Медициналық қызметкерлердің қылмыстық жауаптылығының өзекті мәселелері


Жалпы алғанда «кәсіби қателік» – тек медицинаға қатысты терминология емес



бет2/2
Дата11.06.2022
өлшемі32,89 Kb.
#36691
1   2
Байланысты:
мақала медиц

Жалпы алғанда «кәсіби қателік» – тек медицинаға қатысты терминология емес. Дегенмен өзге салаларда кәсіби қателік медицина қызметкерлерінің кәсіби қателігі ретінде арнайы қоғам назарына алынбайды. Медицина саласындағы кәсіби біліктілік дәрігердің тек ауру түрімен жұмыс істеуімен қатар жеке тұлғаға қызмет көрсетуі және адам денсаулығы мен өміріне деген тікелей жауапкершілігімен түсіндіріледі. Осылайша, кінәлі құқыққа қайшы кәсіби біліктілікке байланысты медициналық қателіктер өзінің салдарына және денсаулыққа тигізген зиян көлеміне қарай әкімшілік, азаматтық жауапкершілікке, сирек жағдайда қылмыстық жауаптылыққа әкеледі.
Медицина және қылмыстық құқық саласындағы ғалымдар медициналық персоналдың кәсіби міндетін орындау нәтижесінің қылмысқа әкелуін бірнеше жағдаймен байланыстырады: науқастарды медициналық тексерудің салғырт жүргізуі мен диагностикалық зерттеулердің жасалмауы; балаларды қараудағы ұқыпсыздық; емханаға дер кезінде жатқызбау және емдеу мекемесіненуақытынанбұрыншығару; операция мен өзге де емдеу іс-шараларына дайындықтың толық болмауы немесе оған ұқыпсыздық таныту; медициналық нұсқаулар мен ережелерді сақтамау немесе бұзу; дәрі-дәрмектерді ұқыпсыз пайдалану.
Н.С.Жетібаевтың көрсетуі бойынша медициналық көмек көрсету аясында емдеу-медицина ережелерін қылмыстық бұзу бірнеше топтарға бөлінеді:
1. Диагностикалық бұзулар – ауруларға және олардың асқынуына байланысты диагноз қоюдағы қателіктер. Науқасқа қатысты дәрігердің тиісті мінез-құлық ережелерін бұзуы, яғни дәрігердің кәсіби этикасын сақтамауы;
2. Емдеу-тактикалық бұзулар – диагностикалық бұзулардың салдарынан туындайды;
3. Техникалық бұзулар – диагностикалық және емдік манипуляциялар, процедуралар, әдістемелер, операцияларды жүргізу барысында жіберілген кемшіліктер;
4. Ұйымдастырушылық бұзулар – қызметке қажет шарттарды, медициналық көмекті ұйымдастырудағы кемшіліктер;
5.Медициналық құжаттарды толтыру барысындағы бұзулар .
Демек, медицина қызметкерлерінің азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы жасалған қылмысы дегеніміз – медицналық қызметкерлердің өзінің профессионалды қызметі мен міндетін жүзеге асыруы кезінде қоғамға қауіпті қасақана немесе абайсызда жасалған әрекеті (әрекетсіздігі) салдарынан науқас денсаулығына зиян келу немесе өлімге әкелу немесе сол қауіпті салдардың орын алу қауіпін тудыруы .
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде медициналық қызметкерлердің жауапкершілігін қарастыратын бірқатар баптар қарастырылған. Олардың қатарында: денсаулыққа абайсызда зиян келтiру (ҚР ҚК 111бап), санитарлық-эпидемиологиялық ережелердi бұзу (ҚР ҚК 267-бап); сондай-ақ адам денсаулығына қасақана зиян келтіру әрекеті мен оның зиянды салдарының абайсызда орын алуы қылмыстарына: адамның органдары мен тiнiн алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу (ҚР ҚК 113-бап), медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң кәсiптiк мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы (ҚР ҚК 114-бап), клиникалық зерттеулер жүргiзудiң және профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын қолданудың тәртiбiн бұзу (ҚР ҚК 114-1 бап), соз ауруын жұқтыру (ҚР ҚК 115-б.), адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыруы (ҚР ҚК 116-бап), заңсыз аборт жасау (ҚР ҚК 117-бап), науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап), қауiптi жағдайда қалдыру (ҚР ҚК 119бап), улы заттардың, сондай-ақ есiрткi заттарды, психотроптық немесе улы заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (ҚР ҚК 263-бап), есiрткi заттарды, психотроптық немесе улы заттарды ұстау ережелерiн бұзу (ҚР ҚК 265-бап), адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру (ҚР ҚК 268-бап). Аталған қылмыс түрлерінде медициналық қызметкерді жалпы субъекті, арнаулы және лауазымды тұлға ретінде жауапкершілікке тарту көзделген. Арнаулы субъекті ретінде: медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң кәсiптiк мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы (ҚР ҚК 114бап), клиникалық зерттеулер жүргiзудiң және профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын қолданудың тәртiбiн бұзу (ҚР ҚК 114-1 бап), заңсыз аборт жасау (ҚР ҚК 117-бап), науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап), қауiптi жағдайда қалдыру (ҚР ҚК 119-бап), улы заттардың, сондай-ақ есiрткi заттарды, психотроптық немесе улы заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (ҚР ҚК 263-бап), адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру (ҚР ҚК 268-бап) қылмыс жасаған медицина қызметкерлері танылады. Дегенмен аталған баптардың кейбіреуінде тек лауазымды тұлғалар қылмыс субъектісі ретінде көрсетілген, оларға: психотроптық немесе улы заттарды ұстау ережелерiн бұзу (ҚР ҚК 265-бап), санитарлықэпидемиологиялық ережелердi бұзу (ҚР ҚК 267бап) жатады.
Мәселен клиникалық зерттеулер жүргiзудiң және профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын қолданудың тәртiбiн бұзу қылмысында қылмыс субъектісі тек лауазымды тұлға қарастырылған, ал емдеуші-дәрігер лауазымды тұлға бола алмайды. Бұл аталған қылмыс санатының өсуіне ықпал ететін бірденбір фактор болып табылады. Медициналық қызмет саласындағы лауазымды тұлға ретінде медицина саласында профилактикалық-емдеу, санитарлық-гигиеналық және т.б. денсаулық сақтау мекемесінде уәкілеттілікке ие басқарушы-ұйымдастырушылық, әкімшілік шаруашылық қызметті жүзеге асырушы тұлға танылады . Яғни арнаулы тұлға мен лауазымды тұлға арасындағы негізгі айырмашылық олардың кәсіби біліктілігі мен уәкілеттіұйымдастырушылығындағы негізгі белгілердің ерекшелігі бойынша ажыратылады. Медициналық қызметпен айналысатын арнаулы субъектілер тарапынан жасалған қылмыстардың ресми статистикасы мен динамикасы тіркелмеген. Дегенмен эмпирикалық бақылаулар бұл қылмыс түрінің қоғамда өршу үдерсімен сипатталады.
Медициналық қызметкерлер тарапынан жасалған қылмыстық әрекеттердің (әрекетсіздік) қылмыстық құрамын анықтау бірқатар күрделі себептермен түсіндіріледі: сот ісін жүргізуші органдардың биомедицина ғылымының дамуы мен медицина туралы арнайы білімінің болмауы, сот-медицина сараптамасының Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты медицина қызметкерлерінің жүргізуі, дәрігерлік консилиумның қорытындысы, медицина қыметкерлері тарапынан жасалған хаттама қорытындысына назар аудару және т.б. Қазақстан Ресупбликасы қылмыстық заңнамасына сәйкес медицина саласындағы қылмыстарды саралау кезінде өз шешімін қажет ететін бірқатар сұрақтар туындайды. Сондай-ақ 2009 жылы 18 қыркүйекте қабылданған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» заңында медицина саласын реттеу тәртібі қарастырылған. Аталған заң нормаларын орындамау бірқатар жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке әкеледі, дегенмен қылмыстық кодексте бұл туралы үйлесімділік байқалмайды. Бұл медициналық қызметпен айналысатын субъектілер тарапынан жасалған қылмыстардың қылмыс құрамын саралауда бірқатар қиындықтар тудырады. Себебі медицина мен заң ғылымы арасында түсінікті терминологиялық түсіндірме мен өзара үйлесімділікті қамтамасыз ететін нормативті құжат қарастырылмаған. Күрделі қиындық тудыратын жайттардың тағы бірін медициналық қызметкердің әрекеті (әрекетсіздігі) мен орын алған зиянды салдардың арасындағы себепті байланыс мәселесі құрайды. Соның салдарынан сот ісін жүргізу барысында медицина ғылымымен байланысты күрделі мәселелер туындайды. Мәселен, медициналық қызметпен айналысатын тұлғаның өз қызметін дұрыс орындамауы салдарынан науқасқа вирусты гепатит С жұққан кезде, оның зиянды салдарынан науқас 10-15 жылда мерт болады. Бұл жағдай отандық заң әдебиеттерінде мүлдем қарастырылмаған.
Медициналық қылмыстарды саралау кезінде әрекетсізікпен жасалған қылмыста себепті байланысты анықтау күрделі үрдісті құрайды және ол тек сот-медицина сарапшысының сараптама қорытындысы негізінде ғана жүзеге асырылады. М.Д. Шаргородский: «Әрекетсіздікте себепті байланыс мүлде болмайды. Бұл мәселеде орын алған салдар мен әрекетсіздік арасындағы себепті байланысты анықтауды емес, субъектінің әрекетсіздік үшін заңмен арнайы жауапкершілігі көзделгендігін басшылыққа алған жөн» деп көрсетеді. Т.В. Церетелидің ойынша тұлғаның әрекетсіздігі мен қоғамға қауіпті әрекеті арасындағы себепті байланысы зиянды нәтиженің орын алуын болдырмайтын әрекетті таныған дұрыс. Заң тұрғысынан тікелей әрекет немесе әрекетсіздікпен жасалған зиянды салдардың арасындағы себепті байланысты айқындау мүмкін емес. Денсаулыққа зиян келтіру негізінен алғанда әрекет (диагноздың дұрыс қойылмауы, емдеудегі қателіктер) орын алады.
Жоғарыда аталған мәселе бойынша медициналық қылмыстарды саралау кезінде әрекет немесе әрекетсіздік салдарынан орын алатын зиянды салдар нормативтік-құқықтық актілерде көрініс таппағандықтан қиындық тудыратындығын байқауға болады. Демек, дәрігердің әрекетсіздігі мен орын алған зиянды салдар арасындағы себепті байланысы терең зерттеуді қажет ететін мәселені құрайды. Қорыта келе, медициналық қызметкерлердің заңмен бекітілген ережеге сай өзінің кәсіби қызметін адал орындауы, орынды тәуекел етуі және науқастың жеке ерекшелігіне байланысты өрбіген әрекеттерінен туындаған зиянды салдары үшін қылмыстық жауаптылық орын алмайды.
Медициналық қызметкердің қылмыстық жауаптылығы медицина қызметкерінің өз кәсіби қызметін атқару кезінде ережені сақтамауы, кәсіби міндетіне салғырт қарауы, сақтық шараларын жасамау, ұйымдастыру жұмысының дұрыс болмауы, дәрілік заттарды шатастырып алу, операциядан кейін бөгде заттардың адам денесінде қалып қоюы әрекеті (әрекетсіздігі) үшін орын алады.


Исмаилова А.Қ.
«Астана» көпсалалы колледжі ,2022 жыл.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет