2.Қандай пікірлер бір-біріне қарама-қайшы болып келеді?
A)Бірінші мен екінші
B)Екінші мен үшінші
C)Бірінші мен үшінші
D)Барлығы
E)Үшінші мен төртінші
3.Мәселені шешудің ең арзан түрін ұсынған комментатор?
A)Ешқайсысы
B)Ермұхамет
C)Дәурен
D)Ерсін
E)Бақытжан
4.Сұхбат қандай мақсатта алынды?
A)Мамандар
даярлау мақсатында
B)Нақты қадамдар белгілеу үшін
C)Мәселе бойынша көзқарастарын білу үшін
D)Шетелдік тәжірибеден өткізу үшін
E)Спорт саласының проблемасын анықтау үшін
2.22-мәтін
Гүл – жер бетіндегі ең сұлу жаратылыс. Гүлдердің ешкімге зияны жоқ, керісінше,
айналасындағыларға шаттық пен қуаныш, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, адам жанын
жадыратып жіберетін қасиетке ие.
Есте жоқ ерте замандарда, яғни көркемсөз өнері дамымаған, хат жазу дәстүрі кең
тарамаған кезде адамдар өздерінің сезімдерін гүл арқылы жеткізетін болған деседі.
Одан бері қанша ғасыр өтсе де, бұл дәстүр сақталып келеді.
Гүлдердің сырына үңіліп көрейік.
Мысалы, қызғалдақ – дүние жүзінде кең тараған әдемі гүлдердің бірі. Қызғалдақтың
отаны туралы пікірталастар өте көп. Шын мәнінде, қызғалдақтың отаны – Қазақстан!
Сакура – Жапонияның символы болып табылатын гүл. Оның гүлдеуі адамның сана-
сезімін еріктен тыс әдемі нәрселерді ойлауға жетелейді.
Раушан гүлінің отаны – Иран, ол ертеректе Персия елі болып есептелетін. Өз
тілдерінде оны «гюл» деп атайды. Сонымен бірге елінде оны «гюлистан» дейді,
аударғанда «раушандар бағы» деген мағынаны білдіреді. Ал Үнді еліне раушан гүлі
Бабуру басшысының арқасында жерсіндірілген. Грекияға гүл батыс елдерден келіп,
кейін махаббат пен әдеміліктің символы саналған.
Дицентра – Германияда «жүрек гүлі» ретінде танымал болса, поляктар оны «Құдай-
Ананың туфлиі» деп атайды, ал француздар «Жанетта жүрекшесі» деп атаса, орыстар
«жаралы жүрек» деп атайды. Ал барлық ағылшын тілділер оны «қанды жүрек» деп
атайтын көрінеді. Қалай атаса да, әр елдің осы гүлмен байланысты өз тарихы бар.
Орхидеялар әлемнің ең әдемі гүлі болып табылады. Адамдар орхидеяға өте ертеден-
ақ қызығушылық танытып келеді. Бұл гүл туралы тарихи әңгімелер мен жазбалар өте
көп. Чарльз Дарвиннің өзі бұл гүлдің құпиясы мол гүл деп жазған болатын.
1.«Раушандар бағы» атауының шыққан жері
A)Қазақстан
B)Персия
C)Германия
D)Үндістан
E)Жапония
2.«Жүрек» ұғымымен байланысты гүл
A)Сакура
B)Раушан
C)Қызғалдақ
D)Орхидея
E)Дицентра
3.«Құпияға толы гүл» деген
сипатқа лайық
A)Орхидея
B)Сакура
C)Раушан
D)Дицентра
E)Қызғалдақ
4.Дүние жүзіне кең тараған гүлдің отаны
A)Ресей
B)Франция
C)Қазақстан
D)Германия
E)Жапония
2.23-мәтін
Әбунасыр ылғи да қолынан тастамай Аристотельдің «Физика» кітабын оқып жүреді
екен. Содан бір жолдасы:
– Сен мына кітапқа неге сонша қадалып қалдың? – деп сұрайды.
Сонда Әбунасыр:
– Бұл кітапты қырық мәрте оқып шықтым. Тағы да оқуым керек. Өйткені, әлі толық
ұғынып болған жоқпын, – деп түсіндіре жауап береді.
Әбунасыр ешқашан қолына алған кітапты бір не екі мәрте оқыпшығып қоя салмаған.
Қайта оның мағынасына толық түсінгенше ерінбей-жалықпай оқи берген.
Сөйтіп,кітапта баяндалғанжайлардың мән-мағынасына ой жіберіп, жаңа ұғымдардың
есігін ашып отырған. Сол есік арқылы өзі қалың ойдың ішіне кіріп, ғылым әлемінің
таңғажайып сырларына қанған, гүлзарларын шарлаған.
Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым,
философ. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында «Екінші Ұстаз» атағына
ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор. Оның 150-ге жуық
философиялық және ғылыми трактаты бар. Айналысқан ғылыми салалары:
философия мен логика, саясат иен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми
еңбектерінің ең әйгілісі «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы
трактат» деп аталады. Оның атақты «Музыка туралы үлкен трактат» деген
шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
1.Мәтінге лайық тақырып:
A)Ғылымға құштарлық
B)Қызығушылық
C)Кітап әлемі
D)Әлем сырлары
E)Таңғажайып әлем
2.Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы.
A)150-ден астам логика туралы зерттеулер
B)150-гетарта философиялық және ғылыми трактаттар
C)150-ге тарта философия және логика туралы трактаттар
D)150-ге тарта
музыка туралы трактаттар
E)150-ден астам ғылыми еңбектер
3.Мәтін мазмұнына қандай мақал сай келеді?
A)Білім ауысады, ырыс жұғысады.
B)Қас жаманға білім жұқпас.
C)Оқу білім азығы.
D)Өз білмегеніңді кісіден сұра.
E)Біле тұрсаң да, сұрап біл.
4.Әл Фарабидің «Бұл кітапты қырық мәрте оқып шықтым. Тағы да оқуым керек»
деген жауабы арқылы кейіпкердің қандай қасиетін көруге болады?
A)Енжарлық
B)Табандылық
C)Жігерсіздік
D)Талғампаздық
E)Алғырлық
2.24-мәтін
Жаңбыр – табиғаттың ерекше сыйы. Халқымыз жаңбыр жауса, «нұр жауып тур» деп
жақсы ырымға балаған. Өзге де елдерде жаңбырға қатысты не бір қызықты
мәліметтер бар. Мысалы, Кубада жаңбыр тек түскі уақытта, ал Тайландта түнде ғана
жауады. XVII ғасырда Ұлыбританияда жаңбыр туралы заң қабылданыпты. Заң
бойынша жаңбырды дұрыс болжамаған синоптик жазаланатын болған. Пара
қаласының тұрғындары уақытты жаңбырға қарап түзейді. Себебі бұл жерде жауын
күнделікті бір уақытта жауатын көрінеді. Ботсванада адамдар «пула» деп сәлемдеседі.
Бұл сөз «жаңбыр» деген мағына береді. Сонымен қатар ел валютасы да «жаңбыр» деп
аталады. Уганда тұрғындарын найзағаймен қорқыту мүмкін емес. Өйткені мұнда
жылына 250 ретнайзағайлы жаңбыр жауады. Сонымен қатар психологтар туған
күніңізде жаңбыр жауса, оны жақсылыққа балаңыз дейді. Егер сіз туған күні нөсер
жауын жауса, онда қызметтік мансабыңыз алға басады. Ал егер жаңбыр сіркіреп
тұрса, сол жылы қиыншылықтардың да аз болары хақ. Көбіне теңін таппай жүрген
жандардың туған күнінде біресе жауын жауып, біресе күн шығып тұрады. Және сол
жылы көптен күткен сыңарын тауып қалуы да әбден мүмкін. Көбісі туған күнінде
жаңбыр жауса, жабырқап жүреді. Ал мамандар керісінше бұған қуану керектігін
айтады.
1.Психологтардың пікірінше, туған күні нөсер жаңбыр жауса...
A)Жамандық шақырады.
B)Молшылық болады.
C)Қызметтік мансабыңыз сәтсіз болады.
D)Қиыншылық болады.
E)Қызметтік мансабыңыз алға басады.
2.Мәтіннің негізгі тақырыбы қандай?
A)Табиғат
тамашасы
B)Найзағай ойнайтын мезгіл
C)Синоптиктер болжамы
D)Ауа
райы туралы ақпарат
E)Жаңбырдың жерге әсері
3.Уақытты жаңбырмен болжайтындар
A)Угандалықтар
B)Паралықтар
C)Ұлыбританиялықтар
D)Тайландтықтар
E)Кубалықтар
4.Валюта аты жаңбырмен байланысты ел
A)Ботсвана
B)Пара
C)Тайланд
D)Ұлыбритания
E)Уганда
Достарыңызбен бөлісу: