E)Атасының айтқан өсиетін
орындады
3.18-мәтін
I.Туризм – кез келген мемлекеттің экономикасы мен әлеуметтік-қоғамдық өмірінде
ерекше орын алатын сала. Кез келген елдің халықаралық байланыстары мен
экономикасын дамытуға туризм өзіндік үлесін қоса алады. Сондай-ақ, сыртқы сауда
байланысын арттыру мен жұмыс орындарының анағұрлым мол ашылуы секілді
мәселелерге аталмыш сала өз әсерін тигізеді. Мемлекетімізде туризм саласын
дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Елімізде ішкі және сыртқы туризм бірдей өркендеп
келеді. Халқымыздың әл-ауқаты артып, ел экономикасы дамығалы еліміздің
азаматтары да туристік сапарларға жиі шығатын болды.
II.Туристік сапарларға арналған фирмалар біздің қалада көп. Теледидар жарнамалары
арқылы туристік фирмалармен танысуға болады. Ерсін де теледидар жарнамалары
арқылы бірнеше туристік фирмалармен танысып шықты. Ол достарымен ақылдаса
келе биылғы кезекті еңбек демалысында отбасымен туристік сапарға шығуды жөн
көрді. Туристік сапарға шықпас бұрын туристік бағдарламамен танысу керек. Ол өзі
таңдаған туристік фирманың бағдарламасымен танысу мақсатында фирмаға келді. Ол
Абай даңғылының бойында орналасқан екен. Абай даңғылының бойында үлкен
ғимараттар өте көп. Солардың бірі – Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы театр.
Ерсін іздеген туристік фирманың кеңсесі де осы театр жанында орналасқан екен.
Ерсін көп қиналмастан өзі іздеген фирманың кеңсесін тез тауып барды. Әріптестік
байланыс орнату арқылы жұмыстың сапасын арттыруға болады. Бұл туристік фирма
да қаламыздағы барлық туристік фирмалармен тығыз байланыста еңбек етеді. Фирма
қызметкерлері де сыпайы, мәдениетті екен. Олар келушілерге сапалы қызмет
көрсетуде. Ерсінге қызмет көрсеткен Жанар өз ісінің нағыз білгірі екен. Ол Ерсінді
қызықтырған сауалдарға жауап беріп, еліміздегі демалыс орындар туралы толық
мәлімет берді.
III.Ерсін ойлана келе Көкшетауға барып демалуды жөн көрді. Ол бала күнінен
Бурабай көлдерін, әйгілі Оқжетпес пен Жұмбақтасты көруге құмартушы еді.
Көкшетауды «Қазақ Швейцариясы» деп атайды. Бұл – атына заты сай жер. Көкшенің
биік таулары, тұнық мөлдір көлдері, хош иісті гүлдер мен жидекке толы ормандары
көрген адамды таңдандырады. Бурабайға баратын жол орманның арасынан өтеді.
Жолдың бойында өсіп тұрған ару ақ қайыңдар, қарағайлы ормандар, күміс күлкісімен
сылдырлап ағып жатқан мөлдір бұлақтар көздің жауын алады. Бурабай – минералды
суларымен, шипалы балшығымен белгілі аймақ.
«Жұлдыз» журналы
1.Мәтіннің стилі қандай?
A)Публицистикалық
стиль
B)Көркем әдеби стиль
C)Ресми іс-қағаздар стилі
D)Ауызекі сөйлеу стилі
E)Ғылыми стиль
2.Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай?
A)Мәтіндегі туристік фирма жұмысын мақтау
B)Қазақстан экономикасының ілгерілеуін мақтан ету
C)Табысты молайтудың жолдарын үйрету
D)Фирма қызметкерлерінің мәдениеттілігін жеткізу
E)Қазақстандағы демалыс орындарын насихаттау
3.Туристік фирма жұмысының сапасын арттыру жолы.
A)Өзге
фирмалармен байланыспау
B)Сыпайы қызметкер табу
C)Әріптестік байланыс орнату
D)Өзін-өзі жарнамалау
E)Демалыс орындарын ұйымдастыру
4.Елімізде ұжымдық саяхаттың неше түрі дамыған?
A)Екі
B)Бір
C)Үш
D)Бес
E)Төрт
5.Мәтін қандай үлгіде жазылған?
A)Ой
толғау
B)Әңгіме
C)Эссе
D)Мақала
E)Хикаят
6.Ерсін еңбек демалысын қалай ұйымдастыруды жөн көрді?
A)Отбасымен туристік сапарға шығу
B)Отбасымен шет елге шығу
C)М.Әуезов театрына бару
D)Отбасымен қаланы аралау
E)Отбасынсыз туристік сапарға шығу
3.19-мәтін
1.Темекі мен алкоголь бағзы заманнан-ақ денсаулық пен ақыл-есті тонаушылар деп
бекер айтылмаған. Бірақ, жас кезінде салауатты өмір шырқын бұзған қай қылығының
болашақтағы зардабы туралы кім ойланып жатады?
2.Олар тек шылым шеккен, ішімдік ішкен адамның ғана емес, басқалардың да өміріне
зиян тигізеді. Біздің өміріміздің қай саласын болсын – жұмыс, демалыс, отбасылық
қарым-қатынас жайын алайық – алкоголь етек алған жерде, адам үшін ең қымбатты
және ең қасиетінің барлық жағына: экономикаға да, тұрмысқа да, адамдардың
адамдық бейнесі мен сана-сезіміне де жағымсыз әсер етеді. Зиянды заттар адамды
адамдық кейпінен айырып, тұқым әулетін кемтар етеді, өздерін қылмысқа
итермелейді.
3.Зиянды әдеттер денсаулығың мен жұмыс қабілетіңді ғана емес, сұлулығың мен
бақытыңды да жойып жібере алады.
4.Саған бақыт пен жұмысқа деген қабілеттілікті темекі мен шарап сияқты заттарға
тәуелді етіп қоюға бола ма деген ой келуі мүмкін. Олар бақыт туралы арманның іске
асуына қалайша бөгет бола алмақ?!
5.Қорытынды жасауға асықпа. Зиянды әрекеттердің адам ағзасына тигізетін
кесапатын ғылыми түрде баяндамай-ақ, төмендегі мысалдан армандар мен
тағдырлардың оп-оңай күйреп, күл-талқан болатынын көруге болады.
6.«Мен созылмалы бронхитпен ауырдым, ота жасаттым – деп әңгімеледі жас бозбала.
Басым ауыратын болды, аузымнан шыққан жаман иіске айналадағы адамдар да назар
аударатын, содан өзімді ыңғайсыз сезінетінмін. Менің мінезім де бұзыла бастады:
таңертеңгілік, жанымда темекі болмай қалған кезде, мені көңілсіздік басып, ашу
қысатын, үйдегілермен немесе жолдастарыммен бірге болған кезде ұрынарға қара
таппай, өзімнен-өзім іштей «жарылып кететіндей» күйге енетінмін. Ақырында
мойындауым керек, шылымым мен ақшам таусылып қалған кезде, мен көшеде
балшықта жатқан шылым тұқылын алып, түбіне дейін құныға тартып тастайтын
болдым. Оның үстіне никотин жетпей қалған кездерде, қоқыс салынған шелекті
қопарып, оған бұрын тасталған шылым тұқылын іздеу мен үшін түкке тұрмайтын... »
7.Сенің арманыңның қаһарманы – артист, спортшы немесе ұшқыштың старт алдында
өзінің еркі мен мүмкіндігін жұмылдыратыны сияқты, сен де мәре алдында тұрасың.
Оны барынша жан-жақты, адамдық қасиеттермен қарсы алуың керек. Саған әр кез
мықты ерік-жігерің, нұрлы ақыл, ыстық қайратың мен салауатты өмірге деген
құлшынысың ақылшы болатынына сенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: