Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет141/243
Дата07.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#20464
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   243
Байланысты:
оқу сауаттылығы

4-  мәтін 
I. 
Қазақ  -  күнделікті  тұрмысын  малмен  тығыз  байланыстырған  халық.  Әсіресе  түйе  малын 
ерекше  бағалаған.  Қазақтың  жылқыдан  кейін  қадірлейтін  малы  -  түйе.  Көшіп-қону  үшін 
жылқыдан да артық бағалаған. «Бақырауық демесең, бағалы көлік - түйе ғой», «Нары бардың 
малы  бар»,  «Тамырыңнан  түйе  сұра,  қорыққаннан  бие  берер»,  «Көтерем  деп  түйеден  безбе, 
салтанатың  емес  пе?»  деген  ескі  мақалдардың  өзі-ақ  түйенің  көшпелі  тіршілікте  аса  құнды 
түлік болғанын анықтай түседі. 
II.  Түйенің жүні мен терісі - киім, сүті - сусын, еті - ас. Әсіресе түйе көш көлігі ретінде бағалы. 
Ол сиырдай емес, сирақты мал. Қыста суыққа, жазда ыстыққа тезімді, әсіресе шөлге, аштыққа 
шыдамды. Осынща шыдамдылығына, куаттылығына қарамастан, «шөк» десең, шөге қалатын, 
«айт-шу»  десең,  атып  тұратын,  «тіл  алғыш»,  жуас,  қайырымды  мал.  Түйе  түлігі  негізінен 
жайылымда  бағылып,  күтімді,  құнарлы  азық  пен  құрылысы  күрделі,  жылы  қора-жайды  аса 
қажет  етпейтіндіктен,  басқа  ауыл  шаруашылық  малдарымен  салыстырганда  тиімді  болып 
табылады.  Түйе  түлігі  күй  таңдамайды,  басқа  мал  жемейтін  қатты,  тікенді  өсімдіктермен 
қоректене  береді.  Түйе  күндіз  жайылып,  түнде  жатып,  күйіс  қайырады.  Бірнеше  тәулік  су 
ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады. 
III.  Түйе шаруашылығы Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғысгау, Қызылорда. Оңтүстік Қазақстан, 


 
Жамбыл  облыстарында  жақсы  дамыған,  Түйенің  шығу  тарихы.  Түйелер  -  ірі  табандылар 
отрядының түйе тұқымдасына жататын ашатұяқты сүтқоректілердің бір түрі. Қолда өсірілетін 
түйелердің арғы тегі - жабайы түйелер. Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Оның 
екі туысы бар: бірі - түйе, екіншісі - лама. Түйелер - шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік 
малы.  Түйелер  мен  таутайлақтардың  башпайларында  мүйізді  тұяқтары  болмайды.  Тұяқтың 
орнында  башпайларының  ұшында  ғана  доғаланып,  қисық  біткен  кішкене  тырнақ  өседі. 
Табаны  жалпақ  және  астыңғы  жағы  сүйелді,  жұмсақ  көнмен  қапталған.  Сондықтан  бұл 
жануарларды көнтабандылар деп атайды. Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, 
сірілі, түксіз тықыр жерлері болады, Түйе шөккен кезде сүйелді жсрлері ыстық құмның әсерін 
сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдап, шөгіп жата береді. 
IV.  Түйенің  дене  тұрқы  ірі.  Оның  салмағы  700-800  кг,  мойны  иір  және  ұзын.  Денесінің  әр 
жерінде  ұзын  шудалы  жүндері  болады.  Қүрғақ  далалы,  шөлейтті  және  шөлді  аймақтарда 
тіршілік  етуге  бейімделген.  Сондықтан  халық  түйені  «шөл  дала  кемесі»  деп  атайды.  Айыр 
өркешті  түйенің  қолға  үйретілген  жері  -  Орта  Азия.  Сыңар  өркешті  түйенің  қолға  үйретілген 
жері - Африка өңірі. Қазіргі кезде сыңар өркешті жабайы түйе жойылып кеткен. Айыр өркешті 
жабайы  түйе  Моңғолияның  Гоби  шөлінде  ғана  сақталған.  Түйені  төрт  түліктің  төресі,  киелі 
түліктің бірі деп есептеген. Түйенің пірін - «Ойсылқара», кей жерде «Қаусыл-қазы» деп атайды.  
13.  2-бөлімге сәйкес түйе шаруашылығының тиімді саналуының себебі 
A)  Жүні мен сүті пайдалы болғандықтан 
B)  Аса үлкен күтімді қажет етпегендіктен 
C)  Көшке жиі қолданатындықтан 
D)  Суға, ыстыққа төзімді болғандықтан 
E)  Тікенек шөппен қоректенетіндіктен 
14.  Мәтіннің төртінші бөлімінде айтылатын ой 
A)  Түйенің азығы туралы               B) 
Түйенің төлі туралы 
C)  Түйенің пайдасы туралы          D) 
Түйе туралы мақал-мәтелдер 
E)  Түйенің сипаты туралы 
15.  Халықтың түйені ”шөл кемесі" деп атауы неліктен? 
A)  Шөлде жолаушыларды көп таситындықтан 
B)  Шөлге шыдамды болғандықтан 
C)  Кемеге қатты ұқсатқандықтан 
D)  Жабайы түйелерден тарағандықтан 
E)  Ашатұяқ сүт қоректілерге жататындықтан 
16.  Мәтін мазмұнына алшақ ой 
A)  Түйе күндіз жатып, күйіс қайырады.  
B)  Түйе көнтабандыларға жатады. 
C)  Түйе алпыс күн аштыққа шыдайды. 
D)  Түйе малы көшке қолданылады. 
E)  Түйе отыз күн шөлге шыдайды. 
17.  Түйе өркешінен бөлінген суды пайдаланатын сәт 
A)  Көшкен кезде тоқтамай жүргенде       B) 
Тікенек шөптерді көп жегенде 
C)  Сусызда қалып, бірнеше тәулік су ішпегенде 
D)  Түнде күйіс қайырып жатқанда           E) 
Алыс сапарға шыққанда 
18.  Түйенің жойылып кеткен түрі 
A)  Жабағылы жас түйе         B) 
Сыңар өркешті жабайы түйе 
C)  Айыр өркешті түйе          D) 
Аруана түйе                             E) 
Қос өркешті түйе  
19.  Мазмұн реттілігін көрсетіңіз 
1.  Кисе - киім, ішсе - сусын 
2.  Төрт түліктің төресі 
3.  Түйенің қолға үйретілу тарихы 
4.  Қазақстандағы түйе шаруашылығы 
A)  3,2,1,4 
B)  3,2,4,1 
C)  2,3,4,1 
D)  1,4,3,2 
E)  4,3,2,1 


 
20.  Түйе малының халық үшін ерекше құндылығы неде? 
A)  Жуас мал болғандықтан.     
B)  Көш көлігі ретінде бағалы болған. 
C)  Өсімтал мал болғандықтан.     
D) Сирек кездесетін жануар болғандықтан. 
E) Түйе күніне бірнеше шелек сүт берген. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет