Меңдігүл шындалиева


СНХ: Азамат Қожахметов - Астана қаласының тұрғыны



бет21/76
Дата22.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#142883
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   76
Байланысты:
Шындалиева М.Б. Публ.жанрлары мен пішіндері

СНХ: Азамат Қожахметов - Астана қаласының тұрғыны
- Маған жұмыстағылар бүгін соңғы күн деді. Кезегім бойынша осында әзер дегенде кіргенде, сенің кезегің өтіп кеткен деді. Мұны қалай түсінуге болады.
Тілші: Ғимарат ішіндегі мамандар келгендерді тіркеп үгермей жатқанда, сыртта тұрғандар өзара кезекке таласып әлек. Кейбіреулері жаңа балабақшалардан орын үйлестіру сыбайлас-жемқорлыққа айналғанын ашық айтты.
ШУ: Жақында ғана біздің подъезде тұратын 3 ата-ана балаларына 2 мың доллардан орын сатып алды. Біздің кезекпен алуға тиіс орындар сондайға кетіп жатыр.
СНХ: Кәмила Байысқақова – Астана қаласы Білім басқармасы аттестациялау және лицензиялау бөлімінің бас маманы
- Белгіленген кезек бар. Кезек тұрғанда маған ақша керек емес. Тізім бар, әр ата-ана кезегі келгенде орынды алады.
Тілші: Қазір Астанада 35 мыңға жуық бүлдіршін мемлекеттік балабақшадан орын алуға кезекте тұр. Ал бүлдіршіндерді құрылысы биыл аяқталатын 12 балабақшаға орналастыру жұмыстары тамыз айында дейін жалғасады.
Айбар Олжай, Еркін Жолымбетов «Хабар» телеарнасы.
Оқиғалық репортажда оқиғаның өзі, оның даму бірізділігі анықтаушы болып табылады. Репортердің сөзі әрекетті ұйымдастырмайды, жүргізбейді, бірақ артынан ереді. Кадрдан тыс комментарийды жүргізіп жатқан репортердің жұмысы қиын әрі жауапты. Ол газетте жұмыс істейтін журналистке қарағанда әр сөзі мен сөйлемін ойластырып, оны қайта оқып, дұрыстауға мүмкіндігі жоқ. Тікелей бағдарламаны жүргізгенде кез келген жағдайға тап болуы мүмкін. Көрермен сияқты оқиғаға байланысты таңқалады. Репортажға дайындалу болатын оқиға жайлы мәлімет жинауға, дайын қызық материалдардың жазылуына тіреледі.
Оқиға – дербес. Оған қарауға, оны зерттеуге болады, бірақ көрерменге қаратып өзгертуге болмайды. Эфирде барлығы үйлесімді көрінсе, шындығында үлкен күш жұмсалатын жұмыс. Камерадағы оператор, монтажды іске асыратын режиссер, керек еместі алып тастайды. Нәтижесінде, көрермен дайын материалды көреді.
Проблемалық репортажда ең алдымен проблема көтеру мақсаты тұрады. Ол өмірдің барлық саласынан жазылуы мүмкін. Журналист қандай да бір проблеманың табиғатын зерттеу арқылы оқырман назарын осыған байланысты туындаған кемшіліктерге, себептер мен сауалдарға аударады, деректерді саралап, талдау жасайды. Бұл үшін нақты материалды (цифрларды, деректерді, оқиғаларды, құбылыс-тарды, жағдайларды, т.б.) көптеп пайдаланады, өз пікірін дәлелдей түсу мақсатында басқада дереккөздерге жүгінеді. Мысалы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет