Қылыш – жанның дәрмені,
Өлім – хақтың пәрмені...
болып жалғасады.
Ат –
Жігіттің майданы,
Қылыш –
Жанның дәрмені
деп бөлінбеген.
Ақынның жақсы мен жаман, аяр мен адал жайлы дәстүрлі тоқтамдаррды нақтылы тарихи жағдай, дәуір дүрбелеңі шындығына араластырып келтіруі және бір өзгешелік, өзіндік үні. Тапқаны. “Жабыдан туған жаман аттың шаба алмайтыны жайлы” ақиқатты ақын заманның уақиғасы, шындық жағдайымен сабақтастырады.
Қырдан қиқу төгілсе,
Еділге таман үңілсе,
Арғымақтың баласы
Шабушы еді безектеп...
Ақын нақтылы жағдайда дәстүрлі сарынды негіз ете отырып, реалистік сипат дарытқан. Сыдыртып сырт баяндау, тіршілік шартын санамалау емес, жаңдылық дарыта отырып, айқын суретті, өмірде болған шынайы құбылысты сурет жасап отырып енгізу.
Махамбетте Азамат ердің баласы мен Арғымақтың баласының сапасы көп мәрте көлденең тартылады. Тазалық пен туралықтың тұспалы, түп бейнесі кейпінде көп көрінер еді.
Бұрын-соңғыда бұлайша, жауынгердің болмысын азаматтық қасиеттермен астастыра, ұлы құрметпен, бағасын бере, қасиетін аша сөйлеу дәстүрі қазақ поэзиясында бола тұра, дәл Махамбетше келістіре сөйлеп, көтеріп айтуды кездестірмедік.
Махамбет өлеңі – толыққанды кешен, Азамат ердің баласын бар қасиетімен аша алған, азаматтық поэзияның үздік үлгісі.
“Азамат ердің баласы” дейтін тіркес – Махамбеттің азатшыл рухы мен биік азаматтық өресін, ұстанымын айқындай түсер бір оралым.
Махамбеттану – бүгінде өрісті, ауқымды ғылым аймағы. Махамбеттің ақындығы арбамаған қазақ баласы жоқ. Махамбет әр қазақтың жанында. Жаратылысында. Мәңгілікпен туысып туған Махамбет ақынның жуық жылдар ішінде 200 жылдық мерейтойы өтті. Жалаулы найза ұстап жауға шапқан батыр Махамбетпен халқы мақтанғалы қаншама жылдар жылжып жатқанымен, бұрын-соңды кең ауқымда ат шаптырып, той жасап атап өткен шара Махамбеттің пәнилік ғұмырында да, бақилығында да осы болды.
Махамбет поэзиясы алаулатып, жалаулатып той өткізіп, қадірін асырып көтермелеуге әсте зәру болған емес екені белгілі. Бірақ бұл шараның бір керегі, бір кереметі – ендігі ұрпаққа Махамбет мұрасын аманат ету болғандай. Махамбеттану өрісі осы тұста кейінгінің, қазақ әдебиеттану ғылымының келелі көшінің жүгін көтеріп келе жатқан буының танымымен толыға түсті.
Махамбеттің ақындық алымы, ақынның бұрын көп айтылмаған шеберлік жөндері асқақ өлеңінің алабөтен рухы, ата-тек, өскен ортасы, хан Жәңгірмен арақатысы, аумалы-төкпелі заманалардағы қилы тағдыры тағы бір мәрте ұрпақ зердесінен өтті. Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымы, ілгері озған ғылым, өткеннің көп құндылығын құнттап игілігін көру мүмкіндігіне де ие болып отыр. Ілгері дамыту, ғылыми негіздемелердің көкжиегін кеңейтуге білім, білік жөнінен де жетіліп отыр.
Академик Зейнолла Қабдолов Махамбеттің ЮНЕСКО деңгейінде аталып өткен 200 жылдығы қарсаңында “Елдік пен ерліктің өшпес рухы” атты заманалар тоғысындағы ой толғансында былай деп жазды:
“Әрине, асқар таудың асу-асу белдері біреу емес, бірнешеу болатыны секілді, қазақтың жыршы-жыраулық өнерінің де төбесін тіреген қадау-қадау діңгектері бірқыдыру бар. Асан Қайғы мен Қазтуған, Доспамбет пен Шәлгез, Жиембет пен Марғасқа, Ақтамберді мен Тәтіқара, Үмбетей мен Бұқар… Осылардың әрқайсысы заңғардың әр биігіне ұқсас, Махамбет бар биіктің ішіндегі Қыранқия тәрізді қиырдан мұнартады” [101].
Сол қиырдан мұнартқан Қыранқияға бүгінгі таным әр қырынан көз салды сол мерекелік жылда. Махамбеттанудың сонау Халелдердің заманынан бері тартқан ұзынарқау ұзақ желісі тағы да өрісін ұзартты. Ақын мұрасы, көтеріліс жайы, махамбеттану мәселелері әр қырынан қарастырылды. Бұл тұста Махамбет әлемінің шексіздігі және бір айғақталды.
Үздіксіз қозғалып келе жатқан Махамбет ақындығы жайлы үзілмеген әңгіме күрделене түскенін, құнарлана түскенін тағы көрсетті.
Тілші ғалым Сабыр Мұраттың “Махамбет поэзиясы тілінің орта ғасыр жазба ескерткіштеріне қатысы” мақаласында сөз болған жайлар Махамбеттің ақындық әлеміне бүгінгі мүмкіндік, бүгінгі таныммен үңілудің бір көрінісі. Мұнда бұрын Махамбет шығармашылығының қозғалмаған қыры қарастырылады.
“Сондықтан Махамбеттің араб әрпіне негізделген орта ғасырлық жазба әдеби мұралармен таныс болуы әбден мүмкін.
…Орта ғасырдағы ғұламалар араб, парсы тілдерін жетік білген және өз дәуірінің жазба дәстүрі бойынша шығармаларында араб, парсы сөздерін қолданып отырған. Мұндай дәстүр Махамбет поэзиясы тілінде де аңғарылады.
Мысалы,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет