Білімгерлердің өзіндік жұмысы (БӨЖ): практикалық дағдылар орталығында тәжірибелік дағдыларды нығайту, әдебиет және интернет жүйесіндегі ақпараттармен жұмыс жасау, презентациялар дайындау, оқу құралымен және қосымша әдебиетпен жұмыс жүргізу; ақпараттың электронды түрлерімен; тесттілеу тапсырмаларын өзіндік шешу, баяндамаларды дайындау, студенттердің өз сұхбаттарының бейнетаспа жазбасын немесе топта талқылау мен өзін-өзі бағалауға негіз ретінде қолданылатын дәрігер мен науқас сұхбаттарының бейнетаспа жазбаларын таңдау; ролдік ойындар қойылымы; өзіндік оқуға арналған тақырыптар бойынша оқытушымен кеңесу.
2.11. Білімдерін бағалау белгілері және ережелері
Білімдерін және тәжірибелік дағдыларын бағалау әдісі:
Ағымдық бақылау (формативті): Өзара бір-бірімен қатынасудағы (студент-студент) коммуникациялық дағдыларды бағалау SAS, бағалау парағы арқылы оқытушының тікелей бақылауымен жасанды, «симулянт» науқастармен, шынайы науқастармен ауызша кері байланысындағы коммуникациялық дағдыларды бағалау, ахуалдық есептерді шешу SAQ
Аралық бақылау (суммативті) : ): Осы пәнді оқыту барысында екі аралық бақылау өткізіледі. АБ-дың 30%-ын ағымдық бағалау (ағымдық бағалаудың 10%-ын БОӨЖ құрайды); 50%-ын MCQ; қалған 20%-ын БӨЖ тапсырмасы құрайды (барлығы 100%).
Қорытынды бақылау (суммативті): Емтихан – барлық практикалық сабақтар оқылған соң: MCQ (Multiple Choice Questions) – көп жауапты сұрақтар (тесттер) түрінде өткізіледі.
Қорытынды бағаның аралық бақылау - 60%, емтихан – 40% құрайды.
Білімді бақылау кестесі
Достарыңызбен бөлісу: |