«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ- БОЛАШАҚҚА БАҒДАР
Менеджмент группасынан
Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап аз уақыттың ішінде әлеуметтік, саяси-экономикалық табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі тәуелсіз Қазақ елінің басты мақсаты – экономикасы дамыған, бәсекеге қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарына кіру. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы осы мақсатқа жеткізетін бастама десек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын айқындап берді.
Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан – 2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, қадірлі халқым!» - деп қазақ елінің ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беріп, тарих сахнасынан жойылып кетпей, сақталуына сеніммен қарайды. Елбасының 2014 жылғы Жолдауындағы қазақ елінің «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы - ғасырлар бойы аңсаған ата - бабамыздың асыл арманы. Тарихқа сүйенсек, «Мәңгілік Ел» идеясының тарихи негізі - түркілердің данагөйі болған Тоныкөктен бастау алады. «Жеріңді жат баспағай» - деп, түркі жұртына арнап Тоныкөк «Мәңгілік Ел» идеясын ұсынған. Түркі елінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. «Күлтегін» жазбасында «Түркі халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін...», «Бек ұлдарың құл болмағай, пәк қыздарың күң болмағай» - деген жолдар бұған дәлел.
Мәңгілік өмірді іздеген Қорқыт бабамыздың өлім атаулыға қарсы шара іздеуі - тек Қорқыттың ғана емес, сол замандағы билеушілердің елдің мәңгі өмір сүруін қалағандығын білдірсе, жерұйықты іздеген Асан қайғы халқының шырайлы жерге қоныстанып, болашақта мәңгілік ел болуын қалаған. Қазақ хандығының негізі қаланғанда, жаңа хандықтың басты идеологына айналады. Ертеңгі халық болашағын ойлап, жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығып, баға беріп отырған. «Еділ бол да, Жайық бол, ешкімменен ұрыспа, жолдасыңа жау тисе, жаныңды аяп тұрыспа» - деп, Асан қайғы халықтың ішінде алауыздық туындаса, түбі орға жығатынын ескерткен.
ХYІІІ ғасырда үш жүздің басын қосып, Қытай мен Ресейдің сыртқы саяси ойынынан аман алып қалған Абылай ханның саясаты түркілік мәңгілік ел идеясын жандандырушы тұлғаның ерлігі еді. Шығыстағы ежелден дұшпанымыз қытайлар жоңғарларды қазақ жеріне айдап салып, сол арқылы қазақ жерін алып, жоңғарларды өз билігінде ұстау еді. Алпауыт елдердің қазақ-жоңғар соғысы арқылы не қазақ, не жоңғар, болмаса екеуінде мемлекет ретінде жойып жіберу жолындағы жаттанды саясаты еді. Алайда, бұл соғыста қазақ елі аман қалып, нәтижесінде жоңғарлар 1758 жылы тарих сахнасынан мүлдем жойылып кетті. Абылай хан елді біріктіріп, қазақ елін аман сақтап қалды.
Қазіргі таңда тәуелсіз елдің ұрпақтары өткеннің тарих тағылымынан сабақ ала отырып, «Мәңгілік Ел» идеясын мемлекеттің әлеуметтік, этностық, діни бірегейлігін қамтамасыз ететін басты ұстанымға айналдыра алуымыз қажет. Сонымен бірге, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты, негізгі іргетасы – бірлік екенін басты назарда ұстауымыз қажет. Бірлік – ол елдің рухани бірлігі, халықтың мәдени, тілдік, ділдік, ақпараттық кеңістікке деген бірлігі. Қазақстандықтардың әлеуметтік, мәдени, рухани бірегейлігін дамыту, ұлттық идеологияны дамытудың басты факторы болуы тиіс.«Мәңгілік Ел» идеясының негізі –елдің ішкі тұрақтылығы, халықтардың өзара достығы мен татулығы, бір - біріне деген сыйластық қарым - қатынасы. Этнос және дінаралық келісім мен татулық Қазақстан дамуының басты тұғыры. Тек тату, бірлігі жарасқан ел ғана алға қойған мақсат - мұраттарына жете алады.«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру белгілі бір құндылықтар жүйесіне негізделетіні белгілі.
Сол құндылықтардың ішіндегі ең бастысы – елдің ішкі тұрақтылығының берік болуы. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгінгі күні Қазақстан халқы 1 мамыр - ынтымақ пен бірлік күнін тойлайды. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған Қазақстан халқы үшін бұл мейрамның орны ерекше. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Бүгінде еліміздің әрбір ұлттың салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениетін дамытуға жағдай жасалуда, сонымен қатар, Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында«1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесі барлық балабақшалардан бастап, мектеп, колледждер мен ЖОО-да атап өтіледі. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында өскелең ұрпаққа хандардың, билердің, қазақ зиялыларының, мәдениет және өнер қайраткерлерінің есімдерін, олардың еңбектерін таныту арқылы рухани-мәдени білімін арттырады. Тарихи тұлғалардың есімдерін жаңғырту, ұрпақ жадында мәңгі қалдыру мақсатында әкімшілік-географиялық нысандарды белгілеп, олардың есімдерімен атауға ат салысу жұмыстары жүргізілуде. Тәуелсіздік дәуірінде және қазіргі уақытта да өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан қаншама аға буын өкілдері мен замандастарымыздың жүріп өткен жолдары өнеге. Солардың ішінде Тәуелсіздікті құру жолындағы аға буын өкілдерінің атқарған еңбектерін «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енгізу жұмыстары республика көлемінде жүргізіліп, тағылымы мол игі бастамаға Елбасының өзі мұрындық болды. Ал ұлтымыздыңалтын қорына енетін тұлғаларды анықтауға халық болып атсалысып, арнайы порталдадауыс берді. Ғаламторда онлайн іріктеу кезеңінен 2 мыңнан астам үміткерлердіңішінен жеңімпаздар анықталды. Онлайн дауыс беру арқылыжобада 340 мыңнан астам қазақстандықөздері таңдаған тұлғаларға 1 миллион 376 мың дауыс беріп, бүгінгінің батыры мен ақыны, қамқорлық пен қайырымдылықжасаушы азаматтар анықталып, нәтижесінде жобаның 102 жеңімпазы анықталды. «100 жаңа есім» жұмыс тобының тең төрағасы, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, екі үміткер жалпы топтан оқ бойы озық шыққан жүздіктен дауыс саны бойынша сәл ғана қалып тұрғандықтан, тізімге енгізілген көрінеді.
«Қазақстандағы 100 жаңа есімге» кіргендерге қысқаша тоқтала кетсек: «Атырау – маленькая страна» ҚБ төрағасы Ерлан Күмісқалиев, кәсіпкер Баһаргүл Төлегенқызы, самбо күресінен жаттықтырушы Құралбай Орынбасар, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Нұржан Әлтаев, композитор, пианист РахатБи Әбдісағын және т.б. РахатБиӘбдісағын Қазақстандағы ең жас композитор, пианист. Ол 13 жасында студент,он жетісіндемагистрант,он сегіз жасында әлемнің үздік музыкалық Академияларының бірінедокторантураға жолдама алған.Академияны1585 жылы Рим Папасы салған. Бұл әлемдегіең озық музыкалықмектептердің бірі. Жүздеген үміткердің ішінен тек үздік бес талапкер оқуға қабылданады.Солардың қатарында РахатБи Әбдісағын қабылданып, 600 жыл тарихы бар академияда ең жас доктарант атанған. Кардиохирург Гүлжан Сәрсенбаева - ақ халатты абзал жанның бірі. Ол жаңа туған нәрестелердің жүрегіне операция жасап, қаншама бүлдіршіндердің өмірін аман алып қалуда.
Ия, бұл Тәуелсіздік жылдарындағы елдің ұлы тұлғалары. Өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болып, ұлттық рух беретін, жастарды алға жетелеп, халықтың санасын жаңғыртатын жандар. Таңдалған «102 есімге» - халық қарап бой түзейді. Сол арқылы елімізді «озық отыздыққа» сүйрейді деген сеніміміз мол.
Қорыта келгенде, Қазақстанның экономикасы дамыған, бәсекеге қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жолында тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихын таныта отырып,
«Мәңгілік Ел» болу жолындағы игі істерімізді арттыра берейік.
Пайдаланған әдебиеттер:
Н.Назарбаев. «Қазақстан – 2050» стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: Болашаққа бағдарланған даму бағыттары. Астана, 2012 ж.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». 2014 ж.
Н.Назарбаев. Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру. Астана, 2017 ж.
https //www.zharar.com/kz
https //www.zharar.com/kz
https //www.bak.kz
Достарыңызбен бөлісу: |