2-бөлім бойынша тұжырым “Зар заман ағымының тарихилық жөннен негізделу мәселелері” атты екінші бөлімде қазақ әдебиеті тарихындағы зар заман ағымының теориялық негізделуі; оның пайда болуының тарихи алғы шарттары мен зар заман әдебиеттің айтулы тұлғаларының шығармашылық даралық сипаттары; зар замандық ортақ желілер, негізгі сарын мәселелері арнайы, ілгерідегі зерттеу нәтижелері негізінде дамытыла, айқындала түсіп қарастырылды.
Зар заман өлеңнің негізгі түрлері, тарихи зар заманның негізгі дәуірлері аясында бұрын арнайы қарастырылмаған Махамбет және зар заман әдебиеті, Ыбырай Алтынсариннің зар заманға, оның ішінде діни жөнге қатысын зар заман әдебиетінің жайылу өрісін, дәуірлік әдеби дамудағы алатын ауқымын айқындай түсер ерекшелігі есебінде зерттеу қисындары ұсынылды.
Зар заман әдебиеттің тарихилық мәселелерін негіздеуде Ахмет Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқыш” еңбегіндегі ХІХ ғасырдағы әдебиет дәуірлері жайлы осыған шейін ғылыми айналымда аталған мәннен қарастырылмаған ұстанымдарын да қосу мәселесін қозғадық.
Зар заман әдебиеттің ауызшадан жазбаша әдебиетке көшу кезіндегі
(М. Әуезов) әдебиет фактісі есебіндегі орнына да арнайы кеңінен тоқталдық.
Махамбет поэзиясын ілгеріде М. Әуезов, С. Мұқанов атап көрсеткен зар заманның ісшілдік, бостандық, күрес кезең әдебиеті аясында махамбеттану мәселелерін мүмкіндігінше тұтас қамтып отырып, Махамбет поэзиясын өлеңдегі даралық, жанрлық өзгешеліктер жөнінен тереңдете зерттеудің қисындарын жүйеледік.
Махамбеттің өлең үлгісіндегі өзгешеліктің арғы арналарына көңіл бөлудің қазіргі заманғы ғылыми жетістіктері, бағдарлары – махамбеттанудың ендігі алымы.
Абаймен иықтас Махамбет поэзиясын өлең түрі, құрылым, тіл кестесі жөнінен зерттеуді ілгерілетудің ғылыми қисындарына көңіл бөлінді.
Махамбет және дәстүрлі жыраулық поэзия мәселесі, Махамбет поэзиясының жаңа алымы нақтылы қарастырылды.
Шығармашылық сыр, Махамбет поэзиясының теориялық негіздемесін тұжырымдау арқылы махамбеттанушы ғалымдар махамбеттану ғылымы сол арқылы қазақ өлеңінің, қазақ көркем сөзінің де теориясын жасау фактісіне көңіл бөлінді.
Махамбеттанудың ендігі кезектегі көкейтесті мәселесінің бірі оның ақындық қуатын таныған үстіне тани, аша, ғылыми негіздей түсумен бірге Махамбеттің ақындық дәстүрі, қазақ әдебиетіндегі Махамбеттің мектебі мәселесін зерттеуге бет бұру екендігі көрсетілді.
Махамбет поэзиясының тіл кестесін түбегейлі зерттеудің де өрісі ұзарып отырғандығы, одан туындар мәселе, табар олжа да айтылды.
Жұмыстың екінші бөлім, екінші тарауында Ыбырай Алтынсариннің қазақ әдебиеті тарихындағы зар заман ағымы мәселелері мен тарихилық негізде тоқайласатын мәселелері арнайы қарастырылды.
Ыбырайдың қазақ ағартушылығындағы тарихи миссиясының зар замандық негіздері 1927 жылғы Мұхтар Әуезов тұжырымы аясында нақтылы пайымдамалармен қамтылып қарастырылды.
ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы саяси-әлеуметтік ахуал, қазақ даласындағы оқу, мектеп жайы жаңа бағыттарға жол ашты.
Зерттеу еңбегімізде Ыбырай Алтынсариннің патша үкіметі тарапынан жүргізілген қазақты дүмшелендіру, дін саясатына нақтылы қарсылық мәндегі оқулық еңбектерінің тарихи орнына уақыт көзімен жаңаша баға берілді. “Шариат-ул ислам” оқулығы жайлы алғаш рет жан-жақты, арнайы айтылды.
Ыбырайтану ғылымындағы айтулы нәтижелер аталып өтіліп, ол еңбектердің ғылыми қисындарын Ыбырай Алтынсарин өмірінен алынған деректермен, оның негізгі шығармашылық мұрасындағы мазмұн-астармен айқындай, толықтыра түсуге ұмтылдық.
Ыбырай Алтынсарин “Қазақ хрестоматиясы” еңбегінде қазақ әдебиеті тарихындағы жаңа үлгідегі, еуропалық үрдістегі жаңа жанрлардың бастапқы үлгі, нұсқасын жасады.
Ыбырай қазақ тілін шұбарлаудан тазарту мақсатында жаңа стильдегі, таза қазақ тіліндегі жаңа жазба әдебиеттің, қазақтың жаңа жазба әдеби тілінің негізін салып, дамытуда қандай дәстүрлі арналарды қосты, қандай өзіндік жаңа үлгі жасады деген ыбырайтанудың өзекті мәселесі зерттеуде жан-жақты қойылып қарастырылды. Соның нәтижесінде Ыбырай Алтынсариннің қазақ руханиятындағы тарихи орны, зар заман әдебиетпен тоқайласып, одан қара үзіп кеткен тұстары айқындала түсті.
Ыбырай Алтынсариннің орыс үкіметі тарихынан жүргізілген ағартушылықтың өңі айналған миссионерлік түрімен қайраткерлік, жанкештілік ғұмырлық, рухани, нақтылы іс-әрекет түріндегі күресі нақтылы деректерді жинақтап жеткізу негізінде және бір мәрте айқындалып, ашыла түсті. Толыға түсті.
Ыбырайтанудағы қайсыбір кезеңдік, ұшқары таным мәселесіне сын көзбен қарау жайы да нақтылы негізде қозғалды.
Ыбырай Алтынсариннің “Шарият-ул ислам” еңбегі мен Абайдың дін жайын қозғаған қайсыбір қара сөздерін арнайы, салыстыра қарастырудың мәні, мәселесі қозғалды.
Диссертациялық еңбектің екінші бөлім, үшінші тарауында зар заман әдебиеттің көрнекті өкілдері Дулат, Шортанбай, Мұрат поэзиясындағы зар замандық ортақ жайлар мәселесі арнайы қарастырылды. Зар заман әдебиетінің айтулы тұлғаларының шығармашылық даралық сипаттары айғақталды. Дулаттың жыр кестесі қазақ поэзиясын жаңа сапаға көтерген көркемдік әлем, Абайдың алдындағы ақындық мектептің көрнекті үлгісі есебінде арнайы қарастырылды.
Дулат Бабатайұлының қазақ әдебиеті тарихындағы орны, қазақ әдебиеттану ғылымындағы зерттелу тарихы, танылу деңгейі негізінде дулаттанудың қазіргі кезеңдегі көкейтесті мәселелері қозғалды.
Дулаттың өлең үлгісінде ауызша әдебиет поэзиясына тән құрылым, ұйқас жөндерімен бірге жазба әдебиет, соның ішінде ортағасырлық түрік әдебиетіндегі өлеңдік түр кездесетіндігі жайлы ғылыми негіздемелерді ғылыми айналымға қосу мақсатында Дулат поэзиясының көркемдік өлшемдері жайлы өзіндік таным-пайым негізінде біршама ой қозғау мүмкіндігіне ие болдық.
Дулат поэзиясы жанрлық жөннен де арнайы, ХІХ ғасыр әдебиеті аясында, Шортанбай, Мұрат шығармашылығымен үндестік, даралық сипатында қарастырылды.
Дулат пен Шортанбай шығармашылығындағы мынадай бір даралық назар аударуға тұратын сипат деп танылды. Шортанбай өз шығармасында заманның, сол заман билеген адамның, елдің қалпын, мінез-құлқын, негізінен жалпы мәнде сипаттаса, тұтас ортақ бағамен қайырып отырса, Дулат сол заман билеген адамға, оның мінезіне жақын барып, іштен алып сөйлейді. Жалпының жалқы негізін ашады. “Сүлейменге”, “Кеңесбайға”, “Бараққа” өлеңдеріндегі сарын Шортанбайдағы бұзылған жалпыдан гөрі Абай сынаған, Абай кейіптеген ел мінезіне келеді.
Дулаттың қазақ өлеңіне әкелген жаңалық, түр өзгешелігінің түпнегіздері жайлы зерттеулер еңбегін ілгерілетіп, өрісін ұзарту мәселесі қойылды. Дулат поэзиясын көркемдік-теориялық негіздеудің қазақ өлеңінің табиғатын тани түсудегі таптырмайтын кілт мәніндегі бағалық, құндылығы нақтылы мысал, талдаулар аясында айқындала түсті.
Шортанбай, Мұрат ақын шығармашылығындағы замана күйі, әлеуметтік қасіреттер жөнінде де зар заман әдебиетінің тарихилық негіздері мәнінде тың байламдар жасалды. Олардың әдебиет тарихындағы танылу, бағалану, орнығу жөнінің кезеңдік аумалы-төкпелі ауытқуларына бүгінгі уақыт биігінен көркемдік-теориялық тоқтам жасалды.
Зар заман поэзиясындағы зар замандық ағымның қазақ әдебиеттану ғылымындағы М. Әуезов, С. Мұқанов тарабынан ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы негізделуі (М. Әуезовтің 1933 жылғы оқу кітабындағы “Шортанбай Қанайұлы” зерттеуі жайлы сөз басқа – Қ.М.) мейлінше нақтылы, айқын тұжырымдама, дауға салу қажетсіз (неоспоримый) ақиқат есебінде танылу мәселесі нақтылы ұстанымдар негізінде қойылды.
Аймақтық әдеби мектептің қазақ әдебиеті тарихындағы орны жайлы жаңа байламдар жасалынды.
Зар заман әдебиеті былайғы кезде сол М. Әуезов, Х. Досмұхамедұлы,
С. Мұқанов ұстанымы негізінде зар замандық жеке шығармашылық тұлғалардың даралық сипатын зар заман ағымы аясында қарастырумен толыға түсіп отырма
жаңа жазба Әдебиеттің қалыптасу жӨндері. ШыҒыстықүлгі. Еуропалықүрдіс