Медициналық электротехникалық құралдр мен Фармацевтикалық өндіріс орнындағы электротехникалық құрылығы роторлы таблетпресстің жұмыс істеу принципімен танысу



бет3/6
Дата10.12.2023
өлшемі412,41 Kb.
#136848
1   2   3   4   5   6
АҚПАРАТТЫҚ-ДИДАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

Фармацевтикалық өндіріс саласы өте ауқымды өндірістердің бірі болып табылады. Дәрілік заттардың кейбірі дәріханаларда дайындалса, ең негізгі басым бөлігі фармацевтикалық кәсіпорындарда арнайы стандарттарға сай өндіріледі. Жалпы дәрілік заттың формасына қарай дайындалу ерекшелігі әр түрлі және де оған қолданылатын аппараттар да құрылымы мен жұмыс істеу принциптерімен өзара ерекшеленеді. Фармацевтикалық өндірісте барлық дайын өнімдерді алу арнайы машиналар, аппараттардың көмегімен жүзеге асады. Бұл тарауда дәрілік заттарды, таблетканы дайындауда қолданылатын роторлы таблетпресс аппаратының негізгі ерекшеліктері мен электрлік жүйесі баяндалады. Басты мақсат осы аппараттардың құрылысы мен механизміне сипаттама бере отырып, аппараттың құрылысындағы басты бөлшектері пуансон мен матрицалардың бұл аппараттағы ерекшелігін электроника және электротехника саласымен байланыстыра отырып, мағлұмат беру.


Фармацевтикалық өндірісте кез келген дәрілік затты өндіруде өнімділігі жоғары, халықаралық сапа стандарттарына сай аппараттар қолданылады. Дәрілік қалыптың түріне байланысты фармацевтикалық өндірісте коллоидты ерітінділер жасауда қолданылатын – диссольвер, майда ұнтақталған ұнтақты құрғақ және ылғалды өңдеу арқылы оны гомогенді түйіршікті формаға айналдыру үшін қолданылатын – гранулятор, ерітінді және құрғақ заттардан еріткіштер көмегімен бір немесе бірнеше компонентті таңдамалы түрде бөліп алу үшін қолданылатын – экстрактор, стандартты мөлшердегі және формадағы капсулаларды яғни, арнайы қабықтағы гранулаларды алу үшін қолданылатын-капсулятор, ұнтақ тәріздес заттарды пресстеу арқылы таблетка алу үшін қолданылатын – таблетпресс, дражирлеу машинасы, сонымен қатар қосалқы аппараттар шаңсыздандырғыш (обеспыливатель), фармацевтикалық реактор, биореактор, вискозиметр – заттардың тұтқырлық дәрежесін анықтайды, медициналық насостар, дозатор – сұйық дәрілік препараттарды буып-түю сатысында қажетті қондырғы, тығындау және қаптаушы блистерлік аппараттар қолданылады. Соның ішінде қатты дәрілік зат таблетка дайындауда қолданылатын роторлы таблетпресс машинасын қарастырамыз.
Таблетпресс – фармацевтикада дозаланған дәрілік заттарды дайындауда қолданылатын техникалық құрал. Аппараттың жұмысы бастапқы материалды механикалық қысу арқылы қажетті тығыздықты және қалыпты алуға негізделеді. Таблетпресс-фармацевтикада ең көп қолданылатын қондырғылардың бірі. Себебі дәрілік заттардың басым көпшілігі дозаланған, қолдануға ыңғайлы таблетка түрінде шығарылады. Бұл аппараттың негізгі бөлігі пресс арқылы кез-келген конфигурациядағы таблетканы дайындауға болады. Яғни жұмыс істеу принципіне келер болсақ, қозғалтқыш жоғары жылдамдықты роторлы прессті іске қосады, оның айналуы берілген тығыздық пен салмақта қажетті дәрілік форманы алуға мүмкіндік береді.
Жалпы таблетка алудың бірнеше технологиялық схемалары бар: ылғалды және құрғақ гранулирлеу және тікелей пресстеу. Таблетка алу үдерістерін қысқаша қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет