Байланысты: Шындалиева М.Б. Публ.жанрлары мен пішіндері (копия)
Хабар-ошар. Ақпараттық хабар Кез келген адамның қызметі, мамандығы қарапайым нәрседен басталып, уақыт өте, тәжірибе жинақтала келе күрделіленіп, журналистік кәсіби шеберліктің шыңына жетеді. Журналистің жұмысы неден басталады? Мүмкін, бақылағыштықтан шығар. Қызықты нәрсені көрдің, белгісізді таптың, бірдемеге көңіл аударып, есіңде сақтадың, шағын көлемді материал жаздың – осының барлығы бұқаралық ақпарат құралдарына арналған хабарлама.
Хабар-ошар - дегеніміз дерек хабарланатын қысқаша хабарлама, журналистиканың ақпараттық жанры. Хабар-ошарды кейде «хроникалық хабар» деп атайды. Хроника – тарихи оқиғалардың хронологиялық жүйеде жазылуы. Журналистикадағы хроника – дерек туралы қысқаша хабар, яғни, хабар-ошар мен хроника синонимдес сөздер болып келеді.
Хабар-ошарда журналист дерек пен оқиғаға қатысты маңызды ақпаратты (оқиға орны, оған қатысушылар) толық баяндайды. Репортажда автор болған оқиғаға қатысушы ретінде деректі обьективті, эмоционалды түрде аудиторияға жеткізеді. Хабар-ошар мен есеп көркемдеуші құралдарға сараң, қысқа да нұсқа болуы шарт. Ал, сұхбат пен репортажға публицистикада көп қолданылатын барлық әдеби-көркемдеуші құралдарды пайдалануға болады. Ал, жалпы ақпараттық жанрға тоқталатын болсақ, олар өзара айтылатын деректің жаңалығы мен өзектілігі арқылы, оны жедел, әрі нақты жеткізу сияқты қасиеттерімен байланысады.
Хабар-ошар – газетке жедел хабарлама берудің ең қарапайым түрі. Оның негізіне қажетті, қоғамдық маңызы бар деректер жатады. Хабар-ошарға жаңалық пен қысқалық тән. Құбылыс деректерін көріп қана қоймай, оларды бағалап, түсіндіру маңызды. Хабар-ошардың ең қысқа түрі – хроника, немесе жаңалық. Мысалы, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 11 наурыздағы санында «Қытай улануы мүмкін» деген Ертай Нүсіпжановтың материалының мазмұны төмендегідей:
«Қытайдың шығыс өңіріндегі Чжэцзян провинциясына қарасты Цюйчжоу қаласында орналасқан химиялық зауытта көлемі кемінде 20 тоннаға жуық уландырғыш фторлысутегі қышқылы сыртқа тарады»,-деп хабарлайды жергілікті БАҚ. Қауіпті жағдай орын алғаннан кейін ондағы жұмыскерлер мен зауыт маңайында тұратын халық тұтастай көшірілді. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат болған жоқ. Апатты аймақта құтқару жұмыстары жүріп, ақаудың себептері анықталуда». Бұл материал газетте жедел хабарлама берудің үлгісі бола алады.
Телевидениеде бұл жанрға ауызша хабарлама мен бейне хабар-ошар жатады. Деректі кинематографта бейне хабар-ошарды кейде хроникалық репортаж деп атайды. Хроникалық репортаж дегеніміз - оқиғадағы негізгі мезеттерді табиғи бірізділікте көрсететін қысқаша материалдар.
Хабар-ошар – ақпараттық жанрдың ішінде кең тараған жаңалық бюллетенінің негізгі элементі. Хабар-ошар ауызша бейнеқатарсыз беріледі. Оқиға айтарлықтай маңызды болып, ал бейнематериалдар түсірілмесе немесе дайын болмаса, ауызша жеткізу өте қолайлы. Мысалы, мынадай хабар: «Рейтер» агенттігінің хабарлауы бойынша, мынадай елдің президенті оппозиционерлермен қоршауға алынған резиденциясын тастап, белгісіз бағытта қашып кетті...» Жаңалық бір ғана сөйлеммен кім, не, қайда және қашан болғанын жеткізеді. Оқиғаның себеп-салдарлық байланысы «кадрдан тыс» жерде қалады. Бұл журналистиканың жанры қалай және неге сұрақтарына жауап бермейді. Егер жаңалық оған лайық болса, ол тиісті бағасын алып, оған комментарий айтылып, сарапталады. Бірақ бұл үшін басқа бағдарламаларда қолданылатын басқа жанрлар бар.
Эфирдегі ауызша хабардың дайындалып, таратылуы үшін іріктеліп, редакцияланады. Іріктеудің критерийлері – қоғамдық маңызы, хабарланатын материалдың мағыналылығы немесе оның танымдық мәні болуы шарт. Сонымен қатар, хабарланатын деректің қоғамдық маңызы болса аудиторияның едәуір бөлігін қызықтырады.
Кейде вербалды хабар-ошарлар тақырыптық белгісі байланысқан блогтар арқылы келтіріледі. Бұл көрермендердің қызығушылығын арттырады. Мысалы, жоғарыда айтылған хабар-ошармен қатар келесідегідей хабар айтылады: «Бұл арада бұл мемлекеттің елшілігі белгісіз жағдайлармен отанына шақырылып алынған елшісіне қарамастан, жаңа ғимаратта қоныстойын жасады...» Бейнесюжеттерді екіге бөліп қарастыруға болады.
Біріншісі – ресми, оқиғаның пішіні бойынша дәстүрлі хабар: жоғарғы заң органының отырысынан баспасөз-конференциясына дейін. Мұндай шараларды түсіруде тәжірибелі операторға журналистің нұсқауы қажет емес. Залдың жалпы көрінісі, сөйлеушінің үлкен көрінісі, президиумның панорамасы, тыңдаушылардың бейнесі, қатысушылардың материалдарды конспектілеуі, орынды қойылған сұрақ – трибунадан алынған жауап – осының барлығы стандартты монтаждау беті. Редакцияға түсетін визуалды материал осындай. Келесі орындайтынымыз – кино не бейнетаспаға түсірілген материалды монтаждау және кадр сыртындағы мәтінді жазу.
Екінші бөлігін сценарийлік немесе авторлық деп атауға болады. Журналистің шығармашылық-өндірістік үрдіске қатысы, оның ақпарат сапасына әсері сезіледі. Автор экранға лайықты деректі таңдайды, алдын-ала түсірілім мен монтаждың сипатын анықтайды. Жас журналистен (студент-практикант, стажер, ұжымдағы жаңа адам) эпизод бойынша көрсетілген бейнелік шешімді, шағын мазмұны (тақырып, идея, сюжеттің деректік материалы) көрсетілген сценарийлық жоспарды талап етеді. Мұндай бейнесюжет шағын репортаж деп аталады.
Автор-журналист міндетті түрде түсірілімге қатысуы тиіс. Оған жұмыстың ұйымдастырылуы, түсіру алаңында пайда болатын кез келген өндірістік және шығармашылық сұрақтардың шешілуі жүктеледі. Отандық телевидениенің осындай дәстүрі продюсер мамандығы бекітілмегенше болады. Телевидениедегі продюсер орнықты пікірге қарамастан, бағдарламаның қаржыландыруына ғана жауап бермей, сонымен қатар, жұмыстың ұйымдастырылуына, шығармашылық және әкімшілік мәселелердің шешілуіне де жауапты өзіне алады.
Авторлық сюжетті дайындағанда журналистің қызметі мынадай кезеңдерден тұрады: тақырып таңдалуы мен расталуы, түсірілім объектісін және сценарийдің жасалуын зерттеу, түсіру үрдісінде, монтаж жасауда және мәтін жазуда толығымен қатысу.
Кез-келген жағдайда мәтін ықшам болып, көрерменде туатын сұрақтарға жауап беруі тиіс. Сюжеттің ауызша бөлімі бейнеқатарды қайталамауы өте маңызды. Бұл жаңадан жұмысын бастаған журналистке түсінікті болғанымен, ақпараттық хабар-ошардағы кадр сыртындағы мәтінде мынандай хабарларды жиі естиміз: «Трибунаға көтеріліп жатқан...»; «Зал бұл сөз сөйлеуді қол шапалақпен қарсы алды...» Бірақ бұл экранда көрсетілгеннен кейін көзбен көріп отырған бейнебаянды қайталап айтудың қажеті жоқ.
Мәтін жазғанда ауызекі тілден жазба сөздің ерекшеліктерін айыра білу қажет. Тіпті ресми материалдардан құрғақтықты алып тастауға болады. Ұзақ, әрі шұбалаңқы сөйлемдерден аулақ болу керек. Телевизиялық лексика канцеляризмді, кәсіби стильді және таза ғылыми терминологияны қабылдамайды.
Ресми сюжеттің кадр сыртындағы мәтінін ақпараттық бағдарламаның жүргізушісі (немесе диктор) оқиды. Әдетте авторлық сюжеттің кадр сыртындағы мәтінін автор-журналист эфирге дейін жазып алады. Дауыстың тембрі ақпараттық материалдың өзгешелігін білдіреді. Радиода ғана емес, телевидениеде де көп журналистерді дауысы арқылы танимыз. Бұл кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Біз қарастырған теледидарлық жанрлар жеке-дара күйінде өте сирек кездеседі. Теледидар практиктері хабар, бағдарлама, 1980 жылдардың аяғынан бастап телеарналар деп атап жүрген күрделі теледидарлық құрылымды жасау үшін кірпіш қызметін атқарды.
Құрылудың бастапқы кезеңінде, алғашқы тележурналистер, рекреативті қызметінен басқа үй экранынның үлкен қоғамдық-саяси мүмкіндікке ие екенін түсіне отырып, телекөрермендер үйіне басқа өнер туындыларын (кино, театр, эстрада) тасымалдаушы жалға беруші кеңсе ретіндегі қарапайым міндеттен басқа, әлдеқайда күрделі жаңа жалпы коммуникация құралын телекөрермендер тұрақтылығы тақырыптарға, кейіпкерлерге, мәселелерге сатылай қайтып оралу мүмкіндіктерін іздеді. Бұл жерде оларға сыннан өткен тілшілер пайдаланған пішіндер көмекке келгені түсінікті. Біз атап өткендей, жаңа жанрдың, түрдің пайда болуы бір дәуірде бір рет болады.
Мерзімді басылымдарда жедел ақпаратты беруде қиыншылық тумайды, жаңалық газет бетіне әртүрлі көлемде, кез-келген көмкерімде пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, газет тілшілері жанрлық шектеулерге көп кездеспейді. Тілші оқиғаның куәгері болса, репортаж жарыққа шығады, ақпарат ресми дереккөздерден келіп түссе, хроника бөлімі бар. Оқырмандарды қызықтыратын материалдарды іздеуді жеңілдету үшін жаңалықтар топтамасын басып шығарады.
Радио «жаңалықтар бюллетені» атты жанрлық пішінді ойлап тапты. Кейіннен ол теледидарға көшті. Материалдық базаның кеңеюімен, тасымалданатын кинокамералардың енгізілуі, дыбыстық синхронды таспаны пайдалану, соңында тасымалданатын бейне камералардың пайда болуы жаңалықтарды экранда теледидарлық етіп көрсете бастады. Бұл тұста да көп спецификалық мәселелер пайда болып, оларды шешу ақпараттық қызметке жүктелді. Жаңалықтар бюллетенінің көп профильді бағдарламаға айналуы отандық тілшілерді ұзақ, қиын жолдан өтуге мәжбүрледі. Жаңалық тарататын бағдарламалардың дамуы оның қоғамдағы өзектілігін дәлелдеп отыр.
Жаңалық тарататын бағдарламаның шығарылымы, оның үйлестірілуі тілшілік шеберліктің ең жоғарғы көрінісі және үлкен тәжірбиені, саяси және азаматтық ұстанымның жоғары болуын талап етеді. Журналист өзінің әлеуметтік функциясын орындай отырып, теледидар, радио, мерзімдік басылымда кең қолданыстағы әртүрлі, кейде бір-бірімен тақырыптық байланысы бар, бірақ үнемі тәуелсіз, автономды және тіпті өзіндік бағалы материалдарды байланыстырудың жедел тәсіліне көшті.
«ҚазАқпарат» агенттігі тарататын өнімдердің басым көпшілігі ақпараттық жанрда жазылады. Ақпараттық жанрдың түп негізінде дерек жатады. Дерек жаңалық болу үшін оның бойында қоғамдық маңыздылық, өзектілік, шыншылдық, нақтылық қасиеттері болуы керек. Сайт жаңалықтары ақпараттық жанрдың хабар-ошар, есеп, кеңейтілген ақпарат, хроникалық ақпарат және сұхбат жанрларында жазылады. Хроникалық ақпарат - «не?», «қайда?», «қашан?» деген сұрақтарды қамтып, 2-15 жол көлемінде болады. Стилі - құрғақ, ресми. Мысалы, «ҚазАқпаратта» жарияланған мына ақпаратты хроникалы түрге жатқыза аламыз: 22.02.2008 / 08:59 Елбасы бірқатар лауазымды тұлғаларды қызметінен босату туралы Жарлықтар мен Өкімдерге қол қойды. АСТАНА. Ақпанның 22-сі. «ҚазАқпарат» - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар лауазымды тұлғаларды қызметінен босату туралы Жарлықтар мен Өкімдерге қол қойды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлығымен:
Дәненов Нұрлан Жұмағалиұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Ватикан Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік туристік ұйымның жанындағы Тұрақты өкілі міндетін қоса атқарған қызметтерінен босатылды.
Меркель Иоган Давидович басқа қызметке ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығынан босатылды. Мемлекет Басшының Өкімімен:
Бақтыбаев Ілияс Жақыпбекұлы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары қызметінен, Ваисов Мерей Құрманұлы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметінен босатылды.