СНХ: Шаймерден Ахметов – Қайта өңдеу өнеркәсібі және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту департаменті директорының орынбасары - Мысалға, Швецияда өндірілетін биоотын мен тұтынатын көліктердің үлес салмағын айтады. Тілші: Биоотын өндірісінің «еліміздегі экологиялық ахуалды оңалтуға көп септігі тиетініне» депутаттар дау айтпайды. Барлығы да келісіп отыр. Тек бидайдан жанар-жағармай жасауға келгенде халық қалаулылары екіге бөлінді. Бірі – квота белгілеу арқылы 3-ші сұрыпты бидайдың белгілі бір бөлігін өндіріске бағыттауды қолдайтындар болса, 2-сі үзілді-кесілді қарсылық білдірген топ.
СНХ: Розақұл Халмұрадов - ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты - Үкімет қандай кісіпорынды қолдау керек, бидайдан биоотын өндіремін дегендерді емес, басқадан неге өндіретіндерді. Мысалы... Тілші: Біздің елде биоотын мәселесі қызу талқыға түсіп, үкімет «оны қалай өндіреміз» деп бас қатырып жатқанда, британдық ғалымдар «қалдықтардан жасалатын биоотынның жаңа көліктердің қозғалтқыштарына зиян» деген тұжырымға келді.
Жайна Сламбек, «Жеті күн». Астана. Жайна Сламбектің арнайы репортажы – ғылымда болып жатқан маңызды оқиғаларды талдап, сараптап көрерменге ұсынған. Бағдарламаның мақсаты – бұл тақырыптың өзекті әрі маңызды екенін дәлелдей отырып, биотын мәселесін кеңінен талдап берген. Шынайы деректерге құрылған репортаждың ең басты қыры - журналистің осы салаға қатысты барлық мамандарға сұрақтар қоя отырып, тиісті жауаптарды ала білу жағы ұтымды шыққан. Осындай шулы тақырыптар, көкейкесті мәселелер «Хабар» арнасындағы «Арнайы репортаж» бағдарламасында жиі көрсетіліп тұрады.
Репортаж типологиялық ерекшеліктеріне орай оқиғалық, тақырыптық және қойылымдық болып бөлінетіні туралы айтылды. Алғашқысында ол шын болған оқиғаны көрсетеді. Ол репортерге қатысты емес. Ең бастысы, оны дәл, нақты ақпаратпен қамтамасыз етсе болғаны. Тақырыптық репортажда автор-журналист телевизиялық бағдарламаның тапсырысы бойынша жұмыс істейді. Яғни, тақырыпқа байланысты оқиғаны және көрсетілім орнын түсіреді. Сондықтан ол бұл қойылымдық репортажда оқиғаны ұйымдастырушы рөлін атқарады.
Репортаждың алғашқы қолданылуы тікелей эфирдегі оқиғаны берумен байланысты. Мұндай тікелей эфирдегі репортаж қоғамдық, саяси немесе мәдени оқиғаларды көрсету кезінде қолданылады. Мұнда көрермендерге қызықты болғандықтан осындай репортаждар беріледі. Елдің жоғарғы заң органдарының отырысы, Отандық және шет мемлекет өкілдерінің баспасөз конференциялары, спорттық сайыстар жатады. Кейбір концерттер, қойылымдар телевизиялық репортаждың дәл осы тікелей эфирлік репортаж жанрына жатады. Репортажда оператор, режиссер, репортер үшеуі бірлікте белсенді қызмет атқарады.
Оқиғалық репортажда ең бастысы оқиға және оның одан әрі дамуы. Репортердің сөзі ештеңені жүргізбейді, еш оқиғаны, қимылды ұйымдастырмайды. Бірақ оқиға соңынан жүріп отырады. Кадрдан тыс баяндап отырғандықтан, репортердің жұмысы өте қиын, әрі жауапты. Оған газет журналистерінікі секілді жазған материалын мұқият тексеріп шығуға, әр сөзін тереңірек ойлауға, кейін оны оқып шығуға еш мүмкіндік берілмейді. Ол бағдарламаны «тікелей эфирде» жүргізетіндіктен, дәл телекөрермендер сияқты әртүрлі күтпеген жағдайларға тап болады, көрермен сияқты таңқалып, қиын кезде бірге мұңаяды. Репортажға дайындық ең алдымен сол оқиға жөнінде мағлұмат жинаудан, сонымен қатар, тақырыпты ашатын мәлімет, әрі тез есте сақталатын өткір ойларды жинақтауды қажет етеді.
Есеп Баспасөздегі есеп – қандай да бір өткен оқиғаны, іс-шараны шоғырландырып ұсынады. Есеп басқа жанрлардан құрғақтығымен және баяндаудың сатылануымен ерекшеленеді. Есептің түрлері: тікелей есеп – оқиға болған жерден артық түсініктемелерсіз тікелей беру; есеп-коммюнике - өткен саяси кездесу туралы әңгіме; түсініктеме беру элементтері бар есеп-толғау; кеңейтілген есеп – кеңейтілген түсініктемелермен ілеспе жүретін оқиғаны беру. Есептің тілі мен стилі – ресми-іскерлік мәнерде жазылады. «Теория и практика советской периодической печати» атты ұжымдық монографияда есеп түрлерін былай бөледі: «Тікелей ақпараттық есеп, талдамалы есеп, тақырыптық есеп, бір адамның сөзіне құрылатын есеп, бірнеше сұрақтарға құрылатын есеп, проблемалық есеп» [9,214-б]. Ал қазақ журналистикасын зерттеген ғалым Т. Қожекеев: «Қысқа есеп, кеңейтілген есеп, төте есеп, тақырыптық есеп, проблемалық есеп» [10,45-46-б],-деп бөлуі көңілге қонымды.
Қазіргі таңда есеп жанры жанр ретінде мерзімді баспасөз беттерінде сирек кездеседі. Кейбір зерттеушілер есептің тіпті жоғалып кеткені туралы айтады. Бірақ олай емес. Есеп әлі де өз мүмкіндіктерін сарқа пайдаланған жоқ. Бұл жанр әлі де газеттік публицистикада өмір сүре алады деуге негіз бар.
Есеп - баспасөз тәжірбиесінде бұрыннан қолданып келе жатқан жанр. Шамамен ХVII ғасырда пайда болған. Алғашқы есеп жанрының белгілері орыстың «Ведомость» газетіндегі Петр патшаның іс-сапарлары мен өзге ел өкілдерін қабылдауы жөніндегі мақалалардан байқалады. Есеп - іс-әрекетті сөзбен жеткізу арқылы, қоғамдық-саяси мәні бар мәселе жөнінде оқырманға хабарлау. Олардың қатарына: конференция, сьезд, жиналыс және т.б. жатқыза аламыз. Есеп авторы жиналыс барысындағы мән-жайды толығымен жазады. Есеп жанрының баспасөз тәжірбиесінде бірнеше түрі қолданылады. Олар: тіке және тақырыптық болып бөлінеді. Тіке есеп жанрын газет бетінен гөрі радиода жиі кездестіреміз. Мұндағы автордың мақсаты - жиналыста, кездесуде болған мәселені өзгеріске ұшыртпай қаз-қалпында оқырманға я тыңдарманға жеткізу. Ал тақырыптық есеп барысында автор талқыға алынған мәселенің мәнін ашып, ол жайында түсініктеме береді. Орыс ғалымы А.Тертычный есеп жанрының сараптамалық түрін қарастырғанда: «Сараптамалық есеп сөйленген сөздер мен баяндамалардың өзара байланысы»[11,56-б],- деп анықтама береді.
Радиоесеп. Журналистикадағы есеп, ереже бойынша ресми – ғылыми есептен әлдеқайда өзгеше. Есепте жасалған жұмыстың шешімі, жасалу жолдары, қандай сараптамадан өткені жазылады. Есеп, репортажға ұқсас келеді. Қысқалық, нақтылық, дәлдік, дерек, жалпы образ қалыптастыру. Репортаж бен есептің айырмашылығын спорттық тақырыптан аңғаруға болады. Мысалы, репортер алаңдағы футбол жайында репортаж жүргізіп жатыр, оқиға арасында міндетті түрде тыңдарманға атмосфераны сезіну үшін эмоцияға берілу қажет. Ал есеп бұл орайда мүлдем басқаша түрде жазылады. Негізі екеуінің де мақсаты – болған оқиғаны, басты жаңалықтарын жеткізу.
Іс-қағаздық есеп мазмұнында негізгі істелген жұмыстардың қорытындысына сипаттама беру жатады. Бұл жерде ең маңыздысы – мазмұндық ерекшеліктері жұмысты талдап-таразылап көрсету. Журналистикадағы есеп қысқа, қозғалмалы және ауқымды болады. Мұндай есептер конференциялардан, кездесулер және жиналыстар, дөңгелек үстелдерде орын алған ақпараттарды беруге ыңғайлы.
Радиоесеп көбінесе радиорепортажға ұқсас, оларды функционал-дық оқиға орнынан әңгімелеу, хабар беру қызметтері ортақтас-тырады. Радиоесептің мақсаты – тыңдаушыға оқиғаның өту барысы, мазмұны жөнінде нақты, тиянақты маңызды элементтерін бере білуі. Есептің түрлері оның әртүрлілігіне байланысты. Ақпараттық есепте ақпарат ең маңызды қызмет атрқарады, бірақ бағалардың бірнеше бөлшектері пайда болады. Қазіргі радиоесеп журналистке тек қана үлкен хабардың мазмұнын ашу бостандығын беріп қоймай, мәліметтің жан-жақтылығын аша білу еркіндігін туғызады. Монтаж – үнемі қозғалыста болады, хронологиялық жағдайдың нақтылығын бұза алмайтын жағдайда, өтіп жатқан оқиға жайлы айтушы, жеткізуші ретінде ақпарат есебін толықтырады. Есте сақтау үшін радиоесеп радиорепортаж сияқты уақыттың өтуімен тығыз байланысты. Бұл эфирдің уақытша жанрлары, нақты уақыт процесіне қарағанда қосылу оларда уақыт жағдайында өтеді. Қазіргі радиожурналистика радионың барлық мүмкіндіктерін толығымен пайдалануға мүмкіндік береді. Аудиториямен нақты қарым-қатынас, тыңдаушыға эмоционалды әсер ету радиожурналистиканың құзырында.
Телевидениедегі есеп. Есеп берудің тақырыптық негізі, ережеге сәйкес, маңызды, қоғамдық, мемлекеттік мағынасы бар ресми оқиға. «Хаттамалық» бекіту, толық жете көрсету қажеттілігі осымен түсіндіріледі. Есеп берудің сценарийлық жоспары әдетте алдын-ала жазылмайды. Журналист түсірілімге қатысу үшін жіті дайындалады. Бұл оған мәтін жазуға көмектеседі.
Есеп беру эфирге журналистің комментариінсіз шығуы мүмкін. Оқиғаны баяндағанда қасақана еместігін көрсету үшін қолданады. Мысалы, белгілі бір шараны бейнемагнитофонға жазып алып, кейін көрерменге ыңғайлы уақытта қысқартып көрсетеді. Ережеге сәйкес, қысқартуларды бұл үшін арнайы ресми белгіленген кездесуге қатысушылардың өкілдерімен келіседі.
Бұл жағдайда есеп берудің жанрлық ерекшеліктері комментарийі жоқ репортажбен толығымен сәйкес келеді. Кейде есеп беру деп – телевидениеден белгілі бір ресми оқиғаның тікелей трансляциясын көрсетуді жатқызуға болады.