Медицина medicine


Студенттердің физикалық дамуының индекстері, М±m



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата28.11.2022
өлшемі498,96 Kb.
#53118
1   2   3   4   5   6   7
Студенттердің физикалық дамуының индекстері, М±m 
Көрсеткіштер n 
ӨИ, мл/кг 
Робинсон индексі, ш.б. 
Скибинский индексі, ш.б. 
I топ 102 67,97±1,02 
85,37±1,32 22,65±0,67 
II топ 85 74,54±1,01* 
87,35±1,37 26,67±0,73* 
Ескерту: * — зерттелген топтардың көрсеткіштері арасындағы анық айырмашылықтар 
(р<0,05 кезінде) 
Сыртқы тыныс алу жүйесінің жұмыс істеуінің маңызды интегралды көрсеткішінің бірі өмірлік 
индекс (ӨИ) болып табылады. ӨИ көрсеткіштері зерттелген популяциялардың орташа топтық тыныс 
алу аппаратының функционалдық мүмкіндіктерін сипаттайды, олар орташа топтық мəндерден 26 %-
ға (I топ.) жəне 33 %-ға (II топ.) асады. Сонымен қатар екінші топта ӨИ көрсеткішінің орташа топтық 
мəні нақты белгіленген (6 кесте). Алынған нəтижелер бойынша студенттердің ағзасы оттегімен тиімді 
қамтамасыз етілгендігін көрсетеді. 
Тыныс алу жəне қан айналым мүшелерінің функционалдық мүмкіндіктерін анықтау үшін 
Скибинский индексі қолданылды. Тыныс алу жəне жүрек-қан тамырларының резервтік 
мүмкіндіктерін анықтау үшін жүргізілген сынамалар талдауы, екі топтағы студенттердің едəуір 
бөлігінің жақсы (I топта -14 %, ІІ топта — 27 %) жəне қанағаттанарлық (I топта 73 %, ІІ топта — 
85 %) нəтижесін көрсетті. Тек бірінші топтағы 1 % қанағаттанарлықсыз нəтиже көрсетті (7 кесте). 
Жүрек қан тамырлар жүйесіне гемодинамикалық жүктеме деңгейін көрсететін жəне жүрек 
бұлшық етінің жұмысын сипаттайтын Робинсон индексі (РИ) қан айналым жүйесінің маңызды 
көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Зерттелген студенттердің РИ көрсеткішінің жеке нəтижелері 
7-кестеде көрсетілген. 


Студенттердің физикалық дамуының индекстік бағасы 
Серия «Биология». № 3(103)/2021 
161 
7 к е с т е
Робинсон индексінің көрсеткіштері бойынша студенттерді бөлу, % 
 

Жоғары 
Орташадан 
жоғары 
Орташа 
Орташадан 
төмен 
Төмен 
I топ 
102 
11 % 
32,8 % 
24,2 % 
19,9 % 
12,1 % 
II топ 
85 
9,6 % 
30 % 
23,8 % 
26,1 % 
10,5 % 
Көрсеткіштердің орташа топтық нəтижелерінің талдауы мəндердің орташа деңгейін сипаттайды. 
7-ші кесте бойынша, екі топтағы қыздардың деңгейі «орташадан жоғары» болып саналады. 
Зерттеу бойынша I топтағы студенттердің көрсеткіштері жоғары болды, бұл олардың жүрек қан 
тамыр жүйесінің жақсы аэроботы мүмкіндіктері бар жəне жүрек соғысының үнемділігін көрсетеді. 
Робинсон индексі бойынша, ІІ топтағы студенттердің көрсеткіші «орташадан төмен» екені 
анықталды. Зерттелген топтардың 10,5 % жəне 12,1 % Робинсон индексінің төмен мəндерін көрсетті, 
бұл жүрек қан-тамыр жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігін көрсетеді. 
Қорытынды 
Қорыта келе, қазақ қыздарына тəн морфологиялық ерекшеліктері анықталды. Қазақ қыздарының 
негізгі дене өлшемдері славян ұлтының қыздарымен салыстырғанда төмен жəне брахискелия 
белгілерінің басымдылығы анықталды. Антропометриялық көрсеткіштердің төмен болып келуі 
генетикалық факторлармен жəне сыртқы ортаның əсерімен айқындалған этностық ерекшеліктерді 
көрсетеді. 
Барлық зерттелушілердің функционалдық жағдайын көрсететін физиологиялық көрсеткіштер 
мен сандық индекстер жас ерекшеліктеріне сəйкес келеді. Анықталған славян ұлтының сыртқы 
тыныс алудың орташа топтық көрсеткіштерінің артуы қазақ қыздарымен салыстырғанда ағзаның 
морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Қан айналым жүйесінің қызметінің салыстырмалы 
талдауы екі топ арасында айқын этносаралық ерекшеліктерінің жоқтығын көрсетті. 
Əдебиеттер тізімі 
1 Рохлов В.С. Практикум по анатомии и физиологии человека / В.С. Рохлов. — М.: Изд. центр «Академия», 1999. — 
160 с. 
2 Айзман Р.И. Морфофункциональные показатели коренных жителей Горного Алтая / Р.И. Айзман, Е.А. Чанчаева // 
Вестн. ЧГПУ. — 2012. — № 1 — С. 323–335. 
3 Базарбаева С.М. Сравнительная оценка физического здоровья казахских и русских студентов первого курса вузов / 
С.М. Базарбаева, А.С. Динмухамедова, А.В. Лебедев, Р.И. Айзман // Вестн. Новосиб. гос. пед. ун-та. — 2017. — Т. 7. — 
№ 3. — С. 241–248. 
4 Бурханов А.И. Физическое развитие и состояние здоровья студентов младших курсов / А.И. Бурханов, Л.И. Носова, 
В.И. Маловичко, Ж.Б. Байгутанов, А.М. Филатов // Гигиена и санитария. — 1991. — № 12. — С. 45–48. 
5 Литовченко О.Г. Особенности морфофункционального и психофизиологического развития уроженцев Среднего 
Приобья в возрасте 7–20 лет: дис. ... д-ра биол. наук / О.Г. Литовченко. — Челябинск, 2009. — 285 с. 
6 Никитюк Б.А. Конституция человека / Б.И. Никитюк // Итоги науки и техники. Сер. Антропология. — 1991. — № 4. 
— С. 3–149. 
7 Будук-оол Л.К. Особенности морфофункционального статуса студентов тувинской национальности / Л.К. Будук-оол 
// Фундаментальные исследования. — 2007. — № 7 — С. 17–20. 
Ж.Т. Суюндикова, Д.Т. Конысбаева, Г.К. Баубекова


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет