денсаулығы нашарлаған жағдайда үйде қызмет көрсету;
босанған кейін ұзақ уақыт өткен соң да көмек көрсету;
патронаж - медициналық қызметкерлер үйге келіп
профилактикалық және ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді
Әмбебап (міндетті) ПАТРОНАЖ бойынша медицина қызметкері үйге 2 рет келеді:
бірінші –
жүкті әйел 12 аптаға дейін тіркеуге
тұрғаны туралы ақпарат түскеннен кейін 8-10 күн
ішінде
болашақ анаға кеңес беру және қолдау;
болашақ ана мен баланың денсаулығына төнген
қауіп-қатерді алдын ала анықтау;
ұсынымдар;
ата-ананың денсаулығын тексеру және олардың
бойында жаман әдеттер (темекі шегу, спирттік
ішімдік ішу) бар ма, соны анықтау;
жүктіліктің ерекшелігін бағалау;
микронутриентті тапшылықтың алдын алу
(дұрыс тамақтанбау, темір тапшылығы
анемиясы);
туберкулезге қарсы профилактика.
екінші –
жүктіліктің 30-32 аптасына дейін.
Жүкті әйелдің дәрігер жазып берген кеңестерді
және босанғанға дейінгі алғашқы патронаж
ұсынымдарының орындалуын бақылау,
отбасын баланың дүниеге келу сәтіне
дайындау, серіктестік босану туралы ақпарат;
Ананы баланы емізуге дайындау;
Жаңа туған балаға арналған жатын орын
дайындау (орын, кереует, төсек, киім және тағы
басқа заттар);
Отбасы мүшелері мен жақын көршілердің
арасынан жұқпалы және созылмалы ауруы бар
адамдарды анықтау.
прогрессивті патронаж жүкті әйелдің өміріне, денсаулығы мен қауіпсіздігіне медициналық немесе әлеуметтік қауіп төніп тұрғаны анықталған жағдайда көрсетіледі.