Эквивалент және эквиваленттілік фактор дегеніміз не? Оксидтердің қышқылдардың, сілтілердің, тұздардың эквиваленттік массасын анықтау формулаларын жазып көрсетіңіз
6. Эквивалент және эквиваленттілік фактор дегеніміз не? Оксидтердің қышқылдардың, сілтілердің, тұздардың эквиваленттік массасын анықтау формулаларын жазып көрсетіңіз. Химиялық элементтер бір – бірімен әрекеттесіп қосылыс түзгенде, ондағы элементтердің мөлшерлері әр уақытта тұрақты болатынын құрам тұрақтылық заңы көрсетеді. Сондықтан химияға эквивалент түсінігі енгізілді.
Эквивалент – екі элементтің немесе екі заттың бір – бірімен қалдықсыз әрекеттесетін тең мөлшерін көрсетеді.
Элементтің эквиваленті дегеніміз сутегі атомдарының 1 молімен әрекеттесетін немесе сондай молді қосылыстан ығыстырып шығаратын мөлшерін айтады.
Мысалы, иодсутекте НІ сутегінің 1 молімен қосылып тұрғандықтан иодтың эквиваленті 1 мольге, күкіртсутекте H2S сутегінің екі молімен қосылысатындықтан күкірттің эквиваленті 1 :2 мольге, аммиакта NH3, азоттың эквиваленті 1 : 3 мольге, силанда SiH4, кремнийдің эквиваленті 1 : 4 мольге тең.
Элементтің эквивалентін немесе эквиваленттік массасын анықтағанда оның сутегімен қосылыс түзуі міндетті емес. Қосылыстағы элементтерді талдау арқылы анықталған массалық мөлшерлері және біреуінің эквиваленті белгілі болса екінші элементтің эквивалентін табуға болады. Химиялық реакция кезінде бір элементтің қосылыстағы екінші элементтің қанша мөлшерін ығыстырғаны белгілі болса, бір элементтің белгілі эквиваленті арқылы екіншісінікі табылады. Эквивалент, эквиваленттік масса ұғымдарын күрделі заттарға қолданады. Күрделі заттың эквиваленті дегеніміз оның сутегі атомдарының бір молімен немесе кез – келген заттың 1 эквивалентімен әрекеттесетін мөлшерін айтады.
Эквиваленттің өлшемі «моль», эквиваленттік массаның өлшем бірлігі – г/моль.
Күрделі заттардың эквиваленттік массасын есептеу жолдары.
Оксидтер үшін:
М(Эокс) = Мокс /Вn
мұндағы М – молярлық масса, В – металдың валенттілігі, n –метал атомдарының саны. Мысалы, М(ЭCaO) = МCaO /ВCanCa = 40+16 /2.1 = 28г/моль
M(Эгид) = M/nOH
Мысалы, M(ЭNaOH) = MNaOH/nOH = 23+16+1/1= 40г/моль
Тұздар үшін:
М(ЭТҰЗ)= M/Bn
Мысалы, М(ЭK SO ) = M K SO /BK. nK = 39.2+32+16.4/1.2 = 87г/моль
Эквиваленттік фактор – қышқылдық-негіздік реакцияларда сутегінің 1 ионымен, ал тотығу-тотықсыздану реакцияларында 1 электронмен әрекеттесетін заттың бөлігін көрсететін сан.
Ф экв (х) =1\n
n – сутегі атомының, не электрон саны.