«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҤЙЕСІН ДАМЫТУ



Pdf көрінісі
бет53/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   115
 
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҤЙЕСІН ДАМЫТУ 
 
Серік. Г. 
«Педагогика және психология» мамандығының 3курс студенті
Ғылыми жетекшісі Мусирова Г.Б. 
 
Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды 
қалыпты балалармен бірге білім беру.Адамның жынысына , дініне, шығу тегіне 
қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. 
Инклюзивтік оқыту қазіргі кезде білім беру саласына етек жайып келе жатыр, 
бұл дегеніміз сапалы білім алудың барлығы үшін тең болуымен ескеріледі. 
Яғни, жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндіктері шектеулі бала мен 
басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға ӛзгелермен 


146 
теңдей білім беру, соған жағдай жасау. Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі 
шектеулі балалар кӛбіне арнайы мектеп-интернаттарда білім алады. 
Инклюзивті білім беру - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, 
мектепте және мектеп ӛміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді [1].
Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы 
туралы білім алуға мүмкіншілік алады, ӛйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас 
жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді. Біріктіре оқыту арқылы бала 
дамуының ерекшеліктерін анықтап, білім беру стандартына сай қалыпты 
дамуын қадағалап, зейін тұрақтылықтарын дамыта отырып оқыту,тәрбиелеу-
басты мақсат болып отыр. 
Қазіргі кезде қолданылып келе жатқан әдістің бірі-біріктіре оқыту. 
Біріктіре оқытудың ерешелігіне тоқталып ӛтсек 
- даму барысындағы кемшілікті ерте бастан түзету
- даму барысында ауытқуы бар балалардың бірнеше қызметтерін қалпына 
келті қабілеттері.
- Біріктіре оқыған балаға түзету жұмыстары міндетті түрде жүргізілуі 
керек.Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім 
мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы 
мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі 
балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу 
бағдарламалары; 
мүмкіндігі 
шектеулі 
балалардың 
психофизикалық 
ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы[2]. 
Осы бағдарлама тӛңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері 
қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу кӛзделген: 
-мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік 
бағдарламалары жасалады; 
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп 
оқыту ережесі әзірленеді; 
- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады; 
-мүмкіндігі шектеулі балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру 
қағидалары әзірленеді. Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай 
мектептерде мүгедек балалар үшін кӛтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық 
бӛлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен
үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау 
арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. 3030 мектепте 
мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу 
үшін жағдайлар жасалу міндеті (мектептерде педагог-дефектологтардың
балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке 
техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған. Үйде 
білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле 
отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге 
асырылмақшы. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды 
оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы ӛмір сүру мүмкіншілігін 


147 
қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды 
адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз [3]. 
Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін 
мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. 
Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; 
мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру 
бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың 
психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке 
бағдарламасы.
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 
90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа ӛздерінің білім беру саясатына осы 
бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру 
жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім 
беруді 
дамытудың 
2010-2020 
жылдарға 
арналған 
мемлекеттік 
бағдарламасында» кӛрсетілді. Осы бағдарлама тӛңірегінде инклюзивті білім 
беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді 
шешу кӛзделген: 
-мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік 
бағдарламалары жасалады; 
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп 
оқыту ережесі әзірленеді; 
- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады; 
-мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары 
әзірленеді. Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде 
мүгедек балалар үшін кӛтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бӛлмелерде 
арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және 
басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз 
аймақтар» құруы жоспарланған. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі 
балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу 
міндеті (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық 
құралдардың болуы) алға қойылған. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке 
мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен 
қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылмақшы. Осылайша мемлекетіміз 
мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене 
араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс 
орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше 
жағдай жасамақшы [4]. 
Пайдаланған әдебеттер тізімі: 

Руководящие принципы политики в области инклюзивного образования. 
Париж, ЮНЕСКО, 2009г 

Бгажнокова И.М. «Школа для детей с нарушениями интеллекта: тенденции 
перспективы развития» Дефектология 2004ж 


148 
3. 
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету 
арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы 
4. 
Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 
жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2010. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет