Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары


«Онкология және гематология (балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет6/36
Дата18.04.2023
өлшемі1,2 Mb.
#84046
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
±9@K››0 ›>AK

9. «Онкология және гематология (балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары

35. Қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдыңғы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім.


39. Оқыту ұзақтығы:
1) балалар онкологиясы, гематологиясы мамандығы бойынша қайта даярлықтан өтпеген, «Педитария мамандығы бойынша медициналық жоғары білімі бар мамандар қайта даярлау циклінде – 864/16 сағат (апта), «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде 1080 сағат/20 апта, «онкология» немесе «гематология» мамандықтары бойынша қайта даярлықтан өткен мамандар қайта даярлау циклдерінде - 432 сағат/8 апта;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
40. «Онкология, гематология (балалар)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Балалардың онкогематологиялық ауруларын емдеудегі жоғары мөлшердегі химиялық терапия қағидаттары»;
«Балалар онкологиясы мен гематологиясындағы гемотрансфузиялық терапия қағидаттары»;
«Балалар онкологиясы мен гематологиясындағы шұғыл жағдайлар»;
«Балалардың онкогематологиялық ауруларын емдеу мен диагностикалаудағы заманауи бағдарламалар»;
«Педиатриядағы геморрагиялық диатезтерге сараланған диагностика»;
«Емхана жағдайындағы балалар онкологиясы мен гематологиясы негіздері»;
«Педиатриялық практикадағы анемияның дифференциалды диагностикасы»
«Онкология және гематологиядағы диагностиканың аспаптық және зертханалық әдістері»;
«БМСК деңгейінде балалардағы онкологиялық және гематологиялық ерте диагностикалау»;
«Балалар онкологиясы мен гематологиясындағы өзекті мәселелер»;
«Балалардағы қатерлі лимфомалар»;
«Балалар онкологиясы мен гематологиясындағы инновациялық технологиялар».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет