«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


ЗАМАНАУИ ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ



Pdf көрінісі
бет54/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   115
Байланысты:
Conference 1.(30.11.2016) (1)

 
ЗАМАНАУИ ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ 
 
Сейдахметова А. 
«Педагогика және психология» мамандығының
3 курс студенті
Ғылыми жетекшісі Акылбекова Э.А. 
ХХІ ғасырда әлемдегі кӛптеген озық елдер әлеуметтік салада біршама 
ӛзгерістерді бастарынан кешіруде. Соңғы 10 жыл ішінде оқу – ағарту саласында 
реформа жүргізбеген бір де бір дамыған мемлекет жоқ. Кейбір елдерде бұл 
тәжірибет ұрақты түрде жүргізіліп келеді. Қазіргі қоғамның үздіксіз дамуында 
және әлемдік нарықта мықты позицияны қамтамасыз етуде білім берудің 
басымдық рӛлі туралы идея жоғарыдамыған мемлекеттердің оқу – ағарту 
саясатында 
маңызды орынға ие. 
Үздіксіз ӛзгеруде 
әлем елдері 
постиндустриалдық және ақпараттық қоғамға кӛшу барысында халықаралық 
ынтымақтастық нәтижесінде ғаламдық мәселелерді шешуді мақсат етіп қойған. 
Қоғамның демократиялануы мен экономиканың қарқынды дамуы әлемдік 
деңгейдегі бәсекелестікте ӛзін білімі мен біліктілігі жағынан кӛрсететін жан-
жақты тұлғаны тәрбиелеуді талап етіп отыр [1]. 
ХХI ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсекеен жарлықты, керітартпалықты 
кӛтермейді. Қазақ елі тәуелсіздіке қолы жетіп, егемендігін алып, ӛзін бүкіл 
әлемге мойындата бастаған осы кезеңде біздің қоғамдарынды, қабілетті, жан-
жақты жетілген тұлғаны қажет етеді. Сондықтан да Қазақстанның білім 
берудегі ұлттық жүйесі ӛте қарқынды ӛзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі 
таңдағы негізгі мақсат - ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға 
қабілетті, ӛзіндік жеке кӛзқарасы қалыптасқан ,зерделі, дарынды оқушыны 
әзірлеубасты назарда. 
Елбасымыздың 2012 жылдың 27қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық 
жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында: «Білім 
жүйесі тек білім ғана емес, сонымен қатар, оны әлеуметтік бейімделуде қолдану 
білігін беруі тиіс», − деп атап кӛрсетілген. Осыған орай, Мемлекет басшысы 
мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын одан ары дамыту 
қажеттілігін атап ӛтті. 
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру 
процесінің негізі болып табылады. Қазақстанда кеңестік кезеңнен кейінгі 
кеңістікте алғаш рет 2012-2016 жылдарға арналған функционалдық 
сауаттылықты дамытудың «Ұлттық іс-қимыл жоспары» дайындалды, онда 
оқушылардың құзыреттілік біліктерін, алған білімдерін шынайы ӛмірлік 


149 
жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту кӛзделген. 
Функционалдық сауаттылықтың жалпы бағыты Қазақстан Республикасында 
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасында да нақты кӛрсетілген [2]. 
«Ең әуелі мектепке керегі терең білімді педагогика мен әдістемеден 
хабардар, оқыта алатын мұғалім. Екіншісі, оқыту ісіне керек құралдар һәм 
сайлы болуы. Құралсыз іс істелмейді, һәм құралдар қандай болса, істеген іс те 
сондай болмақшы», -деп тілші-ғалым А.Байтұрсынұлы атап ӛткендей қазіргі 
қоғамның ӛзекті мәселелерінің бірі – мұғалімнің еліміздегі жүргізіліп жатқан 
білім беру саясатындағы және әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың заманауи 
құралдарын ӛз тәжірибесінде ықпалдастыру арқылы оқыту сапасын арттыруға 
бағдарланғаны. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман 
дайындау. Осы орайда мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. 
Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның әр сабағын 
түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. «Ұстаз» деген атқа лайық болу, 
оны арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ӛзгермелі қоғамдағы жаңа 
формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, 
тұрақты ӛзін-ӛзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан 
шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі білім мен біліктілігі 
арқылы қалыптасады, кәсіби шыңдалады. Қарқынды ӛзгеріп жатқанн арықтық 
жағдайда мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім мен білік 
дағдысының, кәсіби шеберлігінің жоғары болуы. 
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы 
біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық деңгейде білім кӛрсеткішінің жақсаруы 
мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең 
алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың оқытылуы және 
кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін 
мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән 
берілген.
Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі 
реформалар мен сыңдарлысаясаттар, ӛзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог 
қауымының ойлауына, ӛткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы 
толғануына, жаңа идеялар мен жаңа жүйелер мен жұмыс жасауына негіз 
болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру 
жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. 
Дәстүрлі білім беру жүйесінде оқушыларға дайын білімді игерту ғана болса, ал 
қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау 
үшін адамның құзырлылыққа сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру 
жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі ӛзекті мәселелердің бірі. 
Қазіргі кездегі оқыту мен оқу үрдісіндегі әлемдік білім кеңістігіне 
ұмтылуға 
байланысты 
жасалынып 
жатқан 
талпыныстар 
Қазақстан 
Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін 
арттыруда 
«Педагогикалық 
шеберлік 
орталықтарының 
» 
деңгейлі 


150 
бағдарламасымен жүзеге асырылуда. Алматы қаласының «Педагогикалық 
шеберлік орталығының» І деңгей тыңдаушысы ретінде аталған бағдарламаның 
Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға оң ықпал ететініне сенімім мол [3]. 
Себебі, оқыту мен оқуда ӛзгеріске жетелейтін, оқыту сапасын жақсартуға 
ықпал ететін бұл бағдарлама мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін шыңдап қана 
қоймай, оқушылардың білім сапасының нәтижесіне ықпал ете отырып, 
мектептің ілгері дамуына әсер етеді. Бірінші деңгей бағдарламасының негізгі 
мақсаты-мектептегі еңбек тәжірибесі әртүрлі мұғалімдерді қатыстыру арқылы 
мектеп жүйесінжан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру 
болып табылады. 
Себебі, педагогика жаңалықтарының бірі–оқытудың іс-тәжірибесіне жаңа 
әдіс-тәсілдерді енгізу. Бағдарламаның басты мақсаты кӛшбасшы мұғалімдерді 
әзірлеу арқылы мектеп тәжірибесіне жаңа ӛзгерістер енгізу болып табылады. Ӛз 
мектебіме жаңашыл ӛзгерістерді енгізудің нәтижесін екі апталық тәжірибе 
кезінде байқадым. Оқыту мен оқудағы қуатты педагогикалық жеті құралдың 
маңыздылығы мен тиімділігін коучинг сессиялар арқылы меңгерген мектеп 
мұғалімдері орта мезгілді жоспарлауда жеті модулді ықпалдастыра отырып, 
тізбектелген сабақтарды және іс-әрекетті зерттеу сабақтарын жүргізгеннен 
кейінгі аз мерзім ішінде ӛзгерістің білім сапасына, яғни, оқушылардан күтілетін 
нәтижеге әсер еткенін аңғарды. Себебі, осы бағдарлама бойынша оқыту мен 
оқудағы жаңа тәсілдерді тиімді қолдана отырып, топтық жұмыстарды 
ұйымдастыруда үлгерімі тӛмен оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары 
артып, дарынды оқушылардың сынып ішінде кӛшбасшы деңгейіне жетуі оң 
нәтиже кӛрсетті.
Сонымен қатар, мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастыққа бірігіп, 
оқытудағы ортақ мәселелерді шешуде бірлесіп, ынтымақтастықта жұмыс 
жасауы, тәжірибе алмасуы олардың кәсіби дағдыларын шыңдай түсті. Бәрімізді 
бүгінгі таңда алаңдататын мәселе- жас ұрпақтың сапалы ілімді игеруі, бәсекеге 
қабілетті озық елдердің қатарында болу.Қазіргі ӛркениетке жеткізетін құрал тек 
қана - білім. Білімді ұрпақ қана болашақ иесі болып табылады. Білім – қоғамды 
әлеуметтік мәдени – ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, 
қауым үшін де, қоғам үшін де жоғары. Сондықтан, оқыту мен оқу үрдісінің 
сапасын жақсартуға, мектеп тәжірибесін дамытуға, мұғалімдердің кәсіби 
шеберлігін арттыруға жаңашыл бағдарламаның маңызы зор деп сенімді түрде 
айта аламын. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қ.Б Жарықбаев, Н.Б.Беріков «Психология пәнін оқытудың кейбір 
мәселелері» Алматы – 1987жыл. 

Б.А. Әмірова, Р.А.Молдабаева «Психологияны оқыту әдістемесі» 
Қарағанды - 2012 жыл. 

М.К.Бапаева «Психологияны оқыту әдістемесі» Алматы - 2006 жыл. 


151 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет