«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫНЫҢ БҤГІНІ МЕН ЕРТЕҢІ



Pdf көрінісі
бет74/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   115
Байланысты:
Conference 1.(30.11.2016) (1)

МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫНЫҢ БҤГІНІ МЕН ЕРТЕҢІ 
 
Бекетова А.Б. 
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2 курс студенті
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Темирханова Қ.М. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған 
дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам 
уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан 
бағыттағы тыныс-тіршілігінің дамуына бірден-бір ықпал еткен фактор - бұл 
Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне кӛз жеткізер едік. 
Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 
атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ 
табыстардың негізі екені баса айтылды.Ал ең бастысы - еліміздің рухын 
кӛтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы 
жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді ӛз мақсатына талай дәуір сынынан 
сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің 
қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сӛзсіз. 
Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен 
міндеттер қойды.«Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда 
бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас 
аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту 
жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту 
әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы 
білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту 
деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін 
білуге тиіс», деп атап кӛрсетті. 
Елбасы жолдауында еліміздің экономикасын, шағын бизнесті, әлеуметтік 
саланы дамыту, Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру, ұлттық білім берудің 
сапасын жақсарту, инфроқұрылымдық үш тағанның қарқынды дамуы бұдан 
ӛзге де маңызды мәселелер сӛз етілді.
«Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гӛрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл 
- әлем кеңістігіндегі ғұмыр кешкен талай халықтың басынан ӛткен тарихи 
шындық. Ӛзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің 


206 
тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне тӛтеп бере алмай жер бетінен ұлт 
ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз ӛзгенің қателігінен, ӛткеннің 
тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік 
Ел біздің ӛз қолымызда. Ол үшін ӛзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға 
ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік 
Тәуелсіздігімізді кӛздің қарашығындай сақтай білуіміз керек».Елбасы 
Жолдауында айтылған осы бір сӛздер әрбір саналы азаматтың жанын тербері 
сӛзсіз. Ел мен тіл егіз ұғым. Мәңгілік сӛзі бабалардан мирас болып кел жатқан 
мәңгі ӛлмейтін асыл қазынамыздың бірі - ана тілімен де тығыз байланысты. 
Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі 
болуы да шарт. Ол- мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді дамыту 
жӛніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру елімізде табандылықпен жалғасып 
келеді. Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын миллиондаған қаржы бӛлінеді. 
Елбасы ӛз Жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге 
тоқтала келіп, енді ешкім ӛзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік 
Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың 
ұйытқысы ете білгеніміз жӛн деп ой түйді. Олай болса, ана тілімізді- мәңгілік 
тіл ету ӛз қолымызда. 
Қорыта келе қазақта ежелден жерін жаудан, елін езгіден, қызын күңдіктен, 
ұлын құлдықтан қорғаған батырлары кӛп болған. Сонау заманда Қабанбай, 
Бӛгенбай, Наурызбай сынды батыр бабаларымыздан басталатын ерлік істер 
кешегі Желтоқсан оқиғасына дейін жалғасты. Олардың күрес жолдары мен 
ерен ерліктерінің бәрі Тәуелсіздік, ел, жер үшін болды. Осы жолда кӛптеген ер 
азаматтар тер тӛгіп, ӛз жандарын құрбан етті.
Аналарымыз жесір, сәбилеріміз жетім қалып, ақ жүздерін қайғы жасы 
жуып, ащы зары мен мұңы дүниені күңірентті. Күрес жолында халқымыздың 
басынан ӛткерген небір қиындықтар мен қасіреттер, ерлеріміздің ерлігі тарихқа 
жазылып, халық есінде мәңгілік сақталып қалды.
Туады ерлер ел үшін,
Ӛлмейді ісі мәңгілік.
Ӛшпейді абзал есімдер,
Ұрпаққа жетіп мәңгілік, - деп ақын ағамыз Жұбан Молдағалиев 
жырлағандай, батыр ағалары-мыздың есімдері, ерліктері жас ұрпақ санасында 
мәңгілік сақталатынына сенемін. 
Қазіргі таңда біз, Тәуелсіз елдің жас ӛрендері үлкен күрес жолымен келген 
Тәуелсіздігімізді, елдігімізді кӛзіміздің қарашығындай сақтап, еліміздің жарқын 
болашағы үшін ӛнегелі тәрбие, терең білім алып, аянбай еңбектенуіміз қажет.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жеткен жетістіктеріміз бен табыстарымыз 
ұшан-теңіз. Әлем жұрты мойындаған іргелі ел болдық. Мұның бәрі Елбасымыз 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен халқымыздың қажырлы еңбегінің арқасы. 
Біз осының бәрін қадір тұтып, қастерлеуіміз қажет.
Біз - бақытты ұрпақпыз. Осы бақытымызды, шаттық күндерімізді бағалай, 
құрметтей білейік!


207 
Алдыға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары 
алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар 
бойы жасайды. Олай болса Елбасы салған сара жолдан таймайық, елдігіміз бен 
туған тіліміз мәңгілік жасай берсін! Тәуелсіз Қазақстан мәңгі жасасын! Еліміз 
гүлдене, кӛркейе берсін! 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан Халқына Жолдауынан. 17 
қаңтар 2014 жыл / Егемен Қзақстан 1 – 3 бет. 
2. 
Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Тәуелсіздіктің он сегіз асуы: 
құлдыраудан, ӛрлеуге дейін. 
3. 
Қазақстан табысқа жету тарихы әлемдік қоғамдастық кӛзімен. Алматы 
«Таймас» баспа үйі. 23-26 бет. 
4. 
Қазақстан ел бірлігі доктринасы – ұлттық саясат саласындағы жаңа 
стратегиялық құжат. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет