Дәрігерлік міндет – дәрігер мен науқас арасындағы, дәрігерлер арасындағы, дәрігер және қоғам арасындағы қатынасты реттейтін бұрыннан қалыптасқан талаптардан және нормалардан тұратын комплекс. Кәсіптік міндет бір жағынан дәрігерлік моральдің басты принцпі – гуманизмнің белгісі болып табылады, (адамгершілік, адамдарды сүю), ал екінші жағынан гуманизм және дәрігерлік міндет қарама-қарсылықта көрінеді. Дәрігер ешкімге де медициналық көмек көрсетуден бас таруға болмайды. Бұл моральді міндет Гиппократтың антында, Женева декларациясында және басқа да құжаттарда айтылған.