1208-нұсқа 1-мәтін Қазақ халқының ұлттық дәстүрлерінің ішінде бата беру ерекше орын алады.
Халықтың тілек-бата сөздері жас ұрпақты әдепті, сабырлы, зерделі, арлы болып
өсуге баулиды. Ұрпағының дәулетті, бақытты болуын тілейді.
Тілек-бата сөздер - халықтың өзімен бірге жасасып келе жатқан ежелгі мұрасы.
Бұлар - оның рухани өмірінде тұтастығын, бірлігін, салт-дәстүрін, адамгершілік
қасиеттерін сақтауда ерекше қызмет атқарады.
Болашақтың иесі - ұрпағына амандық, парасаттылық, өнер-білім, құт- береке,
ұзақ өмір, үлкен табыс тілеу - ежелден азаматтың асыл мұраты болса керек.