2 Бағдарлама 2.1.Кіріспе. Коммуникативтік дағдылар дипломға дейінгі және кейінгі медициналық оқытудың ажырамайтын бөлігі болып саналады. Ол дәрігер мен пациенттің арасындағы қарым-қатынасты кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді. Оған қоса олардың бір-бірімен ақпараттар алмастырып тиімді шешім алуына ықпалын тигізеді. Дәрігердің өз әріптестерімен және басқа да мамандықтармен бірге отырып медициналық және әлеуметтік көмектерді ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.
Этика — адамгершілік туралы және оның әлеуметтік мәні туралы ілім. Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің адамгершілік қасиеттерінде көрініс табуда. Ол медицина қызметкерлерінің ерекшеліктері мен қоғамда алатын орнына байланысты мінез-құлық нормаларын реттейтін қағидалар жиынтығын қамтып, дәрігердің науқастармен және олардың туыстарымен өзара қарым-қатынасын, тән және жан тазалығын қарастырады.
Медициналық этиканың құрамдас бөлігі деонтология болып табылады. Бұл жаңа ғылым саласы XIX ғасырдың басында пайда болды (грекше dеоn - тиісті; lоgоs - ғылым, ілім). Деонтология термині қолданысқа енгеніне аса көп болтан жоқ: өткен ғасырдың басында ағылшын философы И. Бентам оны адамның кәсіби мінез-құлқы туралы ғылымның атауы ретінде ауызға алған.
Коммуникативтік дағдылар дипломға дейінгі және кейінгі медициналық оқытудың ажырамайтын бөлігі болып саналады .Ол дәрігер мен пациенттің арасындағы қарым-қатынасты кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді. Оған қоса олардың бір-бірімен ақпараттар алмастырып тиімді шешім алуына ықпалын тигізеді. Дәрігердің өз әріптестерімен және басқа да мамандықтармен бірге отырып медициналық және әлеуметтік көмектерді ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады,
«Медициналық этика және комммуникативтік дағдылар» пәнінің бағдарламасы, дәрігер мен пациенттің, оның отбасының, өз әріптестерімен тиімді қатынас жүргізуге бағытталған негізгі пациенттерге негізделген. Ол аурудың клиникалық ағымын бағалауға пациенттің өз ауруын дұрыс түсініп, дұрыс шешімін қабылдап,ойындағы қорытындыны керекті бағытта болатынына көз жеткізеді. Дәрігер мен пациенттің тиімді ара қатынасы тағайындалған тексерулер мен емнің дұрыстығына және комплайнске (пациенттің қанағаттануына) жол беріп, денсаулығының жөнделуіне әсер етеді Дәрігердің коммуникативті біліктілігіне басқа өзімен бірге жұмыс істей жүрген әріптестеріменде жақсарып, бүкіл мамандардың құрамында тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Комммуникативті біліктілік ара қатынастық дағдының үнемі және үздіксіз дамуын керек етеді. Оған ол бұрыннан білетін дағдылардың одан әрі өсуімен кәсіби қызметін жақсартады.
Пәннің негізгі оқытатын объектісі, дәрігерлердің өзінің кәсіби мамандығындағы ара қатынастың түрлерін игеруді, пациенттің, олардың туысқандарымен ара қатынасының тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталады.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 6В10155 Жалпы медицина білім беру бағдарламасының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзіреттіліктердің дамуына бағытталған: