Қазақ Әдеби тілі (Билет сұрақтары)



Дата29.12.2023
өлшемі19,24 Kb.
#144723


ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ (Билет сұрақтары)



    1. Әдеби тіл туралы ұғымға, ол жайындағы екі түрлі концепцияның негізгі ерекшелігіне тоқталыңыз

    2. Көне түркі жазба ескерткіштерін қазақ әдеби тілінің қайнаркөздерінің бірі деп саналуының себептерін жазыңыз.

    3. Көне түркі ескерткіштер тіліндегі фонетикалық (дыбыс алмасулары), лексикалық (топоними калық, ономастикалық, шен атаулары, т.б. атаулар), грамматикалық (септік, жіктік жалғаулары, есімше ка тегориясы, қалау рай мен келер шақтың жіктелмеуі, т.б.) ерекшеліктерге мысалдар келтіріп, талдау жасаңыз.

    4. Ескерткіштегі мақал-мәтелдердің қазіргі мақал-мәтелдермен буын өлшемі, ырғағы, ұйқас түрімен ұқсастығын көрсетіңіз. Сөз басындағы й-ж, сөз ортасындағы з-д-й дыбыс алмасулары бар сөздерге мысалдар келтіріңіз.

    5. Ескерткіштер тілінде түркі тілдеріне ортақ, мағынасы жағынан қазақ тіліндегі сөздермен бірдей немесе жуық келетін сөздер мен топонимикалық атаулар жайлы жазып мысал келтіріңіз.

    6. Қыпшақ-ноғай тобына жататын тілдердің ең басты ерекшеліктерін мысалдар келтіре отырып, атаңыз

    7. Халық ауыз әдебиетінің әдеби тілге қатысы қандай дәрежеде екендігін жазыңыз

    8. Ауыз әдебиеті нүсқаларының тілінде кездесетін ерекшеліктердің ауызша тараған әдеби нұсқаларда көп кездесетіндігін түсіндіріңіз

    9. Ауыз әдебиетіне тән басты көркемдеуіш тәсілдеріне мысал (теңеу, метафора, шендестіру, т.б.) келтіріңіз. Олардың жыраулар поэзиясында кездесуінің мәнісін айтыңыз.

    10. «Дана Хикар сөзінің» морфологиялық ерекшеліктері мен қыпшақ тіліндегі орта ғасыр жазба ескерткіштерімен ұқсастықтарын көрсетіңіз

    11. “Дана Хикар сөзі” ескерткішінің сөздік қорын қазіргі қазақ тілінің негізгі сөздік қорымен салыстырып, қорытынды жасаңыз.

    12. Армян жазулы қыпшақ ескерткіштерін зерттеген ғалымдарды және басты ерекшеліктерін көрсетіп жазыңыз

    13. Қадырғалы Жалайыридің мұрасы және оның тілін кімдер зерттегенін жазыңыз

    14. Ескерткіштер тілі – ауызша және жазба әдеби тілдің бір арнасы бола алады ма? Себебін түсіндіріңіз.

    15. Қ.Жалайырдың «Жами ат-тауарих» шежіресінің тілдік ерекшеліктене тоқталыңыз. Лексикасы мен фразеологиясына тән негізгі белгілерді атап көрсетіңіз.

    16. Ауызша әдеби тілдің лексика-грамматикалық сипаты қандай? Ауыз әдебиетімен ұқсастықтарын және айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.

    17. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілінің тілдік сипаты қандай? Лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне мысалдар келтіріп, талдаңыз.

    18. Араб, парсы сөздер қабатының көбейе бастағанының басты себептерін жазыңыз

    19. Қазақ әдеби тілінің даму тарихын дәуірлеу мәселесімен айналысқан қандай ғалымдардың классификациясын білесіз? Жеке-жеке тоқталып, анализ жасаңыз.

    20. Қазақтың ұлттық әдеби тілі қай кезеңдерді қамтиды, оның лексика-грамматикалық сипатына тоқталыңыз


    1. Профессор С.Аманжолов, М.Балақаев, С.Исаев және Р.Сыздықовалардың қазақ әдеби тілінің тарихына қатысты жазған қандай ғылым еңбектерін білесіз. Ол еңбектерде қазақ әдеби тілінің қандай өзекті мәселелері орын алды. Себебін түсіндіріңіз.

    2. ХҮ-ХҮІІ ғғ. қазақтың ауызша дамыған төл әдебиетінің нұсқалары қандай? Олардың тілін зерттеуде кездесетін қиындықтарға тоқталыңыз.

    3. ХҮ-ХҮІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілінің лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне тоқталыңыз

    4. ХҮ-ХҮІІ ғғ. қазақ жазба әдеби тілінің көрінісі қандай? Себебін түсіндіріңіз.




    1. Бұхар жыраудың жаңашылдығы неде? Жырау тілінің тазалығын не арқылы дәлелдеуге болады? Шығармаларындағы көркемдеуіш элементтердің, тұрақты эпитеттердің қолданылуына нақты мысалдар келтіріңіз.

    2. Ақын мен жырауды қандай тілдік белгілеріне қарап айыруға болатынын түсіндіріңіз

    3. ХІХ ғ. І жартысындағы қазақ әдеби тілге тән қандай ерекшеліктерді білесіз? Функционалдық-стильдік тармақтар туралы түсіндіріңіз

    4. ХІХ ғ. І жартысындағы поэзия жанрының негізгі ерекшеліктері қандай? Зар-заман ақындарының тіліне тән ерекшеліктерді атап көрсетіңіз.

    5. ХІХ ғ. І жартысындағы қазақ әдеби тілінің грамматикалық сипаты қандай? Нақты тілдік бірліктер арқылы дәлелдеңіз.

    6. Ақындар мектебінің өкілдері кімдер? Ақындар мектебінің әдеби тілдің қалыптасу барысындағы рөлі қандай?

    7. Дулат және Махамбет ақын шығармаларының әдеби тілге қосқан үлесі қандай? Негізгі ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.

    8. Қазақ әдеби тіл лексикасына орыс сөздерінің ене бастауы және араб-парсы сөздері қолданылуындағы негізгі ерекшеліктерге тоқталыңыз

    9. Эпистолярлық стильдің тілдік сипаты қандай? Хаттарға шолу жасай отырып, тілдік ерекшеліктеріне талдау жасаңыз. 

    10. «Батыс құжаттары» мен «шығыс құжаттары» жайлы айтыңыз. ХҮІІІ-ХІХ ғғ. басты лексика-грамматикалық ерекшеліктері қандай?

    11. Чиң патщалығына жіберіліп отырған хаттардың саяси-экономикалық қарым-қатынас құрудағы рөлі мен лексика-грамматикалық ерекшеліктерін жазыңыз

    12. Махамбет өзіне дейінгі қазақ әдеби тілінің сөздік құрамы мен фразеологиялық құрамына қандай жаңалық енгізгенін атыңыз

    13. Дулат шығармашылығындағы перифраздардың қолданыстық ерекшеліктері қандай? Мысалдар келтіріп, себебін түсіндіріңіз.

    14. Образды сөздердің (қару-жарақ, ел-жұрт атаулары) тұрақты эпитетпен келуіне мысал келтіріңіз. Ғасырлар өткен сайын атаулардың эпитеттерсіз айтылуына назар аударып, тіл дамуының кейбір ерекшеліктерінің пайда болуын түсіндіріңіз

    15. Бұхар жырау шығармашылығындағы көркемдеуіш элементтер мен тұрақты эпитеттердің қолданылуына мысалдар келтіріңіз.

    16. Махамбет өлеңдеріндегі қырқаулану, қабырғасын сөгу, адырнасын ала өгіздей мөңірету сияқты қайталаулар, соны образдар жасаудағы ерекшеліктеріне тоқталыңыз




    1. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы қазақ поэзиясы тілі қалай дамыды? Осы кезеңдегі қисса жанры, оның тілдік көрінісі қандай? «Кітаби тіл», кітаби тілмен жазылған қиссалардың лексикалық, грамматикалық, емлелік ерекшеліктеріне мысалдар келтіріп, талдау жасаңыз

    2. Ұлттық жазба әдеби тілді қалыптастырудағы Ы.Алтынсарин еңбектерінің рөлін атап көрсетіңіз

    3. Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін қалыптастырудағы Абай шығармаларының орны туралы не айтасыз? Абай публицистикасы қазақ әдеби тілі функцоналдық стильдерінің қай түрін дамытуға үлесін қоса алды? Себебін түсіндіріңіз.

    4. Абай фразеологизмдерінің қолданыстық ерекшеліктерін көрсетіңіз, мысалдар келтіріңіз.

    5. Ұлттық қалыптасу дәуірінде қазақша ғылыми-көпшілік стильдің пайда болу ерекшеліктерін анықтаңыз

    6. Жазба әдеби тілдің қалыптасу барысындағы тіл тазалығы мен дәлдігі үшін жүргізілген күрес нәтижерелі туралы не білесіз? Себебін түсіндіріңіз.

    7. Ұлттық қалыптасу дәуірінде жазба әдеби тілдің лексикалық құрамы қалай толықты, оның нормалану жүйесі қандай болды? Мысалдар келтіріп, себебін түсіндіріңіз.

    8. Академик-жазушы М.Әуезовтің қазақ әдеби тілі тарихының мәселелері жайында жазған қандай ғылыми еңбектерін білесіз? Ол еңбектерде қандай өзекті мәселелер көтерілгенін анықтаңыз

    9. Қ.Жұбановтың ұлттық жазба әдеби тілдің терминологиясы мен емле ережелерін қалыптастырудағы орнын анықтаңыз

    10. Қоғамдық-публицистикалық стиль қай кезеңде пайда болды? Қоғамдық-публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.

    11. Соғыс жылдарындағы мерзімді басылымдар тілінің ең басты ерекшеліктерін жазыңыз

    12. «Қазақ» газетінің қоғамдық-саяси қызметі мен тілдік ерекшеліктері жайында жазыңыз

    13. А.Байтұрсынов – қазақ жазуының реформаторы. Қазақ әліпбиін жасаудағы А.Байтұрсынұлының рөлі туралы баяндаңыз

    14. Тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетінің қазақ әдеби тілі тарихындағы орны, Ресми іс-қағаздары мен құжаттардың үлгілері және ескі ресми іс-қағаздары үлгілерінің ерекшеліктерін көрсетіңіз

    15. ХХ ғ. басында терминдардың қолданысы мен қалыптасуы жайлы жазыңыз.

    16. «Қазақ» газетінің құрылымдық, жүйелік тұрғысынан, тілдік норма тұрғысынан оған дейінгі басылымдардан болған ерекшелігі мен артықшылықтарын атаңыз.

    17. ХХ ғ. мерзімді басылымдар арқылы тілге енген жаңа сөздер мен терминдер туралы жазыңыз. Мысал келтіріңіз.

    18. Соғыс жылдарындағы жазу үлгілерін бүгінгі күнгі жазудағы емле ерекшеліктерімен салыстырғанда қандай айырмармашылықтары бар екенін жазыңыз.

    19. Шәкәрімнің әдеби тілдің стильдерінің қызметін жандандыруға қосқан үлесі жайлы айтыңыз.

    20. Шәкәрім діни стильдің қалыптасуына қосқан үлесі жайлы айтыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет