«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»



Pdf көрінісі
бет101/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   115
Байланысты:
Conference 1.(30.11.2016) (1)

 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ПӘНДЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАП ОҚЫТУДЫҢ 
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Ташимова Ш. 
«Шетел тілдері: екі шет тілі» мамандығының 4 курс студенті  
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Байдалина Ж.Ж. 
Білім беруге қатысты Ұлт Кӛшбасшысының 2012 жылғы Халыққа 
Жолдауында («Әлеуметтікэкономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының 
басты бағыты») педагогтар үшін ӛзіндік ерекшелігі бар екені де белгілі Елбасы 
мұнда басымдық берген бағыттардың ішінде, адам капиталына ерекше назар 
аударды, оның ішінде «Қазақстанда адами капитал сапалы ӛсуі, ең алдымен, 
білім беру мен денсаулық сақтауға байланысты екендігін айта келіп
«Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен 
технологияларды енгізу; екіншіден, педагогтар құрамының сапасын 
арттырудың маңызы зор; ... бесіншіден, оқу жастарға тек білім ғана беріп қана 
қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана 
білуге де үйренуі тиіс; алтыншыдан, оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын 
күшейту қажет» - деп маңызды іс-шараларды атап кӛрсетті. Бұл мәселелер 
білім меңгерту негізін құрайтын оқыту үдерісін ұйымдастыруды, білім сапасын 
арттыруды алға тартады. Осы міндеттердің орындалуы жас ұрпақтың ӛмірге 
деген кӛзқарасын, білім-білік дағдыларын қалыптастыруды қажет етеді. Оның 
алғашқы негіздері бастауыш мектепте алыптаса бастайтыны баршаға белгілі. 
Соған сәйкес бастауыш мектептің жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде 


264 
атқаратын ролі орасан зор. Оқушыларда бастауыш сынып пәндерін 
интеграциялауға сәйкес ойлаудың жаңа тәсілінің пайда болуы жалпылық 
негізінде жекені талдау, жекелерден жалпыны кӛре білу қабілеттері 
қалыптасады. Күрделі мәселелерді шешудің жаңа жолдарын табу, білімді 
кешенді түрде пайдалану біліктерінің қалыптасуы да пәнаралық интеграция 
арқылы жүзеге асырылады.Ӛсіп келе жатқан жас ұрпақты жан-жақты білімді
саналы азамат етіп тәрбиелеу, заман талабына сай оқытып, білім беруде жаңа 
технологияны қолданудың түрлері жеткілікті [1].
Соның бірі – интеграциялап оқыту. Қазіргі таңда білімді интеграциялау, 
оның ғылыми деңгейін кӛтеру, оқушының танымдық қабілетіне орай 
дағдыларын да жан-жақты қалыптастыру ӛзекті мәселеге айналып отыр. 
Сондықтан бастауыш сыныпта-ақ пәндерді интеграциялап оқыту, пәнаралық 
байланысты жүзеге асыру барысында оқу материалынан қайталанбауы, тиімді 
орналасуы, мұғалімдердің бірлесіп жұмыс істеуі сияқты бірқатар 
педагогикалық ұйымдастыру мәселелері шешіледі. Пәнаралық байланыс білім, 
білік және дағдының тұтас жүйесінің дұрыс қалыптасуына ықпал етеді, 
балалардың әртүрлі пәндерден алған білімін орынды қолдана білуіне 
кӛмектеседі.Бастауыш сыныптардағы пәнаралық байланыстың мақсаты – 
оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, оларды қоршрған ортаның әсемдігін 
ӛнер түрлері арқылы түсіне білуге тәрбиелеу.Кӛмекші мектептің бастауыш 
сыныптарындағы 
зияты 
дамымаған 
оқушылардың 
дүниетанымын 
қалыптастыруда және оларды оқыту барысындағы білімдік, тәрбиелік
дамытушылық міндеттерді шешуде пәнаралық байланыстың маңыздылығы 
мынадан кӛрінеді:-пәнаралық байланыс оқу пәндерінің арасындағы ӛзара 
байланыс оқу пәндерінің арасындағы ӛзара байланыстың дамуына және 
танымдық іс-әрекеттің белсенді, ауқымды болуына жол ашады;-бастауыш 
сынып оқушыларының дүниетанымының қалыптасуына білім мазмұнындағы 
барлық құрамдас бӛліктерінің байланыста болуына ықпал етеді;-пәнаралық 
байланыс кӛптеген оқу пәндеріне ортақ жетекші ұғымдар мен қағидалар, 
деректер, ғылыми таным әдістері арасында дұрыс, кең әрі қажетті 
дүниетанымдық білімдер мен кӛзқарастардың пайда болуына кӛмектеседі. 
Оқу пәндерін интеграциялау негізінде бастауыш сынып оқушыларының 
білім сапасын арттыруды қамтамасыз етудегі дидактикалық шарттардың оқыту 
жүйесіндегі мазмұндық сипатын тӛмендегідей қарастыруға болады. Олар: 
1.Мақсаты, оқытудың міндеттерінің қойылуы (оқу пәндерін интеграциялау 
негізінде бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру. 
2.Оқыту мазмұнында пәнаралық байланысты жүзеге асыратын оқу 
материалдарының болуы.
3.Оқытуда пәнаралық принциптердің басшылыққа алынуы.
4.Оқыту/оқу әдістерінің пәндер интеграциясын қамтамасыз етумен білім 
сапасын арттыруда жүзеге асырылуы.
5.Білім сапасын арттыруда оқытуды ұйымдастыру формаларының, 
интеграциялық сабақтардың орын алуы.


265 
6.Оқушылардың 
танымдық 
және 
шығармашылық 
іс-әрекеттерін 
дамытудың құралдары мен іс-әрекет бағыттары бойынша жаңалықты оқу 
материалдарының болуы, оқушының білім меңгеру бойынша белсенділігі.
7.Оқу пәндерін интеграциялау негізінде бастауыш сынып оқушыларының 
білім сапасын арттыру бойынша мұғалім даярлығы.
8.Білім сапасын арттыруға бағытталған оқыту технологиясы, оның 
техникалық жарақталуы. 
9.Оқыту нәтижелерінде оқу пәндерін интеграциялау негізінде бастауыш 
сынып оқушыларының білім сапасының арттырылуы [2]. 
Сонымен, оқытуда, білім сапасын арттыруда пәнаралық интеграциялаудың 
психологиялық-педагогикалық негізін құраушысының бір элементтеріне 
оқушылардың логикалық ойлау тәсілдерін (логикалық методологиялық 
білімдерді; пәнаралық іскерліктерді) жатқызамыз. Логикалық ойлау тәсілдері 
деп, білім сапасын арттырудағы оқушының ойлау қызметін қалыптастыру 
(ойлау тәсілдері) және оқу материалдарындағы негізгіні, маңыздыны бӛлу; 
себеп-салдарлық байланыстарды бӛліп алу; салыстыру; талдау; жинақтау
талдап қорыту және т.б. оқу іс-әрекетінің жалпы тәсілдерін (әрекеттер) 
түсінемін. Сондай-ақ, білім берудегі зерттеулерге сәйкес интеграция оқытуда 
бірнеше функцияларды жүзеге асыратынын атап кӛрсетуге болады:
1.Әдістемелік қызметі – оқушылардың оқытылатын пәндерге қазіргі 
заманғы кӛзқарасын қалыптастырады.
2.Білім беру қызметі – жүйенің жекелеген бӛліктерін байланыстырады, 
танымдық икемділікті, жүйелілікті қалыптастыру. 
3.Дамытушылық қызметі – білім деңгейін кеңейту, таным белсенділігін 
қалыптастыру.
4.Конструктивті қызметі – оқуды ұйымдастырудағы әдістер мен 
формаларды және оқу материалдарының құрылымын жетілдіру[3].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
Шетел тілін оқыту әдістемесі №3/17 2007ж. 21 бет 
2. 
Мектептегі шет тілі №3 2006ж. 49 бет 
3. 
«Ізденіс» журналы №1/2005жыл.125бет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет