«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҚ КЕЗІНДЕГІ



Pdf көрінісі
бет77/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   115
Байланысты:
Conference 1.(30.11.2016) (1)

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҚ КЕЗІНДЕГІ 
ҒЫЛЫМИ КӚЗҚАРАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Ғазез А. 
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Құлтанов Д. 
Оқушылардың физикалық дайындығының деңгейі, дене сапаларының 
дайындығымен тығыз байланыста.
Дене сапалары деп адамның белсенді қозғалыстарды орындауға деген 
биологиялық және психикалық қасиеттерiнiң әлеуметтік біріктіруін атайды 
немесе адамның денесінде, санасында белгілі бір деңгейде сақтала тұрып, ол 
қозғалып әрекет жасағанда пайда болатын қасиеттерді айтады. 
Олардың барлығы қимыл жасаған кезде, сол қозғалыстың құрылымына 
байланысты кӛрініп, байқалады.
Қозғалыстың міндеттерін шешу үшін қолданылатын қимылдарды, әр адам 
әр түрлі жасайды. Қимылдарды әр түрлі жасау, оқушылардың жеке бастарының 
ерекшеліктеріне және дене қасиеттерінің деңгейіне байланысты болады. 
Дене тәрбиесінің теориясында келесі дене сапалары болады: күш, 
жылдамдық, тӛзімділік, ептілік және икемділік.
Дене жаттығулары жоғарыда айтылған күш, жылдамдық, ептілік, 
икемділік және тӛзімділікті дамытуға бағытталуы керек. Оқушылардың 
ағзаларының қызметтері дұрыс болу үшін, дене сапаларының бәрін, бірдей 
дамыту керек, ӛйткені дене сапаларының әрқайсысы денсаулықтың деңгейіне 


213 
әсер ететіні айдан анық. Берілген жаттығулардың қарқыны мен мӛлшері 
шұғылданушылардың жасына, жынысына, және денсаулықтарына сай 
қолданылуы керек. Олар, оқушылардың ағзаларының функционалдық 
мүмкіншіліктерінен аспауы және ӛз параметрлері бойынша гиподинамияның 
алдын алатындай болуы керек. Осындай талаптар, оқушылардың физикалық 
дайындықтарының кӛрсеткіштерін жоғарылатуға және оқу бағдарламасының 
нормативтерін орындауға кӛмектеседі. 
Оқушылардың 
дене 
сапалары 
түрлі 
уақытта 
және 
біркелкі 
қалыптаспайтыны белгілі және түрлі жас кезеңдерінде олар әр түрлі (А.А. 
Гужаловский, 1977, 1979, 1988; В.П. Филин, 1987, 1993; Ю.В. Верхошанский, 
1988; А.А. Кудинов, 1994; Л.М. Прогонюк, 2000) [1].
Мектеп жасындағы балалардың биологиялық жетілуінің түрлі қарқында 
болуы дене тәрбиесі процессінде, оларды ӛзарасында теңсіз жағдайға қояды.
Қозғалыс функцияларының дамуы кезінде гетерохрондық жақсы 
байқалады. 7 жастан 16 жасқа дейін бұлшықеттің күші 260% ӛседі. Дене 
жаттығуларымен үзбей шұғылдану дене сапаларының дамуын үдеткенмен, 
олардың ӛсуі, түрлі жас кезеңдерінде бірдей болмайды. 
Күш – адамның, сыртқы қарсыласуды жеңіп шығуы немесе, бұлшықетті 
жұмылдыру арқылы қарсы тұра алу қабілеттілігі. 
Күш салыстырмалы және абсолюттiк деп екіге бӛлінеді.
Абсолюттік күш деп адамның салмағын есепке алмағандағы қолданылған 
максималды күшті айтады. 
Салыстырылмалы күш деп абсолюттік күштің, адамның әр килограмм 
салмағына келетін күшті айтады.
Күш сапасын дамытуға ыңғайлы кезең 9-10 және 14-17 жас. Күшті талап 
ететін жаттығулармен ерте жастан шұғылдану тұлғаны ӛзгертуге соғуы 
ықтимал, ӛйткені осы кезең баланың скелетінің қалыптасу кезі болып саналады. 
Бұлшық еттің күші, бұлшықеттің талшықтарына (жылдам және баяу 
талшықтар) байланысты болады. Егер бұлшықеттерде жылдам талшықтар кӛп 
болса, онда адам жылдамдық – күшті қажет ететін қимылдарды орындауға, ал 
егер баяу талшықтар басым болса ұзақ уақыт жасалатын жаттығуларды 
орындай алады. 
Күш, бұлшықеттердің жұмысын басқара алу және сүйек пен бұлшықеттің 
ұлпаларының ӛсуіне байланысты [2]. 
Кӛптеген авторлар А.А. Маркосян, В.П. Филин, Л.П. Додонова, Н.Ю. 
Соколик, жас ӛскен сайын бұлшықеттің күші табиғи түрде ӛседі деген ұғымда. 
Жыныстық жетілу кезеңінде дененің үдемелі дамуы, бұлшықеттің күшінің 
жақсы кӛрсеткіштерге жетуіне себеп болады. Кейбір авторлардың зерттеу 
жұмыстарында 12-13 жастағы балалардың иықтарының және қолдың басының 
бүгу және жазу бұлшықеттерінің күшінің 8-9 жастағыларға қарағанда 
әжептәуір мықты болатыны аталып ӛтеді. 12-13 жастағы балалардың әр 
килограммына 
шаққандағы 
күштерінің 
қарқынды 
дамитынын 
А.В. 
Коробкованың, ғылыми жұмыстары да қостайды. 


214 
Бұлшықеттің күшінің әр жаста ӛзгеріп отыруы туралы, авторлар түрлі 
мәліметтер келтіреді. В.П. Филиннің айтуы бойынша 10-14 жаста абсолюттік 
күш жақсы дамып, 15-16 жас шамасында оның дамуы тӛмендеп, 17 жаста тағы 
да дамитын кӛрінеді. Абсолюттік күш пен салыстырылмалы күштің даму 
кезеңдері сәйкес келмейді. Балалар мен жасӛспірімдердің бұлшықеттерінің 
күшін дамыту жӛніндегі мамандардың ойлары әр түрлі. Мысалы М.Я. 
Набатникова, С.М. Ахметов, Н.Р. Дороховтардың ойларынша күшті дамытуды 
бала жастан бастаған дұрыс деп санаса, басқа мамандар Э.С. Вильчковский, 
Л.В. Лушина, оқушылардың күш сапаларын дамытудың қажеттілігіне 
күмәнданады. Бұлшықеттің күшінің дамуы, алдыменен балалар мен 
жасӛспірімдердің моторикасын жанжақты жетілдіруге қажет. 6-8 және 11-12 
жас аралығында бұлшықеттің күші 30-60 %-ға ӛседі. Жасқа байланысты үлкен 
бұлшықет топтарының күштерінің даму қарқыны біқалыпты емес .
Ұлдардың күштерінің дамуы 11-12 жастар шамасына сай келеді. Осы 
кезеңде, балалардың оңақай немесе солақайлығына сай, күші басым болады. 
Бұлшықеттің күшінің абсолюттік кӛрсеткіштерінің дамуы, бұлшықеттің 
массасының дамуына байланысты болады. Кӛлденеңдік бұлшықет үлкен болса, 
күш де кӛбірек болатыны анық. Жасӛспірім шақта бұлшықет массасы және 
кӛлденеңдік бұлшықеттер жақсы дамиды [3]. 
Ептілік деп оқушылардың күрделі координациялы қимылдарды тез игеріп, 
ӛз әрекеттерін түрлі жағдайларға байланысты қолдана алуларын айтады. 
Ептілікті дамытудағы басты амалдарға жаңа, бұрын қолданылмаған 
жаттығуларды жасау жатады. Игерілген қимылдарды қайталау ептілікті дамыта 
алмайды. Ептілікті тәрбиелеу үшін, мұғалім әр сабақта әдеттегідей емес бастау 
қалыптарын, үйренген жаттығуларды теріс жаққа жасау, басқа қолмен жасау, 
жылдамдығы мен қарқынын ӛзгертіп, түрлі комбинацияларды құрастыруларды, 
ойындарды, кеңінен қолдануы қажет.
Ептілікті тәрбиелеуге арналған жаттығуларды сабақтың басында 
орындаған жӛн, ӛйткені шаршау фонында ептілік дамымайды. Ептіліктің ӛте 
жақсы дамитын кезі мектеп жасына дейін және бастауыш сынып кезіндегі кезең 
болып саналады. Осы уақытты бос ӛткізіп алған жағдайда, мектеп бітіргеннен 
соң ептілікті дамыту мүмкін еместігін есте сақтау керек.
Жылдамдық дегеніміз – адамның белгілі бір уақыт аралығында кеңістікте 
жылдам қозғалған әрекеті.
Жылдамдық үш түрде пайда болады:
1 Қарапайым және күрделі қозғалыс әрекеті жылдамдығы.
2. Жалғыз қимыл жылдамдығы. 
3 Қимыл жиілігі. 
Дене шынықтыру сабағында түрлі амалдар мен әдістерді қолдана отыра 
11-12 
жастағы балалардың қозғалыс сапаларын комплексте дамыту 
мүмкіншілігін зерттеген кейбір авторлар оқушылардың дене сапаларын дамыту 
үшін, әр баламен дифферинциалды шұғылдану керектігін ұсынады. 
Тұжырымдай келе оқушылардың дене сапаларын дамыту, олардың 
ағзаларының морфофункционалдық, жас пен жыныстық мүмкіншіліктеріне 


215 
және жеке бастарының ерекшеліктеріне сай кешенді түрде жүргізілетін 
бағытталған педагогикалық үдіріс болуы керек.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1. 
Сапарбаев М.Б. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдеріне үздіксіз 
педагогикалық білім беру жүйесінің теориясы мен практикасы. п.ғ.д. дисс. 
авторефераты. Алматы, 1993, 318 б.
2. 
Гейнца К.А. Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі 1-9 сынып 
оқушыларының нұсқалық бӛлімдерін жете зерттеу. п.ғ.к. дисс. авторефераты. 
М., 1995, 22 б. 
3. 
Жұманова А.С. «7-9» жастағы қазақ балаларының дене тәрбиесі ісінің 
мазмұнын тәжірибеде дәлелдеу. п.ғ.к. дисс. авторефераты Алматы,-1997. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет