1204-нұсқа
2-мәтін
Ел жайлаудан кайтты. Шоғыр-шоғыр қалың мал жай қозғалады.
Беталысы - қоңырқай көкжиек. Ат үстіндегі кісілердің әңгімесі сол жайлы. ¥зын
кекілді, кербез күреңнің үстінде шалқая отырған қарт сөзді маза бермей келе
жатқан бөгелектерге бұрды.
-Дегенмен бөгелектер ат жалынан асқан жоқ, биылғы қыс жайлы болар, - деп
еді, шоқша сақалды қарт қостай жөнелді.
-Иә, өрмекшінің торы да бұталардың төменгі сабағына керіліпті. Бұл да
жақсылықтың нышаны...
-Енді жылқы шайнақ тастай ма, тастамай ма, соны қадағалау керек, - деп
қостады әкем, - Жеген шөбін илеп тастаса, онда шөптің уытты болғаны. Қыстың
жұғымсыз белгісі осыдан байқалады.
Көш тау етегіне еңкейгенде қыз-бозбалалар сылдырап аққан бұлаққа бұрылды.
Сол тұста қарақат, мойыл мөлдіреп, қызыл сары долана моншақтай тізіліп тұр.
Таңқурай мен бүлдірген уылжиды.
Біз бұлақ жақтан дүркірей шауып жотаға шыққанымызда ымырт үйірілген еді.
Күздің кешкі қоңыр самалы маңдайды шымырлатады.
Қураған шөптің, отырықшы ауылдың өзгеше иісі танауды жыбырлатады.
Жол үстінде келе жатқан біз Үркердің туғанын көріп, қуандық. Өйткені атамдар
сол жұлдызға қарап маусымның сипатын болжайды.
Түнге қарай қой күзеттік, ұйықтамадық. Таң алдында жарқырап туған
Шолпанды көрдік. Әдеттегіден биіктеп, шақырайып тұрса, қыс қатты болады
дейді.
Күзеуге келген соң, күзем қырқылды. Жүн сабап, киіз басу басталды.
-Ауылда бұл думанды әрекет. Әйелдер әңдетіп отырып сабаумен жүн сабайды.
Біз: «Қой басты, қой басты», - деп киіз тебеміз. Сол кезде төбеден тыраулап
тырналар өтеді. Қыздар: «Келесі көктемге дейін сау болыңдар!» — деп, қайтқан
құстарға қол бұлғайды. Біз жайдақ атқа міне салып, бір белді асырып салып
қайтамыз. Бел астындағы егіс даласынан тракторлар тізбегі көрінеді. Ел ырысы
- алтын дәннің алдағы қамын жасап жүр.
Күз маусымы қарқынды еңбекпен, думанды қызықпен өтіп жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: