Осы пәнге қатысты білім беретін сабақтас пәндер: журналистикаға кіріспе, журналистика негіздері, тележурналистика негіздері, радиожурналистика негіздері, әдеби редакциялау, публицистің шеберлік зертханасы, журналистік шеберлік, бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилі.
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ Бірінші бөлім. Публицистика жанрлары туралы түсінік. Публицистиканың жанрлары мен пішіндерінің зерттелуі. А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» кітабында публицистика-ның «көсем сөз» аталуы. Ежелгі жазба мұралардағы публіцистика-лық сарын. Ш.Уәлихановттың публицистикалық мұрасы. Публицис-тикалық шығармадағы өмірлік деректер мен құбылыстар. Публицисшілдік ұғымы. Публицистиканың жанрлық белгілері. Публицистикадағы «пішін» мен «жанр» ұғымы. Жанр таңдауды анықтайтын белгілер. Жанрлар мен пішіндердің түрлену себептері. Публицистикадағы автор позициясы. Қоғамдық-тарихи факторлар-дың жанр дамуына ықпалы.Жанрларға қысқаша түсінік.
Екінші бөлім. Публицистиканың ақпараттық жанрлары. Ақпараттық жанр түрлері, төл сипаты. Ақпараттық жанрдың ерекшелігі - оқиғалығы, жеделдігі мен шынайылығы. Ақпараттық хабар мәтінінің ішкі құрылымы мен үйлесімі. Ақпаратқа қойылатын талаптар. Жеделдік, айқындылық, нақтылық, қысқалық, жүйелілік, объективтілік. Баспасөзде, телевизия мен радиода ақпаратты берудің ерекшеліктері мен айырмашылықтары. Хабар-ошар. Телерадиодағы ақпараттық бағдарлама түрлері. Репортаждың тілі мен стиліндегі екі бастама. Фоторепортаж. Репортаж – баспасөз, телевизиялық және радиожурналистикадағы жетекші және маңызды жанр. Телерепортаждың түрлері, өзіндік ерекшелігі. Комментарийі жоқ репортаж. Арнайы репортаж табиғаты. Есеп жанрының түрлері, жанрлық белгілері. Сөз сөйлеу композициясының негізгі талаптары, негізгі үш пішіні. Сөз сөйлеудің техникалық тәсілдері. Сұхбат жанрының түрлері. Баспасөз, радио, телесұхбат жанрынының ұқсастығы мен айырмашылығы. Журналистің сұхбаттағы басты қаруы. Сараптамалық радиосұхбаттыңбасты міндеті. Радиода сұхбатқа монтаж жасау әдіс-тәсілдері. Телевидениедегі проблемалық сұхбат. Экрандық сұхбат түрлері. Анкеталық сұхбаттың мақсат, міндеті. Тікелей эфирдегі сұхбат. Сұхбатты жүргізу техникасы.