Меңдігүл шындалиева


СНХ: Лаура Әбдірахманова – Оториноларинголог, сурдолог



бет23/76
Дата22.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#142883
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   76
Байланысты:
Шындалиева М.Б. Публ.жанрлары мен пішіндері

СНХ: Лаура Әбдірахманова – Оториноларинголог, сурдолог
- Дыбыс толқыны локатор қызметін атқаратын сыртқы қалқан арқылы өтіп, кейін сыртқы есту жолымен дыбыс жарғағындағы балғашаға келеді. Одан ары дыбыс иірім түтігіне барады. Иірім түтігінде керекті сұйықтық бөлініп, ол есту түтігіне өтеді. Есту түтігі арқылы ол есту жүйесіне барып, кейін сол жақтан дыбыс миға әсер етіп, біз естиміз.
Тілші: Құлаққаптардың негізгі 2 түрі бар. Кәсіби және күнделікті қолданыста жүргендері. Бұлардың құлаққа зияны бар ма? Мамандар пікірін тыңдап көрейік.
СНХ: Евгений Фетисов - Дыбысрежиссер
- Проблема құлаққаптың қайда шыққанында емес, мәселе оның дыбыс шығара алу деңгейінде. Егер күнделікті қолданыстағы қарапайым құлаққаптарды алсақ, оны құлаққа салғанда құлақтың ішкі бөлігіне қысым түседі. Қысым (дыбыс толқыны) күшейген сайын дыбыс түтікшелеріне дәл сондай қауіп төнеді.
Тілші: Көшеге шыға қалсаңыз құлаққапты әркімнің құлағынан көруге болады. Көзге түсетіндердің басым көпшілігі жастар. Ал музыканы қалыпты межеден асыра және артық тыңдағандар, бүгінде емханалар табалдырығын тоздыруда.
СНХ: Динара Тамабаева – Астана қаласы №3 қалалық студенттік емхананың оториноларингологы
- Құлағы ауырған жастар әсіресе қыс және күз айларында көп келеді.
Тілші: Адамның миы минутына 2 миллионға жуық операцияны орындайды.
Психологтардың айтуынша, мөлшерден тыс қабылданған дыбыс, оның жұмысын баяулатады.
СНХ: Алмат Нұрадинов – Психолог
- Наушниктің құлаққа тигізетін психологиялық әсерін жалпылама айтады...
СНХ: Динара Тамабаева – Астана қаласы №3 қалалық студенттік емхананың оториноларингологы
- Оның нақтылы әсерін айтады.
Тілші: Қазіргі кезде студенттерді айтпағанда, ұялы телефоны жоқ мектеп оқушысы бар деп айту қиын. Олар әуелі, құлаққап арқылы ән тыңдауды сәнге айналдырған.
СНХ: Гүлнұр Омариева – Астана қаласы №57 қазақ орта мектебі директорының ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары
- Соңғы партада отырып алып, өздеріне зиян келтіріп жатқанын оқушылар біле бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет