Медицина факультеті


Вал-лей дипептидінің түзілу реакциясын жазыңыз. Толық атын атаңыз



бет6/62
Дата26.05.2022
өлшемі0,51 Mb.
#35643
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
44. Вал-лей дипептидінің түзілу реакциясын жазыңыз. Толық атын атаңыз.
H2N-CH-COOH + HNH-CH-COOH H2N-CH—CO-HN-CH-COOH + H2O

CH CH2 CH CH2

H3C CH3
H3C CH3 CH CH


H3C CH3 H3C CH3


45. Лиз-тре дипептидінің түзілу реакциясын жазыңыз. Толық атын атаңыз.

II-деңгейлік сұрақтар

  1. Ерітінді дегеніміз не? Ертініділердің түрлері. Еріткішке, еріген затқа, ерігіштікке түсінік беріңіздер. Ерігіштіктің әртүрлі факторларға (еріген зат табиғаты, температура, қысым) тәуелділігін түсіндіріңіз.

Ерітінді — бір заттың екінші бір заттық ортада біркелкі таралуы аркылы әзірленген гомогендік жүйе; кем дегенде екі компоненттерден, бірі еріткіш, екіншісі еритін зат болатын айнымалы құрамның химиялық тепе-теңдiк күйі болатын жүйе. Ерітінділер газ тәрізді, сұйық және қатты болуы мүмкін (сондай-ақ полимерлердің ерітінділері ерітінділердің үлкен тобын құрайды). Олардың ішінде жан-жақты зерттелгені және жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе, сулы ерітінділер. Сондықтан тұрмыста ерітінділер деп, көбінесе, сұйық күйдегі молекула-дисперстік жүйелерді айтады.
Еріткіш деп жеке күйінде де, ерітіндіде де бірдей агрегаттық күйде болатын және еріген затқа қарағанда көп мөлшерде болатын ерітіндінің құрам бөлігін айтады.

Ерітінділердің құрамы құрамдас бөліктердің концентрацияларымен сипатталады. Ерітінділер қаныққан, қанықпаған және аса қаныққан деп бөлінеді.


Берілген температурада жақсы еритін заттардың ерігіштігінің де шегі бар. Еріген заттың концентрациясы белгілі бір мөлшерден асқанда, оның артығы ерімей, ерітіндінің түбіне шөгеді. Бұл кезде ерітінді мен еріген зат тепе-теңдік жағдайда болады. Мұндай ерітінділерді қаныққан ерітінділер, ал концентрациялары қаныққан ерітіндінің концентрациясына дейінгі барлық ерітінділерді қанықпаған ерітінділер деп атайды. Кейбір еріткіштің белгілі бір мөлшерінде еритін заттың ерігіштігіне сәйкес мөлшерінен де артық мөлшерін ерітуге болады. Мұндай ерітінділер аса қаныққан ерітінділер деп аталады. Аса қаныққан ерітінділердің тұрақтылығы нашар болады. Кез келген сыртқы әсерден еріген заттың артық мөлшері ерітіндіден бөлініп, тұнбаға түседі. Сөйтіп аса қаныққан ерітінді жай қаныққан ерітіндіге айналады.

Заттардың ерігіштігі. Әр түрлі заттардың ерігіштігі еріткіштің табиғатына, сыртқы термодинамикалық жағдайларға – температураға, қысымға байланысты болады.Заттардың ерігіштігін түсіндіретін жалпы теория жоқ, тек «ұқсас заттар бір – бірінде ериді» деген қағида бар. Мысалы, ионды немесе полюсті болатын суда ериді. Көптеген органикалық заттар органикалық еріткіштерде ериді. Сонымен жеке алған зат кез келген еріткіште ери бермейді, тек белгілі бір еріткіште немесе еріткіштерде ериді. Сан жағынан заттардың ерігіштігі қанық ерітіндісінің концентрациясымен немесе 100 г еріткіштегі еріген заттың мөлшерімен анықталады.


• Газдардың ерігіштігі қысым артуына байланысты өседі, ал температураның жоғарлауына байланысты кемиді. Газдар ерігіштігінің қысымға байланыстылығын Генри заңы анықтайды. Тұрақты температурада газдардың ерігіштігі қысымның өсуіне тура пропорционал.
• Сұйықтардың сұйықта ерігіштігі температураның жоғарлауына байланысты артады, ол қысымға байланысты болмайды.
• Қатты заттардың сұйықта ерігіштігі температура өскен сайын артады, ал қысым онша әсер етпейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет